6-2/ Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № ** орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Бұйрық №80
09.09.201*ж *** ауылы.
«Мектеп басшылары арасындағы
қызметтік міндеттерді бөлісу туралы.»
Мектеп басшылары арасында қызметтік міндеттерді бөлісу арқылы мектепте оқу-тәрбие процессін жандандыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН :
Мектеп директоры ******* міндеттері:
Мектептің барлық жұмысына басшылық жасауға;
Оқу тәрбие жұмысының ұйымдастырылуына және оның сапасына:
Оқушылардың денсаулығын күшейту және оның өміріне;
Мектепте ұлттаралық қақтығыстарды болдырмау және ұлтаралық саяси жағымсыз жұмыстардың болдырмауын қадағалау міндеттеледі.
Мектеп қызметкерлеріне еңбек етуіне қолайлы жағдай жасауға;
Жалпы мектептік жылдық жоспарын жасауға міндетті.
Финанстік –құжаттарды заңға сай жүргізуге,заңға қайшылық болған кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертіледі
Мектеп ұжымының психологиялық микроклиматын сақтауға;
Қазақстандық патриотизм тұрғысында жұмыс жүргізуге;
Мектеп, ауыл, аудан, облыс өңiрiнде қоғамдық жұмыстармен iс-шараларға қатысуға;
Мектептен тыс жерде мектепке қатысты мектептiң iшкi жағдайы туралы мәлiметтердi жарияламауға ҚР «ЕТЗ».
ҚР өкiметiнiң саяси идеологиясын халыққа дұрыс насихаттауға;
Мемлекеттiк қызметкерлердiң тәртiбi мен әдептерiн /этикасын/ сақтауға;
Қатаң түрде ҚР «Еңбек туралы заңын»сақтауға мiндеттi.
Мемлекеттік тілде сөйлеуге және іс-құжаттарды жүргізуге
Мектепте мұғалімдермен жұмыс барысында әкімшіліктің әдептілігін сақтауға;
Мұғалімдермен жұмыс барысында жеке бастың теріс мінездерін көрсетпеуге/кекшіл болмау, сөз және қарым-қатынас мәдениетін сақтауға,әділетті болу,ұлтына жынысына,руына,жасына қарай бөлмеу тб/
Мектеп әкімшілігі арасында ауызбірлікті сақтауға,басқалардың ойын сыйлауға және онымен санасуға міндетті.
Аудан,облыс,министірліктің білім бөліміне қатысты бұйрығын және тапсырмасын уақытында біліктілікпен дұрыс орындауға ,оған жауапкершілікпен қарауға міндетті;