Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алу



Дата07.06.2022
өлшемі38,17 Kb.
#36503
Байланысты:
тіл дамыту


Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алу

1.Жұмысты жоспарлау мен есепке алудың маңызы (Жоспарлаудың түрлері: перспективалық, күнделікті.


2.Құжат түрлері: жылдық, апталық, күнтізбелік жоспар. Жоспарлауға қойылатын талаптар)
3. Есепке алу түрлері
4. Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі
Жоспарлау - бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдармен, әдістермен, қандай ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін шешетінін, сондай-ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала көре білу. Дұрыс жоспарлау белгілі бір жүйеде және бір ізділікте дене шынықтыру жаттығуларын қолдана отырып, кӛзделген мерзімде оқу-тәрбие жұмыстарында мейлінше, жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Есепке алу - бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтау. Осы есепке алудың негізінде жұмыс жоспары жасалады. Есепке алу балалардың түрлі көрсеткіштерінің өзгеруін көруге жоспарлаудың дұрыстығын анықтауға, оған дер кезінде кейбір өзгерістерді енгізіп отыруға мүмкіндік береді. Жоспарлау мен есепке алу бір-бірімен байланысты. Тек дер кезінде мұқият есепке алу және жұмысты дұрыс жоспарлау арқылы ғана денені жетілдіруде жоғары кӛрсеткіштерге жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелерде жалпы жұмыс жоспары жасалады. Әрбір топ үшін бір жылға дене жаттығуларын белгілейтін жоспар-график, апталық күнтізбелік жоспар, дене шынықтыру сабақтарының, ертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс ойындарының, дене тәрбиесінің басқа да формаларының жоспар-конспектілері талдап жасалады. Сондай-ақ, тәрбиеші әдістемелік жұмысты, ата-аналармен өткізілетін шараларды да жоспарлайды. Жалпы жұмыс жоспары (жылдық жоспар). Бұл жоспарды барлық педагогикалық ұжымның қатысуымен мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі жасайды. «Дене тәрбиесі»- бөлімінде алдағы жылдың негізгі міндеттері кӛрсетіліп, атқарылатын жұмыстарға дайындық, оларды ӛткізуге қажетті шаралар алдын ала белгіленеді. Мысалы, балаларды шаңғы тебуге, жүзуге, т. б.- ға үйрету міндеті қойылады. Осыған орай, шаңғы және шомылу костюмдерін сатып алу, шаңғымен жүретін орындарды белгілеу, хауыздарды жабдықтау жұмыстары да белгіленеді. Тәрбиешілерді (әдебиеттер оқу, үйрету әдістерін талдау т. т.), балаларды (оларда қажетті дене қасиеттерін дамыту), ата-аналарды (әдебиеттерді оқу, костюмдер сатып алу т.б.) даярлау. Жоспарда тәрбиешілердің мамандығын арттыруды қарастыру маңызды: дене тәрбиесі бойынша нақты мәселелерді зерттеу және оларды педагогикалық кеңестерде талқылау, үйірмелерде, семинарларда, әдістемелік бірлестікте, балабақшаның жұмыс тәжірибесін талдап қорыту, баяндама дайындау, педагогикалық оқуларда сөйлеу. Бұдан басқа қабырға газеттерін, ата-аналар бұрышын, спорт мерекелерін пайдалана отырып дене тәрбиесін насихаттау жөніндегі шаралар белгіленеді. Жоспарда тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің, мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің денсаулық жағдайын, дене күшінің дамуын, дене дайындығын жақсарту жӛніндегі жұмыс формалары (спорт секцияларындағы жалпы дене әзірлігі топтарындағы сабақтар, дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу, т.