Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы «Білім туралы»



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата30.12.2016
өлшемі1 Mb.
#804
1   2   3   4

 

Изолятор 

Қажетті  

Балаларға арналған төсек-орын жиынтығы 



ж-қ 



Балаларға арналған төсек 

дана. 


Матрас 



дана. 



Көрпе 

дана. 


Жастық 



дана. 



Төсек жапқыш 

дана. 


Балаларға арналған үстелі 



дана. 



Балаларға арналған орындық 

дана. 


Балаларға арналған қақпағы бар түбек 



дана. 

10  Бөлме термометрі  



дана. 



 



Дезинфекциялық дәрілерді дайындауға арналған жабдық 

Қажетті 

Бак 40л. 



дана. 



Шаңсорғыш 

дана. 


Тазалық құралдарына арналған шкаф  



дана. 



19 

 

 



Мектепке дейінгі ұйымның аумағында 

ойын аймағына арналған құрал-жабдық

 

 

№ 



Жабдықтың атауы 

Өлшем 

бірл. 

1 топтың 

ойын 

аймағына 

арналған 

саны 

Қажетті 

Үлкен көлемді ойыншықтар жиынтығы 



ж-қ 



Төбешіктер жиынтығы 

ж-қ 


Дара және қос әткеншектер жиынтығы  



ж-қ 



Велосипед 

д. 


Құмсалғыш  



д. 

6.  Алтыбақан  



д. 

7.  Спорттық конструкциялар жиынтығы  



ж-қ 

8.  Едені жылу өткізгіш материалдан жасалған 15 орынға арналған 



отырғышы бар қалқа (жинамалы конструкция) 

ж-қ 


 

 



 

 

 



 

                                       

20 

 

Жиһазға, жабдыққа және құралдарға қойылатын техникалық талаптар 



 

Жиһаз 

 

Жылжымалы тұғырдағы маркер тақтасы 

Дөңгелектері бар, жиналмалы металл құрылымға бекітілген тақта. Жұмыс 

кезінде қозғалмайтын, орнықты құрылым.  

Жұмыс  бетін  көлемі  бойынша  таңдап  алуға  болады  -  600мм*900мм, 

600мм*1200мм,  900мм*1500мм,  1200м*2400мм.  Жұмыс  беті  ақ  түсті. 

Маркермен  жазуға  арналған  жоғары  сапалы  ақ  түсті  пластикпен  қапталған. 

Қолданылмайтын  артқы  жағы  мырышпен  қапталған  қаңылтыр.  Екі  қабаттың 

арасында толтырғыш зат бар. Тақтаның қалыңдығы  10 мм.  

Ілуге  арналған  металл  бекіткіштері  бар.  Тақтаның  шеті  алюминиймен 

жиектелген, пластик бұрыштары бекіткіштермен біріктірілген. Жиектерінің ені 

- 19 мм. Төменгі жиегінде бордың үгіндісіне арналған ернеу орналасқан. 

 

Компьютер үстелі 

Негізгі  үстелден  және  қос  дөңгелекті  тумбадан  тұрады.  Негізгі  үстел. 

Тұғырлы бөлік, қақпақ, ЛДСП-16 мм әртүрлі элементтер. Түсі шамшат немесе 

ашық  түсті  басқа  ағаш  реңді.  Жиектері  ПВХ  0,4  мм,  қақпағында  2  мм. 

Қақпағының  көлемі  1400х650  мм.  Қақпағының  еденнен  биіктігі  750  мм. 

Қақпағының  оң  және  сол  жақ  бұрышында  жалғанатын  кабельдерге  арналған 

қақпақты тесіктері бар.  

Қақпақтың  астында  клавиатураға  арналған  сырғымалы  панель  бар. 

Үстелдің үстінгі жағы царгамен қапталған. 

Үстелдің сол немесе оң жағында жүйе блогына арналған бөлік орналасқан. 

Бөліктің  ішкі  жағының  ені  230  мм.  Жанындағы  тіреудің  жоғарғы 

бұрышында жалғанатын кабельдерге арналған қақпақты тесіктер бар.   

Дөңгелекті тумбада үш жылжымалы жәшік бар. Жәшіктердің тұтқасы бар.  

Тумбаның ені 420 мм. Биіктігі 596 мм.  Материалы ЛДСП 16 мм, шамшат 

түсті немесе ашық түсті басқа ағаш реңді. Жиектері ПВХ 0,4 мм. 

 

Жұмыс үстелі 

Қақпағы, царга және 16 мм ЛДСП бүйір тіреулері бар, жиектері ПВХ      2 

мм және 0,4 мм. Үстелдің габариті: еденнің деңгейінен 760 мм, ұзындығы 1200 

мм, ені 600 мм. 

 

4 балаға арналған үстелдер 

Материалы: ламинатталған ДСП (ЛДСП), жуандығы 16 мм. 

Үстелдердің  түсі  –  қызыл,  сары,  жасыл,  көк  немесе  ағаш,  мысалы, 

«шамшат»  түсті.  Үстелдердің  аяқтары  реттеледі,  биіктігі  баланың  жасы  мен 

бойының  ұзындығына  байланысты  болады.  Үстелдердің  2  мм  ПВХ  соққыға 

қарсы  жиегі  немесе  қорғаныш  көмкермесі  болуы  тиіс,  бұл  оларды  ұзақ  уақыт 



21 

 

қолдануға мүмкіндік береді, ал жұмырланған бұрыштары баланың қауіпсіздігін 



қамтамасыз  етеді.  Үстелдерді  таңбалау  жас  тобына  сәйкес  болуы  тиіс.  Үстел 

мен орындықтың биіктіктері баланың бойына сәйкес өзгертіледі. 

 

Басшыға арналған үстел жиынтығы  

Білім  беру  ұйымының  әкімшілігі  ұйымның  құрылымына  және  кабинеттің 

көлеміне  қарай  дербес  таңдайды.  Басшының  жұмыс  аймағын  құрайтын 

жетекшінің  үстелінен,  компьютер  үстелінен,  үстелге  қосымшадан,  тумбадан 

тұрады. Жиһаздың сапасы мен эстетикалық сыртқы түріне қойылатын талаптар 

сақталуы қажет. 

 

Кабинетке арналған  үстелдер 

Білім  беру  ұйымының  әкімшілігі  кабинеттің  түріне,  оның  көлеміне  және 

ұйымның құрылымына  қарай дербес таңдалады. Бұл тумбалы үстелдер немесе 

дөңгелекті  тумба,  үстелге  қосымша,  жұмыс  үстелдері,  жеке  тумба,  сегменттер 

және  т.б.  болуы  мүмкін.  Жиһаздың  сапасы  мен  эстетикалық  сыртқы  түріне 

қойылатын талаптар сақталуы қажет. 

 

Жартылай жұмсақ орындық 

Тірегі – металл аяқтары рама негізге 3,0х1,5мм көлемдегі сопақ профильге 

балқытылып бекітіледі. Қаңқасы полимермен қапталады. 

Отыратын орнының көлемі 430ммх470 мм. Еденнен биіктігі 480 мм.   

Арқалығының ені 490 мм. Арқалығының биіктігі  - 350 мм. Арқалығы мен 

орындығы  жартылай  жұмсақ.  Жиһаздық  матамен  қапталған.  Аяқтарында 

пластик  тығындары  бар.  Орындығы  мен  арқалығының  сырт  жағында  сәнді 

пластик қақпақ бар. 

 

Балалар орындықтары  

Орындықтың  отыратын  орны  және  арқасы  жоғары  сапалы  ылғалға  және 

қызуға  тұрақты  бүгіліп  жапсырылған  жуандығы  8  мм  шереден  дайындалады, 

түссіз лакпен боялады. Бұрыштары жұмырланған болады. Отыратын орнының 

биіктігі жас тобына байланысты болады.  

Үстел  мен  орындықтың  биіктіктері  баланың  бойына  сәйкес  өзгертіледі. 

Үстел мен орындықтың түстері бір-біріне сәйкес келуі тиіс. 

 

Жартылай ашық шкаф 

Габаритті көлемдері - 800 мм х 420 мм х 1930 мм. Жоғарғы бөлігінде ашық 

үш сөре болады. Ашық бөлігінің биіктігі - 1080 мм.  

Төменгі бөлігінде екі сөре, екі есік, тұтқамен бірге ішкі құлып бар.   

Сөренің тұғырлы бөлігі, қасбеттік бөлігі - ЛДСП 16 мм, артқы қабырғасы - 

ДВП 4 мм. Жиектері - ПВХ 0,4 мм. Шамшат түсті. 


22 

 

Құрастыру  6,3х50  конфирманттардың  көмегімен  жасалады.  Есіктерге 



арналған  ілгектің  сырты  еуропалық  жұқа  тақтайшамен  қапталған.  Жиһаздың 

аяқтары тегіс емес еденде биіктігі бойынша реттеледі.  

 

Жабық шкаф  

Габаритті көлемдері – 800 мм х 420 мм х 1930 мм. Жоғарғы бөлігінде үш 

сөре бар. Екі есігі, тұтқамен бірге ішкі құлпы бар.  

Төменгі бөлігінде екі сөре, екі есік, тұтқамен бірге ішкі құлып бар.   

Сөренің тұғырлы бөлігі, қасбеттік бөлігі - ЛДСП 16 мм, артқы қабырғасы - 

ДВП 4 мм. Жиектері - ПВХ 0,4 мм. Шамшат түсті. 

Құрастыру 6,3х50 конфирманттар көмегімен жасалады. Есіктерге арналған 

ілгектің  сырты  еуропалық  жұқа  тақтайшамен  қапталған.  Жиһаздың  аяқтары 

тегіс емес еденде биіктігі бойынша реттеледі.  

 

Ашық шкаф  

Габаритті көлемдері – 800 мм х 420 мм х 1930 мм. Бес сөре. Есіксіз. 

Сөренің тұғырлы бөлігі, қасбеттік бөлігі - ЛДСП 16 мм, артқы қабырғасы - 

ДВП 4 мм.  Жиектері - ПВХ 0,4 мм. Шамшат түсті. 

Құрастыру 6,3х50 конфирманттар көмегімен жасалған. Жиһаздың аяқтары 

тегіс емес еденде биіктігі бойынша реттеледі.  

 

Киімге арналған шкаф 

Габаритті көлемдері 800 мм х 540 мм х 1930 мм. Сөренің тұғырлы бөлігі, 

қасбеттік бөлігі - ЛДСП 16 мм, артқы қабырғасы - ДВП 4мм. Жиектері  - ПВХ 

0,4 мм. Шамшат түсті.  

Жоғарғы бөлігі бас киімдерге арналған. Оның астында киім ілуге арналған 

ілгіш бар.  

Құрастыру  6,3х50  конфирманттардың  көмегімен  жасалады.  Есіктерге 

арналған  ілгектің  сырты  еуропалық  жұқа  тақтайшамен  қапталған.  Жиһаздың 

аяқтары тегіс емес еденде биіктігі бойынша реттеледі.  

 

Кабинетке арналған шкафтар  

Білім  беру  ұйымының  әкімшілігі  кабинеттің  түріне,  көлеміне,  ұйымның 

құрылымына  қарай  таңдайды.  Бұл  жартылай  шыныланған,  ашық,  жабық,  киім 

ілетін  және  т.б.  болуы  мүмкін.  Әртүрлі  көлемдегі  және  жиынтықта  болады. 

Жиһаздың  сапасы  мен  эстетикалық  сыртқы  түріне  қойылатын  талаптар 

сақталуы қажет.   

 

Бір кісілік ағаш кереует 

Төсемі  қатты  материалдан  -  ағаштан  жасалады.  Кереуеттің  материалы 

ашық түспен боялған. 1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған кереуеттің төрт 

жағы қоршалған, ұзындығы 1,2 м, ені 0,6 м болуы керек. Қоршауының еденнен 

биіктігі  –  0,95  м.  3-тен  6  (7)  жасқа  дейінгі  балаларға  арналған  -  ұйықтайтын 


23 

 

орын  -  1,4  м,  ені  0,6  м.  Балалардың  жасына  байланысты  бір  балаға  2  м



алаң 


мөлшерін  сақтағанда,  жататын  орынның  биіктігі  еденнен  0,5  немесе  0,3  м 

құрайды.  

 

 

Балаларға арналған үшқабатты тумба-кереует 

Төсемі  қатты  материалдан  -  ағаштан  жасалады.  Кереуеттің  материалы 

ашық  түспен  боялған.  3-тен  6  (7)  жасқа  дейінгі  балаларға  арналған  - 

ұйықтайтын орынның төменгі қабаты 1400 мм, ені 600 мм, жинақталған түрдегі 

мөлшері  1530х710х720  мм,  бірінші  қабаттан  еденге  дейінгі  биіктігі  180  мм, 

екінші қабатқа дейін – 360 мм, үшінші  қабатқа дейін  – 580 мм. Биіктігі  70 мм 

аспайтын кереуетке арналған матрастар қолданылады.  

 

Интерактивті жабдық 



 

Жүйе блогы 

 

Intel  Core  i5  немесе  ұқсас  Cooler  процессоры.  Чипсетімен  бірге  аналық 

плата.  Көлемі  HDD  –  500  Гб.  Жедел  жадының  көлемі  -  8  Гб.  Бейне  жадының 

көлемі  –  1024  MB,  бейнекарта  HDMI,  DVI-D  Adapter.  6  портов  USB  2.0.  Желі 

түрлері DVD±RW.  ATX 400W 24pin. USB  Пернетақта  Kaz/Rus/Lat. Оптикалық 

тышқан 800dpi USB. Резеңке негізінде матадан жасалған төсем.  

Жүйелік карта Wi-Fi. Жүйелік стандарт: IEEE 802.11a, IEEE 802.11b, IEEE 

802.11g, IEEE 802.11n. Интерфейс PCI. 

Microsoft  Windows  8.1  PRO  операциялық  жүйесі  немесе  Word,  Excel, 

PowerPoint,  OneNote  офистік  бағдарламалармен  қамтамасыз  етілген,  доменге 

орыс тілінде кіру мүмкіндігі бар ұқсас лицензиялы операциялық жүйе.  

Ғаламтор  жүйесіндегі  өнімнің  орыс  тілді  нұсқасына  офистік  қосымшалар 

біріктірілген.  Үстелге  қойылатын  қосымшалар:  Word,  Excel,  PowerPoint, 

OneNote.  Microsoft  Office  2013  Home  and  Business  жүйесін  қолдануға  болады 

(бір  мезгілде  5-тен  астам  лицензиялар  сатып  алған  жағдайда  Microsoft  Office 

Std 2010 RUS AE жүйесін орнатып алу мүмкіндігі бар). 1 жыл белсенді қорғау 

және жаңарту қызметімен қамтамасыз етілген антивирустық бағдарлама. 

 

Монитор 

LCD. Диагоналы 21.5". 1920x1080 шешімі.  

 

Үздіксіз қуаттау көзі 

Қуаттылығы  800  VA  (480  W).  Батареяның  жұмыс  уақыты  7  минут. 

Автоматты  қосылу.  Батареяның  қуатсыз  қалуын  қорғау.  Қысқа  тұйықталу 

немесе шамадан тыс қуатты қорғау.  

 

Гарнитура  



24 

 

Гарнитураны  бекіту  түрі  –  доғалық.  Жиілігі  20  Гц  -  20000  Гц. 



Микрофонның сезімталдығы 54+/-3дБ. 

 

Акустикалық жүйе  

Үстелге қоятын екі колонка. Қуаттылығы 1.3 Вт. 

 

Қабырғадағы акустикалық жүйе 

5.1-канал.  Шығатын  қуаты  60,5  Вт.  Жиілік  диапазоны  30-20000  Гц. 

Корпустың материалы – пластик.  

 

Web-камера 

Бұрыш қиылысы 360°, көлбеу 30°.  Кіріктірме микрофон.  

Бейне рұқсаты 1920 x 1080 пиксель. Секундына 30 кадр. 

Автоматты фокус. 

 

Құжат-камера 

5 мегапикселге (2592*1944) рұқсат. 10-нан кем емес қолмен немесе сандық 

арттыру.  Фокусы  –  авто.  Алым  көлемі  –  А3.  Экранның  оң  және  сол  жақ 

қиылысы - 90, 180°. 

Ұсынылатын  қызметтер:  Кескіндеме  тәртібі  –  мәтін,  графика,  3D 

объектілер. Мәзірлер мемлекеттік және орыс тілдерінде. Үзіліс, суретті айналу, 

қозғалыс кідірісі, жарықты автобақылау, түсті автотаңдау.  

Тышқанның  көмегімен  экрандағы  суретті  ауыстыру  және  сурет  көлемін 

өзгерту.   

 

Желілік фильтр  

Ұзындығы 3м сымы. Розеткалар саны - 4. 

 

Қара-ақ лазерлі КФҚ 

Лазер.  Біркелкі  түсті.  Аппарат  қызметі  –  көшіру,  басу,  сканерлеу.  Жады 

128  Мб.  Принтерге  рұқсат  600  х  600  dpi.  Басып  шығару  жылдамдығы  20 

бет/мин. Қағаз пішімі А4, А5. Сканерге рұқсат 1200 х 1200 dpi. USB интерфейсі 

2.0. Жиынтықта картридж және желілік сым орнатылған.  

 

Түрлі түсті КФҚ 

4  түсті  сорғалап  ағатын  сия.  Сия  сиымдылығы  70  мл.  Принтерге  рұқсат 

5760 х 1440 dpi. Қағаз пішіні А4. Сканерге рұқсат 600 х 1200  dpi. Көшіру – 20 

көшірме. USB интерфейсі.  

 

Проекциялық экран 

Ұзындығы 2 метр, биіктігі 1,5 метр. Ақ. Қабырғалардың арақатынасы 4:3. 

Аспалы, механикалық.  

 


25 

 

Интерактивті тақта  

Тікелей  проекция.  Белсенді  немесе  пассивті.  Сырты  жылтырамайтын 

күңгірт  түстес.  Сауда  маркасы  көрсетілген  қирауға  қарсы  берік  корпус.  Екі 

пайдаланушы  ережесі  бар.  Белсенді  беттің  форматы  4:3.  Белсенді  беттің 

диагоналы  198  см.  Белсенді  беттің  ұзындығы  158  см,  биіктігі  118  см.  

Жиынтықта: 2 электронды маркер, қабырға бекітпесі, паспорты бар. 

Интерактивті  тақта  мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде  бағдарламалық 

қамтамасыз  етілген.  Бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  негізгі  сипаттамасы: 

тышқан  қызметтері,

 

пікірлер  тәртібін  автоматты  түсіру,  өзгермелі  панель, 



беттердің  ауысуы,  терезе  тәртібі,  беттерді  іріктеуші,  көшіру,  кесіп  алу,  жою, 

өшіру,  бірнеше  нысандарды  қысқа  таңдау,  қарындаш,  мөртаңба,  мәтін, 

қолжазбаларды  айырып  тану  және  пішіндерді  айырып  тану,  бейнеплеер, 

циркуль,  камера,  үлкейткіш  әйнек,  сағаттар,  өлшеу  құралдары,  галерея  қоры, 

басқа форматтарды экспорттау, автоматты сақтау. 

 

Интерактивті тақтаға арналған жылжымалы тіреуіш 

Қысқа  фокусті  (энергоүнемдеуіш)  проектор  үшін  интерактивті  тақтаға 

арналған жылжымалы нығайтқыш тіреуіш 

Тақтаны  монтаждау  және  қажет  болған  жағдайда  бөлменің  ішінде  немесе 

басқа  бөлмеге  тақтаны  алып  тастамай  қозғалтуға  мүмкіндік  беретін,  арнайы 

эргономикалық заманауи дизайнмен жасалған. Күшейтілген дөңгелекте төзімді 

металды  құрылым.  Доңғалақты  блоктау  жүйесі.  Тақта  өзінің  бекіту  жүйесіне 

сәйкес  арнайы  бекітілген.  Тақта  жылжымалы  тіреуішке  берік  орнатылған. 

Тіреуішке  кез  келген  проектордын  моделіне  арналған  әмбебап  бекіту  жүйесі 

монтаждалған.  Құрылым  металды  бұрыштан,  құбырлар  мен  заманауи  дизайн 

элементтерден  жасалған.  Кабельдерді  төсеуге  арналған  жасырын  арналар 

қарастырылған. 



 

Төбеге бекітуге арналған проектор 

LCDx3 ұяқалып немесе DLP, ұяқалыптың рұқсаты 1024x768; жарық ағыны 

2600  люмен;  қарама-қарсы  түстер  3000:1;  шудың  деңгейі  30  Дб;  пішімі  4:3; 

жарық қоры 5000 сағат; динамиктердің қуаттылығы 1 Вт. 



 

Қабырғаға  бекітуге  немесе  жылжымалы  тұғырға  арналған 

ультрақысқафокусті проектор 

DLP  ұяқалып,  1024x768  ұяқалып  рұқсаты;  жарық  ағыны  3000  люмен; 

қарама-қарсы  түстер  15000:1;  шудың  деңгейі  30  Дб;  пішімі  4:3;  жарық  қоры 

3000 сағат; динамиктердің қуаттылығы 10 Вт. 

 

Проекторға арналған төбеге бекіту  

Бағананың ең төменгі ұзындығы – 43 см, топса бұрылысы – 360°, ең ауыр 

салмақ – 12 кг. Барлық кабельдер үйлесімді бекітілген.   

 


26 

 

Ультрақысқа фокусты проекторға арналған қабырғаға бекіту  

Арнайы қысқа фокусты үлгідегі проекторларға арналған. Бекіту материалы 

–  алюминий  және/немесе  болат.  Жасырын  кабельдер  жүйесі.  Проектордың 

жалпы  салмағы  15  кг  дейін.  Көлбеу  бұрышы  –  +15/-15  градус.  Бағандардың 

ұзындығы мин/макс – 685/1200 мм. Айналымы: 360º. 

 

Монтажды материалдар жиынтығы 

Компьютер  мен  проектордын  сипаттамаларына  қарай,  олардын 

байланыстарына  VGA-VGA  немесе  HDMI  кабельдері  қажет.  VGA  немесе 

HDMI  сплиттерді  пайдалану  мүмкін.  Барлық  кабельдерді  жасыру  үшін, 

монтажға  қуатты  кабель  мен  соққыға  төзімді  қабырға  мен  еденге  арналған 

кабельді каналды пайдалану керек. 



 

Мультимедиалық  интерактивті  үйретуші  бағдарламалық-әдістемелік 

кешен  

Компьютерлік технология негізіндегі кешен: балалардың білім алуға деген 

сұраныстарын  қанағаттандыруға  бағытталған,  оқыту  үдерісіндегі  дербестігін, 

функционалдық сауаттылығын, қойылған міндеттерді шеше білуін, сыни және 

шығармашылық  ойлауын,  әлеуметтік-коммуникативті  дамытуға  мүмкіндік 

беретін  мультимедиалық  оқыту  қамтамасыз  етілген  бағдарламалардан, 

тапсырмаларды  орындауға  арналған  интерактивті  жұмыс  үстелінен, 

дидактикалық  материалдардан  (ағаш  текшелерден,  блоктардан,  санауға 

арналған  таяқшалардан,  дидактикалық  карточкалардан,  пазлдардан  және  т.б.), 

оқытушыларға арналған қадамдық сабақ жоспары мен жүйені қолдану әдістері 

жазылған нұсқаулықтан тұрады.  

 

Ойын жабдығы  

 

Көкөністер мен жемістер (нақпішіндер) 

Пластмасса  көкөністер  мен  жемістер  балаларға  санауды  және  бөліктің 

бүтінге  қатынасын  үйретеді.  Қауіпсіз  жабық  магниттер  және  үйкеліс  арқылы 

қиыстырып  келтіру  жинау  міндетін  жеңілдетуге  мүмкіндік  береді.  Қозғалыс 

белсенділігін,  салауатты  тамақтануды  және  қиялды  дамыту  үшін  пайдалы. 

Жинаққа табиғи көлемдегі ашық түсті әртүрлі жемістер мен көкөністер кіреді.  

 

Құрастыруға және қол еңбегіне арналған құралдар 

 

Ірі құрылыс блоктарының жиынтығы 

Түрлі-түсті  жоғары  сапалы  пластиктерден  жасалған  ойыншық  кірпіштер 

топ  бөлмесінде  және  көшеге  ұйымдастырылатын  сабақ  кезінде  әртүрлі 

құрылыстарды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Жеңіл,  қауіпсіз,  беріктігі  жоғары, 

жинақта  қосатын  және  бұрыш  элементтері  болуы  мүмкін.  Ұсынылатын 

жинақтар:  150х75х37,5мм  өлшемдегі  100  дана,  сонымен  бірге  75х75х37,5мм 



27 

 

өлшемдегі  40  дана  және  өлшемі  300х150х75мм  90  дана  және  16  қосымша 



элементтері бар.  

 

Қарапайым  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыруға  арналған 

құралдар 

 

Пластикалық геометриялық пішіндер жинағы  

Мектеп жасына дейінгі балалардың пішіндер мен түстер туралы білімдерін 

дамытуға арналған ойындар. Түрлі түсті пластмассадан жасалған геометриялық 

пішіндер. 

 

Үрленген үлкен геометриялық пішіндер  

Үрленген  винилді  пішіндерді  көрсету  арқылы  үш  өлшемді  геометриямен 

таныстыру.  Құрамына  текше,  конус,  цилиндр,  шаршы  түріндегі  пирамида 

немесе басқа пішіндер кіреді. Пішіндердің биіктігі 35 см.   

 

Сандарды үйретуге арналған винилді ойын кілемшесі  

Цифрлар  белгілі  тәртіпте  жазылған,  винилден  жасалған,  сандар  қатары 

қимылдық  дағдыларды  дамытуға  және  1-ден  20-ға  дейінгі  сандарды  игеруге 

көмектеседі. Кілемшенің көлемі 30*300 см. 



 

Циферблаты бар демонстрациялық үйретуші сағат 

Ашық  түсті,  үлкен  межелік  және  аудио-визуалды  белгілері  бар.  Тетікті 

басқанда  дыбыс  шығарады.  Қабырғаға  немесе  үстел  үстіне  орналастыруға 

болады. Пластмасса межеліктің диаметрі 20 см. 

 

Денешынықтыру сабақтарына арналған құрал-жабдықтар 

 

Гимнастикалық ағаш қабырға 

Әртүрлі  аралықтан,  көбінесе  сегіз  аралықтан  тұрады.  Биіктігі  2-2,5  м, 

аралықтың ені 70-90 см. Көлденең қойылған ағаштар сопақша 2,5х3 см немесе 

диаметрі  3  см  дөңгелек  етіп  кесіліп,  20-22  см  арақашықтықта 

орналастырылады.  Табиғи  ағаштан  дайындалады,  сыртына  су  негіздегі  лак 

жағылған.  Темір  бұрыштар  мен  анкерлердің  көмегімен  қабырғаға  және  еденге 

бекітіледі.  

 

Швед қабырғасына арналған ағаш саты 

Тігінен  жоғарыға  өрмелеу  үшін  жалғалмалы  саты.  Гимнастикалық 

қабырғаға  ілгектермен  және  еденге  бекіту  үшін  көлденең  ағашпен  

жабдықталған.  Табиғи  ағаштан  жасалған,  сыртына  су  негіздегі  лак  жағылған. 

Сатының көлемі 1,5-2 м. 

 

Сүйеп қойылатын төбешік 


28 

 

Гимнастикалық 



қабырғаға 

бекітіледі. 

Гимнастикалық 

қабырғаға 

ілгектермен және еденге бекіту үшін көлденең ағашпен жабдықталған. Табиғи 

ағаштан жасалған, сыртына су негіздегі лак жағылған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет