Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық процестер жүйелі
түрде зерттеуді талап етеді. Жүйелілік көзқарас өзара байланысты
элементтері көп болатын, функциялары мен мақсатының, басқару
және қызмет ету аялары біртұтас болатын құбылыстарға
қолданылады. Зерттеуші педагогикалық құбылыстың
компоненттерін және байланы- сын анықтауы керек; бұл жүйенің
қызмет етуіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтауы тиіс;
басқа құбылыстар мен процестер жүйесіндегі оның алатын
орнымен бағалауы тиіс; зерттеу мен өзгеретін нысан- дарды
айқындауы керек; зерттелетін құбылысты басқару процестерін
талдап білуі тиіс; жақсартылған қызмет ету жүйесін құруы; алынған
нәтижелерді практикаға енгізуі тиіс.