б.) көрсетілуі тиіс. Жұмыстың жалпы жоспары педагогикалық кеңесте талқыланып бекітіледі. Жоспарлау кезінде жағдайларды (бөлменің, алаңның мӛлшері, дене тәрбиесі жабдықтарының, ойыншықтардың, атрибуттардың болуы), сондай-ақ климаттықметеорологиялық факторларды ескеру қажет. Көктемде, жазда, күзде құралдарды (секіру үшін құмы бар шұңқыр, жүруге арналған бөрене, өрмелеуге арналған кішкене қоршау) және үлкен кеңістікті (қашықтыққа лақтыру, жүгірумен қозғалыс ойындары т.б.) пайдалана отырып, алаңда өткізуге тиімді жаттығуларды жоспарлау қажет. Бір жасқа аяқ басқан балалар үшін шартсыз рефлекстерді табандық-саусақтарды бүгу, жазу, шалқалап, рефлекторлы еңбектеу, тірек реакциясы, мойынмен, етпетімен, шалқасынан, бүйіріне жату; массаждың бірнеше түрлері (қолды, аяқты, жауырынды, ішті сипалау, аяқты, өкшені, қарынды ысқылау; жауырынның, аяқтың еттерін қимылға келтіру, жауырынды шапалақтау т. б.), сонымен қатар белсенді-енжар және енжар жалпы дамыту жаттығуларының аттарын жазу керек. Жалпы дамыту жаттығуларын жоспарлағанда алдымен иық белдеу мен қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды, содан кейін жауырынның, іштің, аяқтың еттеріне арналған жаттығуларды жазу керек. өз тобына арналған бағдарламаны белгілеп алғаннан кейін тәрбиеші жаттығуларды әр айдың аптасына бөледі. Апталық жоспар. Бір жылдық жоспар негізінде апталық жоспар жасалады. Жоспарда әр күнге дене тәрбиесі жұмысының барлық түрлері (сенбі, жексенбіні қоса отырып) таңертеңнен кешке дейін тек мектепке дейінгі орындарда ғана емес, сонымен бірге баланың үйге келген кездегі уақыты да қаралады. Тәрбиеші «Tаңертең» деген бағанда сол күні пайдаланылатын дене жаттығуларын және оған қажетті дене шынықтыру құрал-жабдықтарын жазады. Оның үстіне, сабаққа қатысатын балалардың аттарын, сабақтың негізгі мақсаттарын кӛрсетеді. Бұл графада балалар үйде ұйқыдан кейін орындайтын жаттығу кешендерінің нөмірін белгілеуге болады. «Eртеңгілік гимнастика» бағанында кешен нөмірі көрсетілуі керек. Тәрбиеші дене тәрбиесі жұмысын бір аптаға белгілі бір жүйелілікпен жоспарлайды. Алғашқыда екі дене шынықтыру сабақтарының мазмұны мен міндеттерін анықтайды. Содан кейін шағын топтармен және жеке-жеке өткізілетін сабақтардың мазмұны мен міндеттерін, таңертеңгі және кешкі серуендер кезінде өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының аттары мен міндеттерін жазады. Бұдан кейін кешкі және ертеңгілік жұмыстардың мазмұны анықталып, ертеңгілік гимнастиканың кешендері жасалады. Мұндай жүйелілік жұмыстың барлық формаларының өзара байланыстылығын қарауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін оларды неғұрлым дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, іс-әрекеттің алуан түрлерінен алынған білімдерді, дағдыларды сабақтар процесінде ойдағыдай бекітуге болады. Дене тәрбиесі бойынша жүргізілген жұмысты басқа іс-әрекет түрлерімен байланыстыра отырып, жүзеге асыру керек. Мысалы, қимылқозғалыс ойындарында математикалық көзқарастарын кеңейту мақсатында жүргізілген сабақ бойынша жан-жануарлар туралы білімдері немесе қозғалыс бағыты жайлы (жоғары, төмен, алға, артқа) ойлары, т. б. тексеріледі. Күнтізбелік жоспар негізінде бір аптаға жоспар-конспектілер (сабақтар, ертеңгілік гимнастика, қимыл-қозғалыс ойындары т. б.) жасалады. Дене шынықтыру сабағының жоспар-конспектісі Сабақ жоспарын құрудың бірнеше нұсқасы қолданылып жүр 1-нұсқа (дәстүрлі нұсқа) Сабақ атауы Тақырыбы Топ өткізілетін күні өткізілетін уақыты өткізілетін орны Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары) Қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары Сабақтың мақсат, міндеттері Сабақтың барысы Кіріспе бөлім Негізгі бөлім Қорытынды бөлім
2-нұсқа (ҚР-дың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2009-2010 оқу жылының басталуы туралы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ-тан алынған)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы
Топ атауы
өткізілетін күні
өткізілетін уақыты
өткізілетін орны
Балалардың саны (балалар және қыздар)
Балалардың киімі мен аяқ киімі
Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары)
Қолданылатын әдіс-тәсілдер,
оқыту технологиялары
Сабақтың мақсат, міндеттері
Сабақтың барысы Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру іздестіру
Рефлексивті түзетушілік
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Қандай түсініктерді игерді: Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
3-нұсқа Сабақтың мазмұны және оны жүргізу әдістемесі форма бойынша жазылады (А.В.Кенеман, Д.В.Хухлаева)
Сабақ атауы
Тақырыбы
Топ өткізілетін
күні өткізілетін уақыты
өткізілетін орны
Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары)
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары
Сабақтың мақсат, міндеттері
Сабақ бөлімдері
Мазмұны (жаттығула р)
Мөлшерлеу Қарқы н Тыны с алу
Ұйымдастыру (әдістемелік нұсқау)
Ескертулер Міндет көрсетілгенде сабақтың негізгі бөліміне ғана қатысты міндеттер қарастырылады. Оларды қысқа әрі нақты тұжырымдау керек. Мысалы, егер жаңа жаттығу-лақтыру қосылатын болса, онда міндет: «Oң қолмен қашықтыққа лақтыруды үйрену»,- деп жазылады (қалыпты жағдай). Бұл жағдайда жақша ішінде берілген сабақта қозғалыс техникасының қай элементтеріне көңіл аудару қажет екені көрсетіледі. Жаттығулардың негізгі элементтерінің техникасын үйренгеннен кейін ғана балалардың қозғалыс дағдылары нығайтылады. Онда міндет: «0ң қолмен қашықтыққа лақтыру дағдыларын үйреніп нығайту» («Kім алысқа лақтырады»),- деп жазылады. Егер дағды ойын формасында бекитін болса, жақша ішінде қимыл-қозғалыс ойынының аты көрсетіледі. Дене шынықтыру сабақтарында барлық дене қасиеттері (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, серіппелік, көзбен мөлшерлегіштік, тепе-теңдік, т.б.) одан әрі дамытылады, бірақ бұл үшін жаттығулар мен ойындардың әрқайсысына өзіндік жүргізу әдістемесі, ерекше жағдайлар қажет етіледі. Әдеттегідей, бір сабақтарда көп мөлшерде қандай да бір дене қасиеті дамиды, сондықтан сол қасиетке (мысалы, ептілік) баса назар аударылады, осыған орай дене жаттығуларын жүргізудің әдістемелері ойластырылады және жағдай жасалады. Бұл жағдайда міндет: «Eптілікті дамыту» («JIенталармен ұстау) немесе «Жылдамдықты дамыту» («Ұстап алу»),- деп жазылады. Сабақ процесінде басты міндеттермен қатар, жоспар-конспектіде белгіленбеген өзге де міндеттер шешіледі. Алайда, қажетті жағдайда оларды былайша жазуға болады. Мысалы, «Иық тірестіре сап түзеуді үйрену» (сабақтың кіріспе бӛлімі) және басқалары. Сабақтың міндетін анықтап болғаннан кейін дене жаттығуларын іріктеп алу керек: алғашқыда сабақтың негізгі, сосын кіріспе және қорытынды бӛлімі, ӛйткені сабақтың бұл бөлімдері үшін жаттығуларды іріктеу негізгі бөлімнің мазмұнына байланысты. Сабақтың міндетін анықтап, оның мазмұнын белгілеп алғаннан кейін негізгі бөлімнен бастап әр жаттығуды жүргізу әдістемесін және басқаларды ұйымдастыруды нақтылы ойластыру керек. Мұны, әсіресе, сабақтың болатын кезіне дәл балалардың даму барысындағы өзгерістер мен жетістіктерді ескере отырып жасау керек. «Cабақ бөлімдері» бағанында сабақ бөлімдерінің (кіріспе, негізгі, қорытынды) аттары жазылады. «Mазмұндар» бағанында сабақта берілгендей рет-ретімен дене жаттығуларының барлық түрлері көрсетіледі. Егер сабаққа қимыл-қозғалыс ойындары қосылған болса, оның аты және оған кіретін дене жаттығулары көрсетіледі. Дене шынықтыру сабағына (бірінші жылы) шартсыз рефлекстер, массаж, жай жаттығулар кіретін болса, онда жоспар-конспектіде олардың аттары жазылады. Жалпы дамытатын жаттығулар гимнастикада қабылданған ереже бойынша жүргізіледі. Нақты жазу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. «Mөлшерлеу» бағанында қайталанатын жаттығулар олардың уақыты, жүру, жүгіру, қашықтығы көрсетіледі. «Қарқын» бағанында орындалатын жаттығулардың (баяу, тез) жылдамдығы кӛрсетіледі; егер жаттығу орташа қарқынмен орындалатын болса, онда «орташа» сӛзі жазылмайды. «Tыныс алу» бағанында дене жаттығуларын орындау кезіндегі дем шығару сәті мен тыныс алу сипаты белгіленеді. «Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар» бағанында балаларды ұйымдастыру, балалар мен тәрбиешілерді орналастыру, дене шынықтыру құралдарының орналасуы ашып көрсетіліп, әрбір жаттығуды жүргізу әдістемесіне ұсыныстар беріледі. Оның үстіне барлық анықтамалар; түсініктемелер, көрсеткіштер, бұйрықтар, жарлықтар, есеп, көру сигналдары түгелдей жазылады. Бұл бағанда сабақ уақытында балалар мен тәрбиешінің отырған орнын көрсететін суреттер және сызықпен түсірілген бейнелер де берілуі мүмкін. Тәрбиешінің тәжірибесі неғұрлым аз болған сайын, бұл бағана соғұрлым толық толтырылады. Жұмысты алғаш бастаған тәрбиешіге дене жаттығуларын оқыту әдістемесін толық жазып алған пайдалы. Мұнымен барлық қайталау жаттығуларының көрсеткіштері, түсініктемелері ойластырылып жазылады. Мысалы, денені жалпы дамытатын жаттығулар бірнеше қайталанады, тәрбиеші қайталағанда балаларға қандай нұсқаулар беру керек екенін жазып отырады. Егер қимыл-қозғалыс ойындары төрт рет қайталанса, онда ойындарды қайталауда қандай анықтама берілетіні жазылады. Егер тәрбиешінің тәжірибесі жеткілікті болса, онда ол сабақ барысын ойластыра отырып, ең қажетті әдістемелік кезеңдерді қысқаша жазып отырады. «Eскертулер» бағанында сабақ жүргізуге дейінгі болатын өзгерістерді алдын ала көрсету керек. Мысалы, ауа температурасының өзгеруіне байланысты жұмыс мөлшерінің азаюы немесе көбеюі дене шынықтыру сабағын жүргізгеннен кейін осы сабақ барысында болған өзгерістерді жазу, олардың қандай себептермен болғанын көрсетіп, ескертулерді тіркеу және келесі сабаққа жоспар-конспекті құрастырғанда ескеретін жағдайларды көрсету керек. Ашық сабақтардың жоспар-конспектісін әдіскер немесе балабақшаның меңгерушісі, дәрігер, музыка жетекшісі қарайды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет