Бағытты өзгерте отырып жүру және жүгіру. Гимнастикалық орындық бойымен жүру (орындықтың биіктігі 30 см, көлемі 20 см).
Мақсаты: Заттардың үстінен қос аяқтап екпінмен еденнен итеріліп қарғуды үйрету. Қимылдың бағытын өзгерте білуді, саптізбектің ретін бұзбай жүру мен жүгіруді алмастыруға жаттықтыру. Жоғарғы тіреуіште тепе-теңдікті сақтауға жаттығу.
Заттың үстінен қос аяқпен секіру (биіктігі — 5 см)
Мақсаты: Допты тігінен төменге еденге лақтыру және секірген допты екі қолымен қағып алуды үйрету. Екпінді итеріліп және жартылай бүгілген аяқпен заттың үстінен жерге жеңіл түрде секіріп түсе білуін бекіту. Ойын: «Асық әперші»