Мақсаты: Балаларды мерекелік базарлық дайындауда, бөлмені безендіруге ат салысуға ынталандыру. Мәдениет көздеріне, қазақтың ұлттық дәстүрлеріне баулу. Қазақстанда ересек адамдарға (оларды сыйлап, қадірлейді, олардың кеңестеріне құлақ түреді) және балаларға (оларға қамқорлық көрсетеді, қорғайды, еркелетеді) деген қарым-қатынас ерекше екені туралы білім беру. Ересектер мен балалар осы отбасылық мерекені ұнататыны және осы мерекеге дайындалатыны туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.