Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет24/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Гигиеналық факторлар (сабақ, демалыс тамақтану және ұйықтау, киім, аяқ киім, дене тәрбиесі құрал-жабдықтар гигиенасы және т. б.) дене тәрбиесінің өзіндік ерекше құралдары болып табылады. Олар дене тәрбиесімен айналысушылардың организміне дене жаттығуларының тигізетін әсерін арттырады. Мысалы, нәрлі және уақтылы тамақтану кезінде дене жаттығулары сүйек және бұлшық ет жүйесінің дамуына жақсы әсерін тигізеді. Ұйқының қанық болуы тынығуды қамтамасыз етеді және жүйке жүйесінің жұмыс кабілетін арттырады. Бөлменің, дене тәрбиесі құрал-жабдықтарының, ойыншықтардың, атрибуттардың, балалардың киімінің, аяқ киімінің таза болуы аурулардың алдын алуға қызмет етеді. Жеке және қоғамдық гигиена талаптарын орындау - балаларда жағымды эмоциялар тудырады, дене жаттығуларын игеруге неғұрлым жақсы жағдай жасайды. Гигиеналық факторлардың дербес маңызы да бар. Олар барлық органдар мен жүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдеседі. Мысалы, жүйелі түрде және сапалы тамақтану ас қорыту қызметіне жақсы әсер етеді және басқа органдарға қоректік заттарды дер кезінде жеткізіп тұруды қамтамасыз етеді, баланың қалыпты өсуіне, дамуына септігін тигізеді. Жарықтың дұрыс болуы көз ауруларының (нашар көру т.б.) пайда болуын болдырмайды, балалардың кеңістікте бағдар табуына неғұрлым қолайлы жағдай туғызады. Күн тәртібін қатаң сақтау ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, т.с.с. үйретеді. Гигиеналык факторлар дене тәрбиесі жүйесінің сауықтыру бағыты бар кағидаларын жүзеге асыруда шешуші фактор болып табылады. Оның ең басты мақсаты - дене жаттығуларын адамның өмір қызметінің құрамдас бөлігі ету. Екінші жағынан, дене жаттығуларының тиімділігі тек қана гигиеналық нормаларды сақтаған жағдайда ғана жоғары болмақ.
Дене тәрбиесінің арнаулы кұралы болмаса да, гигиеналық факторлар дене тәрбиесі міндеттерін толық өз дәрежесінде шешуде маңызға ие. Қаншалықты педагогикалық процесс жақсы ұйымдастырылғанымен тамақтану тәртібі бұзылып жатса, керекті мөлшерде ұйықтамаса, жаттығулар санитарлық жағдайы жоқ жерде өткізілсе, онда педагогикалық процесс ешқашан күткендегідей нәтиже бермейді. Сондықтан да дене тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда гигиеналық талап көлемін анықтайтын материалдар ұсынылған. Гигиеналық факторлар, шартты түрде екі топқа бөлінеді:

  1. дене тәрбиесі процесінен тыс, адамның өмір қызметін қамтамасыз ететін жағдайлар: еңбек, оқу, тұрмыс, демалыс, тамақтанудың жеке және қоғамдық гигиенасының талаптарына немесе дене жаттығуларымен толықтай айналасуға қажет алғышарттарды қамтамасыз ететіндердің бәрі;

  2. дене тәрбие процесіне тікелей енгізілген жағдайлар: гигиеналық нормаларға сәйкес түсетін салмақ және демалу тәртібін тиімді пайдалану, арнайы жарыс жолындағы тамақтану, сыртқы әсер тигізетін жағдайларды жасау (ауа тазалығы, жарықтың жеткіліктігі, құрал-жабдықтардың жарамдылығы, киімнің ыңғайлылығы, т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет