Сызықтардың үстінен қос аяқпен секіру (бір-бірінен 1 м арақашықтықтағы 4 сызық).
Музыкалық-ырғақты қимылдар (жүру, отыру). Бір-біріне доп лақтыру және оны қос қолмен қағып алу (қос қолмен бастан асыру тәсілі, саптың арасының арақашықтығы 2 м).
Мақсаты: Бірнеше сызықтардың үстінен біртіндеп секіру, бір мезгілде қос аяқпен екпінді итерілу, денені алға қарай еңкейтпей, аяқтың ұшымен жерге түсуге үйрету. Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеуді: тізені жоғары көтеріп ырғақпен жүруді орындау, бір қалыпты отыруды орындай білуді бекіту. Допты бастан асыра қос қол тәсілімен бір-біріне лақтыруға жаттықтыру.