«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі»



Дата21.02.2023
өлшемі14,44 Kb.
#69711
Байланысты:
пікір (6)


«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі»
кафедрасының п.ғ.к., доцент С.Б.Жораеваның авторлығымен даярланған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәніне арналған дәрістер жинағына берілген


ПІКІР
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бұл дәрістер жинағында 6В01210– «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының болашақ мамандарының жаңадан енген Балаларды мектепалды даярлау пәнінен сабақ берудің ерекшеліктері мен стандартқа сай нәтижелерге қол жеткізу үшін меңгеруге тиіс әдістемесі мазмұндалады.
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен даярланған дәрістер жинағы көлемі 88 бет (5,5 б.т.). Дәрістер жинағы мазмұны бойынша дәріс тақырыптарына сәйкес, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Әдістемелік нұсқауда рөлдік ойындарды ұйымдастырудың жаңа әдісі – модельдеу арқылы ұсынылып отыр. Әзірленген модельге сүйене отырып, білімалушылар алдағы уақытта бақылаған оқиғалардың эпизодтарын, қатысушылардың әрекеттерін, әрбір нақты қатысқан адамдардыңқарым-қатынастарының мазмұнын еске түсіруге көмектеседі. Осылайша рөлдік ойынның нәтижелі де қарқынды жоспарлануы еңбектің құндылығын көрсетеді.
Ұсынылып отырған дәрістер жинаы қазіргі заманның барлық салаларын қамтып, құрамына әр түрлі тақырыптар кіреді. Дәрістер жинағы мазмұны, дидактикалық аппараты сапалы құрылған, қазіргі оқу құралдарына қойылатын талаптарға сай келеді.
Бұл дәрістер жинағы 6В01210– «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының білім алушыларының дәріс сабақтарды жүргізуге өте қажет дей келе, оны баспаға ұсынуға лайықты деп санаймын.

М.Әуезов атындағы ОҚУ,


«Мектепке дейінгі және
бастауыш оқыту теориясы
мен әдістемесі» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Наркулова Б.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет