Мектепке дейінгі және бастауышта ақпараттық технологияларды қолдану изтурганова Жулдыз Назарбекқызы



бет2/2
Дата24.10.2022
өлшемі22,27 Kb.
#45158
1   2
Байланысты:
Жулдыз МБ-20

Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылымизерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. Ақпараттық технологиялар баланы оқыту мен дамыту процесін тиімді етіп, балаға да, педагогке де білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.Қазіргі заман жаңашылдық, жаңа көзқарас, жаңалықтар заманы. Заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Өмір сүру барысында біз жаңа өнімдерді, заттарды, білімдерді, идеяларды кездестіреміз. Олай болса, оқыту үдерісі, әдістері де осы жаңашылдыққа сәйкес болуы керек. Сонда ғана білім беру саласында, балабақшаларда тұлғаны қалыптастыруда жаңа технологиялардың тиімділігін көре аламыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Пасмурова Л.Э. Использование информационных технологий в нравственном воспитании детей // Информатика и образование. 2007. № 2.
2. Пащенко О.И. Использование новых информационных технологий в дошкольных образовательных учреждениях // Традиции и инновации в образовательном пространстве России: в условиях реализации ФГТ и ФГОС: Мат-лы всероссийской науч.практич. конф. (г.Нижневартовск, 11 ноября 2011 г.)/Отв. ред. Г.А.Петрова. Нижневартовск, 2011. С. 89—92.
3. Пащенко О.И. Цифровой образовательный ресурс для детей дошкольного возраста как инструмент воспитания и общего психического развития // Инновации в современном мире: Матлы международной заочной науч.-практич. конф. (г.Новосибирск, 31 октября 2011 г.). Новосибирск, 2011. С. 103—107.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет