Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински


Шешуді талап ететін күрделі мәселелер



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#6396
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

Шешуді талап ететін күрделі мәселелер 
Білім берудегі мемлекеттік инвестициялардың төмен деңгейі 
Білімге  жұмсалатын  мемлекеттік  шығындардың  жалпы  деңгейі  ЭЫДҰ  елдерінің,  сондай-ақ 
экономикалық  даму  деңгейі  ұқсас  басқа  елдердің  орташа  көрсеткішімен  салыстырғанда  төмен. 
ЖІӨ-нің  3,8%-ын  құрайтын  Қазақстанның  білім  бюджеті  ЭЫДҰ  орташа  көрсеткішінен  (5,6%) 
едәуір  төмен.  ЖІӨ-нің  2,1%-на  тең,  мектептегі  білім  беру  жүйесіне  бөлінетін  қаражат  көлемі 
(ТжКБ қоса алғандағы)  орташа білімнен кейінгі үшінші емес білімге шығындарды қамтитынына 
қарамастан,  ЭЫДҰ орташа көрсеткішінен (3,6%) едәуір төмен. Қазақстанда 2013 жылы халықтың 
бір  адам  басына  ЖІӨ-нің  11%  құрайтын, бір оқушы  басына шығындар  деңгейі ЭЫДҰ  елдерінің 
2011 жылғы көрсеткішінен едәуір төмен (2.3-кестені қараңыз).  

61 
2.4-
сурет
 
Халықтың
 
жан басына шаққандағы
 
ЖІӨ, 15 жастағы
 
оқушылар
 
арасында
 
математика
 
бойынша
 PISA 
орташа
 
нәтижелері
 
мен
 
бір
 
оқушы
 
басына
 
шығындардың
 
қатынасы, 20
12 
 
Ескерту

ел
 
айналасының
 
көлемі
 6 
және
 15 
жас
 
аралығындағы
 
бір
 
оқушы
 
басына
 
арналған
 
жиынтық
 
шығындарды
 
көрсетеді

Дереккөз

ЭЫДҰ
 (2014a), PISA-2012 
нәтижелері

оқушылар
 
не
 
біледі
 
және
 
не
 
істей
 
алады
 (I 
том

қайта
 
қаралған
 
редакция

2014  жылғы  ақпан
): 
оқушылардың  математика,  оқу  және  ғылымдар  бойынша  қорытындылары
,  PISA, 
OECD
  Publishing, 
Париж

http://dx.doi.org/10.1787/9789264208780-en

PISA-ға  2012  жылы  қатысқан  65  ел  арасында  Қазақстан  математика  бойынша  орташа 
қорытындылар мен бір оқушы басына жиынтық шығындар бойынша төменгі 20 елдің ішіне кіреді. 
15  жастағы  оқушылардың  оқу  жетістіктері  мен  олардың  оқуына  бөлінетін  қаражат  көлемі 
арасындағы байланысты тікелей деп айтуға болмаса да, зерттеулер оқушыларда оқу үшін қажетті 
материалдар мен русурстарға қолжетімділік болу үшін қаржыландырудың ең төмен деңгейі қажет 
екенін көрсетеді (Дүниежүзілік банк, 2013b). Бұдан басқа, шамамен 20 000 мың АҚШ долларына 
(сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша (СҚТ) халықтың бір адам басына ЖІӨ есептеуде) тең 
жоғары  табыстың  бастапқы  мәніне  жетпейтін  елдерде  ұлттық  әл-ауқат  пен  PISA  бағдарламасы 
бойынша  нәтижелер  арасында  корреляцияның  байқалу  мүмкіндігі  жоғары  (ЭЫДҰ,  2012)  
(2.4-суретті қараңыз). Қазақстан осы топқа жатады және бұл кейінгі экономикалық өсу мен білім 
шығындарының артуы оқу жетістіктерін жақсартуға көмектесе алатынын білдіреді.   
Қазақстанда білім беруге мемлекеттік шығындарды арттыру үшін едәуір мүмкіндіктер әлі де 
бар.  ЖІӨ  деңгейі  ұқсас  елдер  білім  беру  жүйесіне  пропорционалды  түрде  көбірек 
инвестициялайды.    Мектептерде  қажетті  ресурстардың  жетіспеушілігі  оқу  ортасының  сапасына 
зиян келтіруі мүмкін. Білім бюджеттерін ұлғайту білімнің теңдігіне кепілдік бермесе де, жоғары 
сапалы  білім  беру  қызметтерін  қамтамасыз  ету  үшін  ең  төмен  деңгей  қажет.  Білікті  мұғалімдер, 
тиісті  инфрақұрылым  және  оқулықтар  жеткілікті  көлемде  жетіспейтін  мектептегі  білім  беру 
жүйесі  сапалы  білімді  бірден  ұсына  алмауы  мүмкін.  Мектептегі  білім  беру  жүйесіне 
инвестициялардың жеткіліксіз деңгейі білім беру жүйесіндегі теңсіздікке де әкелуі мүмкін, себебі 
тапшы  ресурстар,  әдетте,  белгілі  бір  төмен  аудандарда  немесе  мектептерде  шоғырланады. 
Мысалы,  білім  беруді  қаржыландыруды  арттыру  Қазақстанда  соңғы  жылдары  бірнеше  «өсу 
нүктесінде», соның ішінде дарынды балаларға бағытталған «Назарбаев зияткрлік мектептері» ДБҰ 
(НЗМ)  желісіне  шоғырланған.  НЗМ-де  қазіргі  уақытта  оқушылардың  0,4%-ы  оқытылады,  осы 
ретте үлестік шығындар ел бойынша орташа көрсеткіштен үш есе арта түсуде. НЗМ Қазақстанда 
болашақ  білім  беру  реформасы  үшін  үлгі  ретінде  қызмет  етеді  деп  күтілсе  де,  қазіргі  салық-
бюджет  ортасын  ескере  отырып,  олардың  инновацияларын  ауқымды  енгізу  мүмкіндіктері 
шектеулі  болып  көрінеді.  Ұқсас  түрде,  PISA-2012  қорытындылары  Қазақстан  мектептері 
Luxembourg 
Qatar 
Macao-China 
Singapore 
Switzerland 
Hong Kong-China 
United Arab Emirates 
US 
Norway 
Netherlands 
Ireland 
Australia 
Denmark 
Austria 
Canada 
Sweden 
Belgium 
Germany 
Finland 
Iceland 
United Kingdom 
Japan 
France 
OECD average 
Italy 
Spain 
Cyprus 
New Zealand 
Chinese Taipei 
Korea 
Greece 
Slovenia 
Israel 
Portugal 
Czech Republic 
Slovak Republic 
Hungary 
Estonia 
Poland 
Russian Federation 
Croatia 
Shanghai-China 
Lithuania 
Chile 
Latvia 
Argentina 
Turkey 
Mexico 
Malaysia 
Romania 
Bulgaria 
Uruguay 
Montenegro 
Brazil 
Казахстан 
Costa Rica 
Serbia 
Thailand 
Colombia  Tunisia 
Peru 
Albania 
Jordan 
Indonesia 
Viet Nam 
350
400
450
500
550
600
650
0
10000
20000
30000
40000
50000
60000
70000
80000
90000
М
ат
ем
ат
ика 
бой
ы
нш
а 
ор
та
ш
а 
қор
ы
тынд
ы
лар
 (PISA 
20
12
 
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, (
СҚП, 
$) 

62 
арасындағы  оқушылардың  жетістіктеріндегі  едәуір  ерекшеліктерді  көрсетеді,  осы  ретте  кейбір 
ерекшеліктер  мектептерді  ресурстармен  қамтамасыз  ету  деңгейлеріндегі  айырмашылықтарға 
байланысты (Дүниежүзілік банк, 2014) (мектептер арасында ресурстарды бөлудегі бар теңсіздіктер 
туралы қосымша ақпарат бар 3-бөлімді қараңыз).  
Білім беруге мемлекеттік шығындарды ұлғайтудың жүргізілмеуі оның тиімділігіне және жұту 
қабілеттіне  қатысты  алаңдаушылықпен  байланысты.  Осы  Шолуды  дайындау  кезінде 
консультациялар  жүргізілген  бірқатар  мүдделі  тараптар  білім  беруді  қаржыландыруды  арттыру 
қажеттілігін  растайды,  бірақ  саланың  қосымша  қаражатты  тиімді  пайдалану  қабілетіне  қатысты 
күмән  білдіреді.  Алаңдаушылық  туғызатын  мәселелердің  бірі  –  бұл  бюджеттендіру  процесінде 
пайдалану  үшін  тиімділіктің  сапалы  көрсеткіштерінің  жоқтығы.  Қосымша  ресурстарды  тиімді 
пайдалану үшін басты кедергі мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде жеткілікті кадрлық 
әлеуеттің  және  бюджет  бойынша  шешімдерді  қабылдаған  кезде  пайдаланылатын,  тиімділіктің 
өлшеулі индикаторларының стратегиялық мақсаттарға байлану қабілетінің болмауы (Дулатбеков 
және  Асылбаева,  2013).  Саланың  стратегиялық  құжаттарында  қамтылатын  мониторинг 
индикаторларының  үлкен  тізбесіе  қарамастан,  мектептер  мен жергілікті  органдар,  әдетте,  оларға 
қоо  жеткізу  үшін  емес,  белгіленген  нормативтік  талаптардың  сақталуы  үшін  ғана  есеп  береді 
(5-бөлімді қараңыз).  
Жергілікті атқарушы органдар мен мектептердің жеткіліксіз дербестігі жақсартулар үшін 
әлеуетті шектейді 
Қазақстандағы мектептер мен ЖАО ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда, дербестіктің шектеулі 
деңгейіне  ие  (2.1-суретті  қараңыз).  ЖАО  мен  мектептер  дербестігінің  жеткіліксіз  деңгейі 
ресурстардың  тиімді  пайдаланылуына  кедергі  келтіреді,  себебі  жергілікті  билік  орындары  мен 
мектептер ресурстарды өздерінің белгілі бір қажеттіліктеріне сәйкес және өздерінің шарттары мен 
мәнмәтінін  ескере  отырып  пайдалана  алмайды.  Мысалы,  сарапшылардың  жергілікті  білім 
органдарының  біріне  сапары  мектептердің  біліктілікті  мұғалімдерді  ұстап  қалумен  байланысты, 
мұғалімдердің  жалақыларын  көтеру  бөлігінде  қиыншылықтарды  бастан  кешіріп  жатқанын 
көрсетті,  себебі  ол  орталық  деңгейде  белгіленеді.  Жалақыны  көтерудің  орнына  жергілікті 
органдар басқа шешім табуға және мұғалімдерге жалақыға үстемеақы төлеуге тура келді. Тағы да, 
осы  үстемеақыларды  ұсынуға  негіздер,  оларды  бөлу  үшін  рәсімдер  ұлттық  заңнамалық 
нормаларда айқындалған, осылайша, еңбекақы  төлеу жүйесін бұзбай үстемеақыларды  пайдалану 
мүмкін емес. Оғн қоса, ауқымды нормативтік талаптардың болуы мемлекеттік басқарудың әртүрлі 
деңгейлеріндегі  білім  шенеуніктерінің  ресурстарды  тиімді  пайдалану  үшін  жауапкершілігін 
төмендетеді.  Мұғалімдер,  мектеп  басшылары  мен  білімнің  жергілікті  шенеуніктері  мектептер 
қызметін  жақсарту  үшін  жолдарды  іздеуге  қарағанда,  нормативтік  талаптар  жүйесін  сақтауға 
көбірек көңіл бөледі. 
ЖАО  жергілікті  дамуға  қатысты  шешім  шығарудың  аз  ғана  еркіндігіне  ие.  Жергілікті 
қызметтердің мазмұны мен қамтуы аз ерекшеленеді (Махмұтова, 2001) және, шынымен, қосалқы 
ұлттық билік органдары өз саясатында ұлттық саясат пен мүдделерді қолдауға міндетті (Бхуйян, 
2010). Бюджеттік айналым биліктің жоғары тұрған деңгейі өз бюджетін қалыптастырғаннан кейін 
ғана  өз  бюджеттерін  құратын  қосалқы  ұлттық  органдар  дербестігінің  шағын  дәрежесін  анық 
көрсетеді.  Басшылықты  бастауыш  немесе  орта  біліммен  орталықсыздандыру  жергілікті 
қажеттіліктер мен мектептердің сапасына қатысты әрекет етуді жоғарылату үшін арналған, білім 
берудегі  инновацияларға  және  қаржылық  және  адами  ресурстарды  басқаруды  жақсартуға  ықпал 
етеді  (Оутс,  1972;  ЭЫДҰ,  2013c).  Сондай-ақ,  жергілікті  даму  тұрғысынан,  білім  беру  жүйесінің 
жоғары сапасы экономикалық қызмет пен балалары үшін мүмкіндіктерді кеңейту мен жақсартуға 
мүдделі тұрғындарды тартуға көмектесуі мүмкін. Алайда, жергілікті деңгейдегі кадрлық әлеуеттің 
жеткіліксіздігі теңсіздік пен тиімсіздіктің артуына әкелуі мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, орталық 
атқарушы органдар не істерін білмеуі мүмкін, ал жергілікті атқарушы органдар оны қалай істеуге 
болатынын білмеуі мүмкін (Берд, 1995).  

63 
Бюджетаралық трансферттер жергілікті қажеттіліктер үшін жеткіліксіз – бұл шара тек 
аздап теңестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді 
Бюджетаралық  трансферттер  негізінен  жергілікті  қажеттіліктердің  шектеулі  есебімен 
белгіленген келісімге тіреледі 
Соңғы 15 жылда Қазақстан бюджетаралық қатынастарды  жетілдіру үшін едәуір реформалар 
жүргізді,  мысалы,  бюджеттік  процестерді  және  шығындар  бойынша  міндеттерді  нақтылау,  бірақ 
едәуір  талаптар  мектептерде  ресурстарды  пайдалануды  анағұрлым  тиімді  және  әділ  басқаруға 
кедергі  келтіруді  жалғастыруда.  Проблемалы  мәселелердің  бірі  бюджетаралық  трансферттерді 
есептеу  кезінде  бюджеттік  келіссөздердің  маңыздылығы  және  қосалқы  ұлттық  деңгейде  білімге 
бюджетті  анықтау  болып  қалуды.  Бюджетаралық  трансферттер  барлық  салалар  бойынша 
индикаторлар мен коэффициенттердің ұзын тізімі бойынша есептелетін жергілікті бюджеттердің 
болжанатын  шығындары  мен  табыстарын  ескеретін  формулалардың  күрделі  жиынтығын 
пайдалана  отырып  есептеледі  (Қазақстан  Республикасының  Үкіметі,  2010).  Алайда,  осы  жалпы 
сипаттағы трансферттерде білім үшін арнайы бөлінген үлес жоқ, ал тиісті бюджеттік келіссөздер 
қаражаттың  оңтайлы  бөлінбеуімен  аяқталады,  себебі  әлеуетті  табыстар  мен  шығындарға 
қажеттіліктердің  объективті  индикаторларына  аз  көңіл  бөлінеді.  Білімге  жергілікті  деңгейде 
бюджетті  қалыптастыру,  басты  түрде,  мемлекеттік  басқарудың  төмен  тұрған  деңгейлері 
бюджеттік  өтінімдерінде  өз  табыстарын  төмендетіп,  шығындарын  жоғарылататын  келіссөздерді 
өткізуден  тұрады.  Дегенмен,  заңнамалық  нормалар  осы  келіссөздерде  маңызды  рөл  атқарады, 
себебі  олар  жергілікті  атқарушы  органдардың  құқығы  бар  білімді  қаржыландыру  көлемдерін 
анықтайды,  алайда,  қаржыландырудың  осы  көлемдері  бұрын  бекітілгендей,  жергілікті  білім 
қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі мүмкін. 
Бюджетаралық  трансферттер  мен  бюджеттік  процеске  қатысты  басқа  да  проблемалы 
мәселелер көтеріледі. Бхуйян (2010) айтқандай, қосалқы ұлттық атқарушы органдар ресурстарды 
пайдалану  саласында  дербестіктің  шектеулі  дәрежесіне  ие,  себебі  бюджетаралық  трансферттер 
үнемі  болжанбайды  және  жылдан  жылға  өзгеруі  мүмкін.  Махмұтова  (2006)  бар  бюджетаралық 
қатынастардың  алты  қосымша  кемшілігін  атап  көрсетті:  i)  барлық  деңгейлерде  бюджеттердің 
жеткілісіз  тиімді  жоспарлануы  мен  болжануы,  ii)  жергілікті  бюджеттерде  табыстардың  тұрақты 
көздерінің  жетіспеуі,  iii)  жергілікті  деңгейде  бюджетті  атқару  үшін  төмен  ынталандыру, 
iv)теңестірудің  әлсіз  тетіктері,  v)  жергілікті  деңгейде  мемлекеттік  активтерді  нашар  басқару, 
vi)жергілікті бюджетті атқару мен бақылаудың тиімсіз мониторингі.  
Тең қаржыландырмау елде бір оқушыға арналған шығындардағы үлкен айырмашылыққа әкеледі 
Бюджетаралық  трансферттер  қосалқы  ұлттық  органдар  арасындағы  және,  сәйкесінше, 
мектептер  арасындағы  бір  оқушы  басына  білімге  шығындарды  теңестіруге  жеткіліксіз  әсер 
беретінінің кейбір белгілері бар. Жоғарыда сипатталғандай, бір оқушы басына арналған  есептегі 
шығындар  да  Алматы  қаласында  ел  бойынша  орташа  деңгейден  төмен  39%-дан  Солтүстік 
Қазақстан  облысында  ел  бойынша  орташа  деңгейден  жоғары  50%-ға  дейін  әртүрлі  облыстарда 
қатты ерекшеленеді (2.4-суретті қараңыз). Бір оқушы басына шығындардағы үлкен айырмашылық 
аудандар арасында да байқалады. ҚР БҒМ сұратуы бойынша ЮНИСЕФ бүкіл Қазақстан бойынша 
175 мектепті қаржыландыру туралы есеп дайындады. Қорытынды есепте бір облыстың аудандары 
арасында және бір ауданға жататын түрі мен көлемі бірдей мектептер арасында бір оқушы басына 
шығындардағы маңызды айырмашылықтар көрсетілген (ЮНИСЕФ, 2012). 
Кейбір  қосалқы  ұлттық  органдар  басқаларға  қарағанда,  білімге  ресурстарды  көбірек 
бағыттайды және бір оқушы басына шығындар бүкіл ел бойынша бірдей болмауы тиіс болса да, 
бар айырмашылықтар қызметтерді көрсету құнына әрқашан байланысты болмайды. Алдағы есепте 
ЭЫДҰ  бір  оқушы  басына  шығындар  мен  қызмет  көрсету  құны  арасында  корреляция  орнатуға 
талпыныс  жасады.  Авторлар  Солтүстік  Қазақстан  және  Ақмола  облыстары  ауыл  және  шағын 
жинақталған  мектептердің  ұқсас  үлесімен  және  сыныптардың  салыстырмалы  көлемімен, 
мұғалімдер  мен  оқушылардың  қатынасымен  және  көлікпен  қамтамасыз  етілетін  оқушылар 
үлесімен  сипатталатынын,  бірақ  олардың  бір  оқушы  басына  шығындары  шамамен  2,5  есе 
ерекшеленетінін  анықтады  (ЭЫДҰ,  2014b).  Алматы  және  Жамбыл  облыстарында  мектептердің 

64 
ұқсас желілері бар және көлікпен қамтамасыз етілетін оқушылар үлесі Жамбыл облысына (80%) 
қарағанда  Алматы  облысында  (48%)  төмен  болса  да,  бір  оқушы  басына  шығындар  Алматы 
облысында 7 еседен артық төмен. Есепте сондай-ақ ірі қалалар, Астана мен Алматы арасындағы, 
мектептер  мен  сыныптардың  ұқсас  орташа  көлемдеріне  қарамастан,  айтарлықтай  айырмашылық 
көрсетілді.  Авторлар  сондай-ақ  бір  оқушы  басына  шығындар  өмір  сүру  құнымен 
корреляцияланбайтынын  анықтады  және  Солтүстік  Қазақстан  облысы  тұрудың  қолжетімділігі 
бойынша  ел  бойынша  үшінші  орында  тұрғанымен,  бір  оқушы  басына  шығындардың  орташа 
деңгейі – барлық облыстар барасында ең жоғарғылардың бірі екенін атап өтті (ЭЫДҰ, 2014b).  
Бюджетаралық трансферттерді артық пайдалану олар білім шығындары үшін ерекше маңызға 
ие болатынын білдіреді, себебі соңғылары 2011 жылы жергілікті бюджеттер шығындарының 30%-
ға жуығын құрады (үлесіне көлемі бойынша бюджеттің екінші бөлігі келетін секторға қарағанда, 
екі  есе  артық).  Өңірлік  және  жергілікті  деңгейдегі  ресурстар  мектептер  арасында  бөлінетін 
ресурстар  көлемін,  сондай-ақ  аудандар  мен  облыстар  қамтамасыз  ететін  қолдау  сапасын 
айқындайды.  ЭЫДҰ  (2014b)  есебінде  көрсетілгендей,  әдістемелік  бірлестіктер  үлкен  және  бай 
қалаларда  анағұрлым  даярланған  және  жарақтандырылған  кадрлармен  көбірек  жиынтықталған. 
Бұдан  басқа,  ресурстарды  қалыптастыру  үшін  әлеуеті  төмен  аудандардағы  шағын  жинақталған 
мектептер  базалық  жабдық  пен  оқу  материалдарының  тапшылығын  жиі  бастан  кешеді.  Дала 
зерттеулері  кезінде  шағын  жинақталған  мектептердің  директорлары  олар  тек  жалақы  төлеу  мен 
негізгі  инфрақұрылымға  қызмет  көрсету  үшін  (мысалы,  жылу  және  энергиямен  жабдықтау) 
қаржыландыру алатынын және оларда кітапхана үшін кітаптар сатып алу, Интернетке шығу және 
оқу  жабдығы  үшін  бюджеттің  жоқ  екенін  жиі  айтатын.  Бұдан  басқа,  жаңа  мектеп  жабдығы  мен 
«ақылды  тақталарға»  қызмет  көрсету  үшін  жеткіліксіз  қаржыландыру  бөлінеді,  осының 
нәтижесінде, осы жаңа жабдықтың дұрыс жұмысының бұзылу тәуекелі жоғарылай түседі.  
Консультация  мен  стратегиялық  тұжыымдаудың  шектеулі  деңгейі  стратегиялық 
жоспарлау әлеуетінің іске асырылуына кедергі жасайды 
Консультацияның  жеткіліксіз  деңгейі  жоспарлау  процестерінің  сапасы  мен  тиімділігін 
төмендетуі  мүмкін.  Қазақстанда  ресурстарды  пайдаланудың  стратегиялық  жоспарлануын,  мәні 
бойынша,  орталық  ұйымдастырушылық  иерархия  шегінде  жүзеге  асырады  және  нақты 
нормалардың  сақталуын  тексерудің  бюрократтық  процесі  арқылы  бақыланады.  Жоспарлау 
консультациялау кезеңдерін қамтымайды және нақты жергілікті шарттарды ескере отырып, жалпы 
стратегиялық  мақсаттарды  түзету  үшін  аз  мүмкіндік  қалдырады.  Мүдделі  тараптармен  бірге 
консультациялардың болмауы білім беру  стратегиялары елдің үлкен алуан түрлілігін толығымен 
көрсетпеуі мүмкін екенін білдіреді.  
Мүдделі тараптардың кең тобының қатысуы ЭЫДҰ-ның көпшілік елдерінде білім реформасы 
үшін бірінші дәрежелі маңызға ие. Жиі және ашық араласу және қатысу үшін мүмкіндіктер беру 
мүдделі  тараптардың  әртүрлі  деңгейлерінде  маңызды  және  тұрақты  қатысуға  септігін  тигізуі 
мүмкін. Мүдделі тараптар мұғалімдерді, мұғалімдердің кәсіптік одақтарының өкілдерін, мектептер 
мен  аудандар  басшыларын,  жергілікті  қоғамдастықтың  басқа  өкілдерін,  мысалы,  бизнес 
көшбасшылары мен ата-аналарды қамтиды. 
Арнайы  бастамаларды  әзірлеу  бойынша  маңызды  жұмыс  жүргізілгенімен,  елде  білім  беру 
жөніндегі  бірқатар  стратегиялар,  әртүрлі  мүдделі  топтардың  келешекке  деген  көзқарастарын 
қамтитын  білім  беру  болжамдары  жоқ.  Жақсы  ойластырылған  инклюзивті  стратегиялық  болжам 
ұзақ  мерзімді  заңнамалық  және  институционалдық  өзгерістерді  әзірлеу  үшін,  елдің  әртүрлі 
әкімшілік-аумақтық  бірліктеріне  қажетті  адами  және  қаржылық  ресурстарын  тиімді  жоспарлау 
үшін, іске асырудың нақты жолдарын анықтау үшін қажет. 
Сондай-ақ,  стратегиялық  құжаттарда  тұжырымдалған  саясаттың  жаңа  шараларының 
көпшілігі олардың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді табыстары мен шығындары бөлігінде немесе 
ресурстардың  келешек  қажеттіліктері  бөлігінде  жеткілікті  терең  талданбаған.  ҚР  БҒМ  іс-қимыл 
жоспары  кейбір  негізгі  әрекеттер  мен  қаржы  қажеттіліктерін  қамтиды,  бірақ  үлкен  реформалар 
табыстар  мен  шығындардың  терең  талдауынан  немесе  толық  қаржылық  зерттеуден  өтпеген 
сияқты.  Ұқсас  түрде,  мектептердің  бюджеттері  жаңа  инвестициялар  ағымдағы  шығындардың 

65 
арттырылуына  (мысалы,  бір  оқушы  басына  ауданды  үлкейту  бөлігінде)  немесе  төмендеуіне 
(мысалы, сыныптар көлемінің үлкеюіне байланысты) әкелген кезде сирек өзгереді. 
Саясат жөніндегі ұсынымдар 
Тиімділіктің  негізгі  мәселелерін  шешумен  бір  мезгілде  білім  беруге  жұмсалатын  жалпы 
шығындарды ұлғайту 
Табыс  деңгейі  ұқсас  елдермен  салыстырғанда,  Қазақстан  білім  беруге  жеткілікті 
инвестицияламайды.  Қазіргі  сәтте  білім  беруге  инвестицияланатын  ресурстар  деңгейі  саланың 
стратегиялық  құжаттарының  жоғары  мақсаттарына  сәйкес  келмейді.  Соның  салдарынан,  білім 
беруге арналған мемлекеттік шығындарды ЭЫДҰ стандарттарына (ЖІӨ-нің 5-6%) дейін біртіндеп 
арттыру  саланың  ұзақ  мерзімді  стратегиялық  құжаттарын  қолдауы  тиіс.  Сонымен  бірге  кейбір 
қаржы  стрестері  республикалық  бюджетке  келеді,  мысалы  2014  және  2015  жылдары  мұнай 
бағасының  төмендеуі  нәтижесінде  мемлекеттік  кірістің  төмендеуі  осы  мақсатқа  қол  жеткізуге 
септігін  тигізбейді,  үкімет  білім  беруге  арналған  мемлекеттік  шығындарды  біртіндеп  ұлғайту 
міндетінде  нақты  болуы  тиіс.  Сондай-ақ,  бұл  білім  беруге  жұмсалатын  шығындарды  мұнай 
талықсытпаларынан қорғау жолдарын зерттеудің маңыздылығын білдіреді; себебі алдыңғы қаржы 
дағдарыстары  білім  беру  секторына  қатты  соққы  берген  болатын.  Оқушылардың  бір  ұрпағына 
жеткіліксіз инвестициялар елдің экономикалық келешегіне ұзақ уақыт әсер етуі мүмкін.  
Білімге мемлекеттік шығындардың біртіндеп ұлғайтылуы кейінгі инвестициялар үшін, әсіресе 
бюджеттік  шектеулер  жағдайында  басымдық  алуға  тиісті  нақты  облыстар  туралы  идеялармен 
сүйемелденуі  тиіс.  Бұл  жүйеде  жан-жақты  талдауды  және  мүдделі  тараптардың  топтары 
арасындағы  кең  консультацияларды  талап  ететін  кешенді  шешім.  Талдаудың  бір  бөлігі  келесі 
инвестициялар  ұсынылмас  бұрын  қандай  облыстардың  тиімділікті  арттыру  үшін  анағұрлым  кең 
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететіні туралы бағалауды қамтуы тиіс. Осы талдау үкіметке егер олар 
кейінгі жылдары ұсынылатын болса, қосымша қорларды пайдалану жөніндегі стратегия әзірлеуге 
мүмкіндік береді. Осы есеп осы пікірталас бойынша бірқатар ұсыныстарды қамтиды, бірақ кейінгі 
шығындар үшін белгілі бір бағыттарды көрсетуге талпынбайды. 
Қазақстанға  көбірек  қаражатты  инвестициялау  қажет  салалардың  бірі  білім  берудің  ерте 
кезеңдері, әсіресе балалардың ерте білімі болып табылады. Бұл оқушылардың нашар санаттарын 
қолдау  бойынша  стратегияға  келесі  инвестициялардың  бөлігі  болуы  тиіс.  Дегдарлы  «өсу 
нүктелеріне»  шығындарды  (мысалы,  НЗМ)  арттыру  білім  беру  инновацияларын  ынталандыруы 
мүмкін болса да, бұл тәсіл өзінен-өзі оқушылардың көпшілігі үшін табысты қамтамасыз етпейді. 
АҚШ (Куна және басқалары, 2006) және Еуропа (Вуссманн, 2008)  тәжірибелері білімнің ең ерте 
кезеңдерінде  барлығына  арналған  сапалы  білімге  инвестициялау,  атап  айтқанда,  сәтсіз 
отбасылардан  шыққан  оқушылары  қолдау  көбірек  нәтиже  беретінін  көрсетеді,  себебі  ерте 
когнитивті  даму  кейінгі  өмірде  білім  мен  дағды  алуды  жеңілдетеді  (2.5-суретті  қараңыз).  Ерте 
білімнің әлеуметтік-экономикалық қорытындыларға маңызды ұзақ уақыт әсері үй ортасы білімнің 
кейінгі кезеңдерінде сәттілік үшін оларды қажетті негізгі дағдылармен қамтамасыз ете алмайтын, 
сәтсіз  отбасылардан  шыққан  оқушылар  үшін  ерекше  жоғары.  Барлық  адамдар  үшін  қажетті 
дағдыларға ие болу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету өсудің жоғары қарқындарын сақтау 
үшін, Қазақстан сияқты, ауыспалы экономикасы мен жұмыс күшінің шағын саны бар елдер үшін 
ерекше  маңызды.  Білімді  жақсарту  технологиялық  өзгерістерді  игеру  үшін,  бәрінен  бұрын,  
жұмысқа тұру, өнімділік пен икемділік мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.  

66 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет