Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балалардың бойына рухани- патриоттық сана-сезім қалыптастыру бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыру «Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»
(халық даналығы)
Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата - ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру мекемесі.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.