Тез қарқынмен жүгіру (арақашықтығы 10 см). Гимнастикалық қабырғаның 2 көлденең салмаға қойылған тақтай бойымен еңбектеу.
Мақсаты: Бір аяқпен екпінмен итеріліп, екінші аяққа түсіп, аяқпен алма-кезек секіруді орындауды үйрету. Тез қарқынмен жүгіру, белсенді қол қимылдарын қадаммен үйлестіру, шеңберді тарылтпай жүгіру білігін бекіту. Көлбеу тақтай бойымен еңбектеу, қимыл координациясын дамытуға жаттықтыру.
Ойын: «Құламай айнал».
1
55
Негізгі қимыл:
Көлденең нысанаға қос қолмен төменнен лақтыру
(арақашықтығы 1,5 м). Аяқпен алма-кезек секіру.
Мақсаты: 15 см диаматрлік допты көлденең нысанаға қос қолмен төменнен лақтыру, доптың артынан қолдарын жазу, көзмөлшерін дамытуды үйрету. Аяқпен алма-кезек секіруде бір аяғымен екінмен итеріліп, денені және басын тік ұстай білуін бекіту.