Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдары


-БӨЛІМ. МЕКТЕПІШІЛІК БАСҚАРУ МЕН БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНА ҚАЖЕТТІ НЕГІЗГІ БҰЙРЫҚТАР ЖҮЙЕСІ



бет8/36
Дата18.01.2023
өлшемі155,73 Kb.
#61839
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
6-БӨЛІМ. МЕКТЕПІШІЛІК БАСҚАРУ МЕН БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНА ҚАЖЕТТІ НЕГІЗГІ БҰЙРЫҚТАР ЖҮЙЕСІ.
Мектепте кез келген жұмыс бұйрықтан басталады. Себебі, кез келген атқарылатын жұмыстың негізі болу керек.Сондықтан осы бөлімде Мектепішілік бақылау жұмысына НЕГІЗ болатын негізгі құрал-БҰЙРЫҚТАРҒА тоқталамыз.Мектептің кез келген жұмысы мектеп директорының бұйрығының негізінде жүргізіледі.Бұйрықтар нормативті, яғни, міндетті түрде циклограмма негізінде жүргізілетін және оқу –тәрбие процессі кезінде туындайтын бұйрықтар болып бөлінеді. Мектепішілік басқару мен бақылау жұмысы жүйелі түрде жүру үшін,ең бірінші бұйрықтардың алғашқысы ретінде- оқу жылының басталуы, мектеп әкімшілігінің функционалдық-қызметтік міндеттері сияқты бұйрықтардан басталады.Сіздерге сол бұйрықтың үлгісі ұсынылады.

6-1/ Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № ** орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

***** ауылы Бұйрық № 4 02.09.201*ж

«201*-201* оқу жылының басталуы туралы»

Білім туралы Қазақстан Республикасы « Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңнын 5 бабының 14 тармақшасына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің( бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №15396, Облыстық Білім басқармасының 2017 жылғы 01.07. №42-42/1832хаты және 09.08.2017ж №486-н бұйрығы, Талғар аудандық «Білім Бөлімінің» 2017 жылғы 10.08. № 271-н бұйрығына сәйкес

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:

1. Мектепте 201*-201* оқу жылының басталу мерзімі 201* жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін.
2.Оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныбында- 32 апта, бірінші сыныптарында -33 апта,2-11 сыныптарында 34 аптасын құрасын.Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнын кіріктірілуі ескеріле отырып,қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
3.1-11 сыныптарда күзгі каникул -7 күн/ 31қазан-5 қарашаны қоса алғанда/,
- қысқы каникул-10 күн/2017 жылғы 29 желтоқсаннан 2018 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда /,
- көктемгі 13 күн / 21 наурыздан 2 сәуірді қоса алғанда/
- Мектпеалды даярлық сыныптарында :
-күзгі каникул-7 күн /4-11 қарашаны алғанда/,
-қысқы каникул 14 күн/28 желтоқсаннан 10 қаңтарды қоса алғанда /
- көктемгі каникул -15 күн/ 21 наурыздан бастап 4 сәуірді қоса алғанда/
-Мектепалды даярлық сыныптарында күзгі каникул-7 күн/2017жылғы 30 қазан-5 қараша/,қысқы-14 күн/2017жылғы 25желтоқсан-2018 жылғы 7 қаңтар қоса алғанда/,көктемгі-15 күн /2018жылғы 21 наурыз-4 сәуір қоса алғанда.
- Мектепалды даярлық сыныптарымен бірінші сынып оқушылары үшін қосымша апталық каникул 7 күн /201*жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда/мерзімінде белгіленеді.
4.201* жылғы 1 қыркүйек – Білім күні « Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық сабақ өткізілсін.
5.Мұғалiмдер, оқушылар мед.тексеруден өткiзiлсiн. Жауапты мектептің мед бикесі.
6.201*-201* оқу жылының мектеп бойынша жалпы проблемасы мен әдiстемелiк проблемасы, мектептiң алдына қойылған мiндеттерi әдістемелік отырыстарда ,педкеңесте талқыланып бекiтiлсiн.
7.Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушылар тізімі алынсын,тарификацияға енгізіліп оқумен қамтылсын.Жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ****.
8.Мектепте сабақ І- кезек таңертег сағат 8.00 ден басталсын, ІІ- кезек 14 00 ден басталсын.
9. Мектептің материалдық базасын ескере келе үшінші сабақтан кейінгі үзіліс 10-15 минуттан болсын.
10.Мектепте класс кабинеттерінде СЭС талаптары қатаң түрде сақталсын. Жауапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,мектеп медбикесі,директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары*****.
11.Оқушылардың жоғарғы белсенділігін қамтамасыз ету үшін сабақта дене шынықтыру үзілістері/паузалары/ өткізу қарастырылсын.Жауапты пән мұғалімдері.
12.Оқушылардың жұмысқа қабылеттілігін оңтайлы деңгейін сақтау үшін оқу аптасының ортасында/сәрсенбі/ жеңілдетілген оқу күні өткізілсін. Жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары **** ,мектептің медбикесі.
13.Оқушылардың апталық оқу жүктемесі-бес күндік/инварианттық компонент бойынша/ 1-11 кластар бойынша,6-ші күні /вариативтік компонентн бойынша/ ,яғни сенбі күні жеңілдетілген сабақтар,спорттық жарыстың түрлерімен жұмыс жүргізілсін.
14.Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында күнделікті таңертеңгі жаттығулар,сондай-ақ үлкен үзілісте қозғалмалы ойындар өткізілсін.Жауапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.
15.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
Мектеп директоры: ****
Таныстым:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет