Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістері және түрлері Табиғатпен таныстыру әдістері



бет5/5
Дата02.02.2023
өлшемі31,57 Kb.
#64746
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістері

Экологиялық сабақ
Тақырыбы: Ақ жайығым - айдай ару мекенім (экологиялық мұражайға саяхат)
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, шығармашылық.
Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту.
Мақсаты: Балаларды өздері мекен еткен туған жердегі экологиялық жағдайларды табиғат және экология мұражайындағы мүсінді бейнелерден көре білуге, ондағы «Қызыл кітаппен» танысып, Ақжайық өңіріндегі аз қалған аң, құстарды, балықтардың аттарын білуге, өзен-көлдердің атын атауға, олар туралы тақпақ, мақал-мәтелдер білуге үйрету.
Көрнекілігі: құстар, аңдар, балықтар, көлдердің суреті, ғажайып алаң үстелі.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Шараның барысы: Экология мұражайына бару. Онда тәрбиеші балаларға Батыс Қазақстан облысын мекендейтін жануарларды, құстарды, жәндіктерді көрсете отырып әңгімелейді. «Қызыл кітап» туралы түсіндіреді.
Тәрбиеші: Ал енді біз мұражай қызметкерлеріне рахмет айта отырып, өз өнерлерімізді ортаға салайық. «Ғажайып алаң» сазды бағдарламамызды бастаймыз. «Ғажайып алаң» ойынының дөңгелек үстеліндегі бағыттаушыны айналдырып, түскен тапсырманы орындау.
«1» санына түскен тапсырма: Туған жер туралы тақпақтар оқу.
1-бала:
Ақжайығым айдай ару мекенім,
Жыл құсындай сағынышпен өтемін.
Туған жердің ажары мен айбары
Жер ұйығым сені мақтан етемін.
2-бала:
Жатыр әсем көл тұнып,
Көзіндей жас ботаның.
Құшақтаймын толқынын
Қуанышқа батамын.
3-бала:
Қазақ жері сәніміз
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер
Балдай бала шағымыз.
«2» санына түскен тапсырма: Батыс Қазақстанды мекендейтін құстарды ата.
1. Қарлығаш – достық құсы
2. Аққу – құс төресі
3. Бүркіт – жыртқыш құс
4. Көгершін – бейбітшілік құсы
5. Тоқылдақ – орман дәрігері т.б.
«3» санына түскен тапсырма: Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.
1. Туған жерге туың тік.
2. Туған жер – алтын бесік.
«4» санына түскен тапсырма: Біздің өзен, көлдерімізде мекендейтін балықтарды ата.
Сазан, шортан, ақ балық, ала бұға, бекіре, жайын, т.б.
«5» санына түскен тапсырма: Батыс Қазақстандағы өзен, көлдерді ата.
1. Жайық өзені
2. Шаған өзені.
3. Деркөл өзені.
4. Қара өзен.
5. Аңқаты өзені.
6. Шалқар көлі т.б.
Тәрбиеші: балалар, сендердің «Ғажайып алаң» ойынына қатысып, өз білімдерің мен өнерлеріңді ортаға салғандарың үшін алғыс айтамын. Әрқайсысыңа номинация бойынша мақтау қағазы тапсырылады («ақылды», «өнерлі», «білімді» т.б.).
Қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет