Біздің күшті, әлсіз жақтарымыз, мүмкіндіктеріміз бен қателіктеріміз. Біздің жетістіктерімізге қатер төндіріп тұрған қандай факторлар? Жетістікке қалай жетеміз?
Сапаны жүзеге асыру
Қандай стандарт, қалыпты анықтаймыз?
Сапаны қалай қамтамасыз етеміз?
Біз үшін бұл сапаның тиімділігі қаншалықты?
Кадр
Ұжым қызметкерлерін қалай таңдаймыз?
Ұжым және оның дамуына жеткілікті түрде жұмыс жүргізіледі ме?
Үдерісті бағалау
Көзделген нәтижеге жетпеген жағдайда, қателіктер жібергенде, оны түзетудің нақты іс әрекет механизімі бар ма? Нәтижелі жұмыс жасап жатқанымызды қалай білеміз?
Мәселелер, қауіп-қатерлер
Педагогтің оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлсіз жүргізуі, білім алушыларда зерттеуші ретінде жұмыс істеу дағдысының болмауы ,тақырыпты, зерттеу әдістерін таңдауда, теориялық материалдарды іріктеуде дербестік пен талдамалық дағдылардың болмауы
Зерттеушілік дағдысының қалыптасуын диагностикалаудың төмен деңгейі, психологтың қабілетті оқушыларды анықтау деңгейінде ғана жұмыс істеуі, оқушыларды жүйелі ынталандыру мен қолдаудың және дамудың болмау қаупі.
Мұғалімнің ғылыми жетекші ретіндегі жұмыс тәжірибесінің болмауы, зерттеу жүргізу тәжірибесінің болмауы, мектепте оқу-зерттеу қызметін жүргізу кезінде педагог-магистрлердің болмауы немесе олардың инерттілігі
ОҒҚ жұмысындағы формализм, жұмыстың эпизодтық сипатта болу қаупі, зерттеуді ұйымдастыру процесіне ОҒҚ мүшелерінің тартылу деңгейінің төмендігі, өнімсіздік қаупі
Дарынды балалардың дерекқорына мұғалімдердің қол жетімділігінің болмауы,диагностика жасау құралдарының болмауы
Жұмысты рәсімдеу мен қорғауға ұсыну талаптарының орындалмау қаупі, зерттеуді жүргізу үшін ресурстардың болмауы (материалдық, зертханалық, уақытша)