Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдары



бет1/36
Дата18.01.2023
өлшемі155,73 Kb.
#61839
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
ВШК УЧЕБНИК

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 21 орта мектебі мкм


МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ МЕН БАСҚАРУ ЖҰМЫСЫН ДҰРЫС
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ .


МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ Қ.АЙТБАЕВ

2017 ЖЫЛ

Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысы дегеніміз не?
Мектепте оқу-тәрбие үрдісінің жұмысының қандай бағытта жүріп жатқанын және жұмыс сапасын,кемшіліктерімен ерекшеліктерін анықтау мақсатында кез келген атқарылған жұмыстан кейін мектеп әкімшілігінің бұйрығымен Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысы жүргізіледі.
Оқулық мектеп әімшілігіне, әсіресе жұмысты жаңа бастап отырған мектеп директорының орынбасарларына арналған.Оқулық негізінен практикалық-нұсқау кітапшасы болып табылады.Бұл оқулықта Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысы түбегейлі неден басталып немен аяқталатындығы көрсетілген.
Оқулық пен жұмыс істеу бойынша түсінік:
1.Оқулықта әрбір жұмысқа қысқаша түсінік беріледі,ол жұмыстың практикалық маңыздылығы,қалай және қашан атқарылып,қайда қаралатындығы көрсетіледі.
2.Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысының түрлері мен формалары беріледі.Оны түсіну үшін мұқият әрбір тексеру түрінің ерекшелігімен таныс болу керек.
3.Әрбір тексеріс түріне арналған үлгілер мен кейбір қосымша материалдар беріледі.Сол сызбанұсқалар мен үлгілерді дұрыс пайдалану керек.

1-ШІ БӨЛІМ.
МЕКТЕПТІҢ ӨТКЕН ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАСАЛҒАН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ САРАПТАМАСЫ-МЕКТЕПІШІЛК БАҚЫЛАУ МЕН БАСАҚАРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ.
Мектепілілік бақылау мен басқару жұмысы өткен оқу жылы бойынша мектептің оқу-тәрбие процессіне жасалған сараптама қорытындысынан басталады. Мектеп әкішілігі оқу жылының аяғында әрбір сала бойынша, яғни,мектептің жылдық жұмыс жоспарында белгіленген жұмыстың бағыттарына сараптама жасалады.Негізінен кез келген мектепте негізгі бағыттары төмендегідей болып табылады:
1.Оқу процессі
2.Тәрбие процесі
3.Әдістемелік жұмыс
4.Мектептің материалдық базасы
5.Оқушылардың білім сапасы.
Осы жоғарыда аталған салалар бірнеше бөлімдерге бөлінеді.
ЕСКЕРТУ: Сараптама қалай жазылуы керек?Сараптамаға : мектептің жылдық жоспарында қандай сұрақтар жоспарланды,ол жұмыс іске қалай асты,не істелді,не істелмеді,себебі,жіберілген кемшіліктер мен ұсыныстар, жұмыстың қорытындысы көрсетілуі керек. Осының бәрі қысқа түрде, мұғалімдердің аты-жөні,нақты фактілер көрсетілуі тиіс.Сараптама жазуда мына нәрсені ұмытпау керек,есеп жазуда әдеби тілдің қажеті жоқ,онда іскерлік /деловой язык/тілмен нақтылық қажет.
Біз мысалға өткен оқу жылының сараптама жұмысының қандай бөлімдерден тұратынын және жалпы сараптама жұмысының үлгісін төменде келтіріп отырмыз:
** ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 201*-201* ОҚУ ЖЫЛЫНДА ІСТЕГЕН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ.


  • Мектептің проблемасы:

  • Мектептiң мiндеттерi:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет