Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдары



бет36/36
Дата18.01.2023
өлшемі155,73 Kb.
#61839
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
ВШК УЧЕБНИК

Директор ******

10 БӨЛІМ.МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
Сонымен ,мектепішілік бақылау жұмысын жүргізуге қажетті аспектілердің бәрін жоғарыда қарап шықтық.Енді осы мектептегі бақылау жұмысы қалай жүреді,соған тоқталайық.Cебебі,бақылау мен басқару жұмысын жүргізу үшін біз сіздермен тиісті қажетті элементтердің бәрімен танысып қамтып шықтық.
Жоспарға сай бақылау жұмысы төмендегі саты бойынша жүріп отырады:
1.Мектепте айлық жоспар негізінде ,сол айға мектепішілік бақылау жұмысына арнайы бұйрық шығарылары.Бұйрықтың үлгісі №10 бөлімде көрсетілген.Бұйрыққа басшылықты негізінен директордың осы жұмысқа бұйрықпен бекітілген орынбасары басшылық жасайды,тексеру комиссияларының мүшелерін іріктейді,тексеру мерзімін анықтап белгілейді.
2.Осы шығарылған бұйрық бойынша жауапты директордың орынбасары,бұйрықта бекітілген комиссия мүшелерін жинап,тексеру жұмысы бойынша әр қайсысына тиісті жұмыстарын бөліп,түсіндірме жұмыстарымен тексеру бойынша арнайы жадынамалармен қамтамасыз етеді.Тексерушілер Мектепішілік бақылау туралы ережемен мұқият танысып,сол ережеге сәйкес жұмыс жүргізеді.Бұл ереже №5 бөлімде көрсетілген.
3.Директордың жауапты орынбасары тексерістің алдында тексерілетін мұғалімдерді немесе класс жетекшілерді және тексерілетін жұмысқа жауапты адамдарды шақырып бұйрықпен таныстырады.Оларға тиісті жадынамалар беріледі,тексерілетін адам сол жадынамадағы сұрақтарға дайын болуы ескертіледі.
4.Тексеру жұмыстары белгілеген уақытта бұйрық негізінде,тексерудің түріне байланысты алынған жадынамаларды басшылыққа ала отырып басталады
5.Тексеру жұмыстары аяқталған соң ,тексерушілер тексеру материалдарын тексеру комиссиясының төрағасына өткізеді,тексеру қорытындысымен таныстырады.Осы уақытта тексеру комиссиясының төрағасы тексерілген мұғалімді шақырып тексеру қорытындысымен таныстырып,тексеру кезінде анықталған кемшіліктер болса,ол кемшіліктерді жоюға 3-күн мерзім беріледі.Кемшіліктер жойылған жағдайда,тексеруші анықтамаға «кемшіліктер болды,бірақ тексеру кезінде жойылды» деп көрсетеді.
6.Тексеру жұмысы аяқталған соң,тексеру комиссиясының мүшелері,тексеру комиссиясының төрағасына тексеру қорытындысы туралы анықтаманы,тексерудің жұмыс материалдарын/бақылау,диктант,тест,анкета жұмыстарын/өткізеді.Яғни тексеру жұмысының ақпараттық жинақ банкісі қалыптасты.Тексеру жұмысы туралы толық ақпараттар жинақталғансоң,тексеру жұмысының жалпы анықтамасы жазылады.Бұл анықтама директор жанындағы отырыста талданады.Анықтама жүйелілікті сақтау үшін, тиісті жүйеден тұрады.Осы жүйені қатаң түрде сақтау керек.
7.Тексерілген жұмыстың қорытындысының жүйелілігі төмендегі тәртіппен сақталады.
Әрбір тексерілген жұмыс бөлек файлда жинақ папкасында болу керек.Папканың ішінде болатын материалдар:
7.1.Мектеп директорының осы тексеру жұмы бойынша шығарылған бұйрығы/10-бөлімдегіі бұйрық сияқты болу керек/
7.2.Комиссия мүшелерінің тексерген жұмыстарының анықтамалары мен жұмыс материалдары/бақылау,тест,диктант тб/
7.3.Тексеру жұмысының жалпы анықтамасы,мониторингі;
7.4.Тексеру жұмысының қорытындысы негізінде жіберілген кемшіліктер бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары.
СОҢЫ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет