Байланысты: КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,
5.4. Балықтар. Балабақшадағы барлық топтардың табиғат мүйістерінен үнемі және міндетті түрде орын алатын омыртқалардың бірі- балықтар болып табылады. Балықтардың ішінде бақылауға ең қызықтысы және төзімдісі мөңке, тұқы, қызылқанат, шабақ, аққайра, құйын балық кіші топтарында жергілікті су қоймаларындағы балықтарды( мөңкенің тұқымы, қызылқанатты, шабақты) ұстаған жақсы, ересектер тобындағы табиғат мүйісінде осыларға қосымша алтын балықты әр түрлі жыллы суларда болатын және тірідей туатын балықтарды ұстауға болады. Балалар балықтардаң қалай жүзетінін бақылай отырып, жүзгіші мер құйыршынның атқаратын қызметіне қорытынды жасай алады. Ересек топтардың балалар мен бірге денесі әр түрлі формадағы балықтардың қыймылын салыстырған жақсы мысалы тұқы мен семсер балықты ткрідей туатын балықтардың тұқымының пайда болуын бақылау(гуппи семсер балық). Аквариумді қуаттандыру су өсімдіктер мен жануарлар үшін әр түрлі сауыттар нағыз аквариумнан бастап қарапайым стаканға диін мекен бола алады. Акваримға жануарлар мен өсімдіктерді орналастырудан бұрын ең алдымен оны ұқыпты түрде жуып, таза сүлгімен немесе қағазбен құрғатып сүрту керек. Сосын акваримның түбіне биіктігі бес сантиметр етіп алдын ала шайылған өзеннің ыстық құмын төсеу керек. Құмның үстіне тастар мен қауашақтар қоюға болады. Құнарлы топырақ дайарлау үшін шын топырақ пен торыф қосындысын алып, кішкене аквариум гаршоктарына салады да оған өсімдіктерді отырғызады. Топырақтың үстіне жақсылап шайылған құм салады. Қоректің топырақтың үстін құммен жауып, аквариумның түбіне салуға да болады. Бұл жағдайда арнайы гаршоктардың қажеті болмайды. Гаршоктарға немесе акваримның топырағына отырғызылған өсімдіктер акваримуы мекендеушілердің дем алуына қажетті суды оттегімен байытады. Өсімдікті отырғызбастан бұрын, сумен жуып, кірін сүртіп, қураған жапырақтарын тазарту қажет. Акваримдағы өсімдіктерді жарық жақсы түсетін жерге жақын орналастыру керек. Көп жағдайда оларды терезе жаққа акваримммен терезе арасынан бос орын қалдырып, шынының қасына тұрғызады. Аквариумна құмды лайламас үшін суды абайлап сыздықтатып құю қажет. Арнайы түтікті( боройка) пайдаланған дұрыс: боройка болмаған жағдайда судың ағысын аквариумға түсірілеген өз қолынан немесе түбіне салынған таза қалың қағазға бағыттайды. Бөлме температурасындағы суды пайдаланады. Акваримуда мекендеушілерді күту, аквариумды таза ұстау керек. Суды шаңнан ұстау үшін аквариумның үстінен ауа кірместей етіп үстін жауып қояды. Ол үшін аквариумның жоғарғы қабырғасының шеті мен, арасына тығын тілімін кішкене таяқ қояды немесе ыдысты жеңішке шыны тілімдерімен, олардың араларына кеңістік қалдырып жағады. Егер судың бетінде болар – болмас ақ қатпар пайда болса оны таза қағазбен тазалайды. Шыныны жасыл қатпардан тазалау үшін оны аптасына екі немесе үш рет жағынан кішкене таяққа оралған кішкене шүберекпен немесе арнайы щеткамен сүрту керек. Түбіндеге тамақтың қалдығы мен кір қоқыстың шыны түтікпен тазартады. Ол үшін түтіктің жоғарғы тесігін саусақпен басып жабады, ал төменгі жағын жиналған жерге алып келеді де саусақты алады. Лас сумен бірге түтікке кіргеннен кин оның жоғарғы тесігін тағы да саусақпен жабады. Енді түтіктті судан шығарып лас шеллекке төгеді, судың деңгейі төмен түсіп кетпеу үшін аквариумға аптасына екі рет су құйып қою керек. Жылына бір екі рет суын тұтастай ауыстырып отырады. Бұл кезде жануарлар мен өсімдіктерді ішінен алып қояды. Барлық суды төгіп, өсімдіктер мен құмды шайып жуу керек. Аквариумдағы суды төгу үшін ұзындығы бір жарым метір ірзеңкі түтік пайдаланылады. Ұштары жоғары көтерілген түтікті шелекке слады да су толтырады, сосын ұштарын саусақтарымен қысады және олардың бірін аквариумға түсіреді. Ал екіншісін- одан сәл төменірек тұрған кір қоқыс төгетін шелекке түсіреді. Саусақтарды жазғаннан кейін су аквариумнан шелекке аға бастайды. Суды трубкамен толық ауыстырмай ақ, түбін ауыстыруға да болады. Егер аквариумдағы трубкпның ұшын үстінен алып жүрсе онда сумен бірге кірін де аршуға болады. Аквариумға жануарды тек су құйылып өсімдік төселген соң бірнеше күннен кин ғана жіберуге болады. Оған мекендеушілердің кішірек бір ыдысқа балыққа шамамен екі литр су керектігін ескерту қажет. Аквариумның мекендеушілері үшін жақсы жем, тірі жәндәктер болып табылады. Жәндіктердің масаның личкалары құрттар, су бүргелері балықтарды күнбе күн белгілі бір уақытта тамақтандыру қажет. Ұсақ және орташа балықтарға( ұзындығы 4,6 см) күніне үш, бес маса личипкасын беруге болады. Балықтар ұсақтап кесілген етті де жейді. Құрғақ жем беруден аулақ болу керек, тек оны аздап қолдану керек. Тамақтың қалдығын судан күн сайын резеңке немесе шыны түтікпен алып тастау керек. Егер аквариумнан су ақса оның қай жерінен ағып жатқанын анықтап осы жердің замаскасын ептеп тазартып жақсылап кептіру керек. Жаңа замазканың тесігі жиі елеуішпен еленген цементті майлы лакпен араластырып, қамырлап илейді. Тесілген жерді замазкалап кептіреді, осындай жөндеуден соң жеті сегіз күннен кейін ғана су құюға болады.