Педагогикалық технология
- жеке тұлғаның өзін-өзі
дамытуына
толық
мүмкіндік
беретін
біртұтас
педагогикалық үдерістің барлық дара, инструменталдық
және
әдістемелік
құралдарының
қолдану
реті
мен
жиынтығының жүйесі, жобасы.
В.П.Беспалько
педагогикалық
технологияның
сапаларын ата
көрсетті:
Технология нақты
күтілетін нәтижеге
кепілдік беретін
педагогикалық бағдар мен
құндылыққа негізделеді.
Технология жеке тұлғаның
дара, дербес ерекшеліктерін
(қабілеттерін) ескеретін
мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара
байланысқан іс-әрекеттер
қызметін көздейді.
Технология оқушыға
мемлекеттік білім беру
стандартын толық меңгеруге
мүмкіндік беретін
педагогикалық іс-әрекеттің
реттелген жүйесін қамтитын
технологиялық бөліктерді
(операцияларды ) құрайды.
М.Е.Бершадский, В.В.Гузеев және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, білім беру
технологиясы деп төмендегілерді қамтитын жүйені айтамыз:
- оқушының бастапқы жай-күйінің нобайы;
- оқытудың жоспарланған нәтижесін диагностикалау;
- алдыңғы жай-күйді диагностикалау құралы және алдыңғы даму тенденциясын
болжау;
- оқыту нобайының жиынтығы;
- қандай да бір нақты жағдайда оқытудың тиімді нобайын таңдау және құру
критерийлері;
-қойылған диагностика, алдыңғы нәтиже, оқыту нобайын таңдау арасындағы өзара іс-
әрекеттілікті қамтамасыз ететін кері байланыс тетігі.
Қорытынды
Жалпы инновация сөзі латын тілінен аударғанда жаңалықты ендіру деген мағынаны
білдіреді. Инновация — кез келген жаңалық немесе жаңалықты енгізу ғана емес,
бұл бүгінгі қолданыстағы білім жүйесінің тиімділігін арттыратын үдеріс.
Инновациялық іс-әрекет — білім берудің кез келген деңгейінде инновациялық
үдеріспен қамтамасыз ететін шаралар кешені және үдерістің өзі. Педагогикалық
инновация білім беру жүйесін қайта құру, жетілдіру, модификациялау, өзгертуге
байланысты немесе оның белгілі жақтарын, қасиеттерін және аспектілерін (жаңа
заңнамалық акттерді, құрылымдарды, тұжырымдамаларды және интеграциялық
байланыстарды және т.б.) жасақтау. Инновациялық үдеріс ұйымның мақсаты,
құрылымы, міндеттері, технологиясы және адам ресурстарын қамтиды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым — даму тетігі / Елбасынынң ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің
III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2014.
2.Скакун В.А. Введение в профессию мастера производственного обучения:Методическое пособие.-
М.:Высш.шк.,2010г.
3. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015
4. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2011.«Әлеуметтік әріптестік
жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы
№2 (26) 2013ж;
Назарларыңызға
рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |