Мотивациялық -қозғаушылық
|
Тәрбиеші өлең жолдарын оқиды.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау –басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау –менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
Қайырлы таң, балалар!
Сендерді көргеніме қуанамын.
Жұмбақ
Ырылдайды үреді,
Үй маңында жүреді
Иесін ол біледі
Бөтен біреу келсе егер
Үріп белгі береді
Мақал
Ит- адамның досы
Жұмбақ
Түссе күннің шуағы
Көзін жұмып алады
Жылы жерді сүйеді
Беті-қолын жуады
Сөздік жұмыс: шуақ, адал
|
Тәрбиешімен сәлемдеседі.
Жұмбақты шешеді
Жауабы: ит
Мақалды тыңдайды, қайталайды
Жұмбақты шешеді
Жауабы: мысық
|
Ұйымдастырушылық ізденістік
|
Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суретін ілу
Иттер - ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп , қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.
Пекинес - кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағын , сипалағанын қаламайды.
Пудель- өзінің иесіне берілген үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылықсыз көрсетпейтін көнбіс ит. Балалармен ойнағанды жақсы көреді. Пудельдер еш себепсіз үре береді. Көрмелерге қатысады, сәнқой ит.
Чау-чау - арыстанға немесе аюға ұқсайды. Олар өте байсалды , бірақ үйретуге келмейді. Мысықтар адаммен бірге үйде өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың неше түрлі тұқымдары болады
Ангор мысығы - көңілді , қылықты мысық. Ойынпаз,адамды жатырқамайды. Белсенді үйірсек,кіммен болсын тіл табысады.
Сібір мысығы – ірі денелі, байсалды, сабырлы мысық, Қылықты , балалармен ойнағанды жақсы көреді, тіпті ересек мысықтың өзі де ойынпаз келеді.
Канадалық және дондық сфинкс – жұмсақ тыным таппайтын белсенді әрі байсалды және ешкімді жатырқамайтын мысық. Тіпті үйде пайда болған өзге хайуанаттарға да қырсылық білдірмейді. Балалармен жақсы ойнайды, жалы көрпенің астында ұйықтағанжы жаны сүйетін, адамға емдік қасиеті бар мысықтар.
Ғажайып сәт
-Балалар бізге ит және мысық қонаққа келді. Олармен танысайық.
Жұмсақ ойыншықтар: ит және мысықты көрсетеді.
Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті. Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп, үйшік салып береміз бе?
Билингвальді компонент: ит-собака,
Мысық-кошка, достар- друзья, үйшік –домик
Ойын : Жұмсақ модуль (үйді құрастыр)
Шарты: төрт бөлікке бөлінген жұмсақ модульден үйдің суретін құрастыру.
Көрсету және түсіндіру.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
Балалар алдымен үйшіктің қабырғасын ақ парақтың астыңғы жағына жапсырамыз,ол қандай пішін?
Содан соң есік терезелерін жапсырамыз?Олар қандай пішін?
Үйшіктің тағы несі бар?
Үйдің шатырын қабырғаның төбесіне жапсырамыз,ол қандай пішін?
Балаларды қауіпсіздіктің техникасының жөн-жосығымен, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігімен таныстырады
1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттісің
2. Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды
3. Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды
4. қолындағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды
5. Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып құлап кетпейтіндей берік қою керек
6. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап , жинастыру қажет
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді
Сергіту сәті
Мысығым , тұршы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Балалардың ішінен
Ең тапқырын таңдашы
Ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын (наклейка) балаларға бір-бірден таратып береді.
Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады.
|
Суреттерге қарап,тәрбиешіні тыңдайды.
Қонақтармен амандасады, қуаныштарын білдіреді
Көмектесуге ынта білдіреді
Қайталайды: ит-собака,
Мысық-кошка, достар- друзья, үйшік –домик
Үй құрастырады.
Үлестірмелі материалды қарастырады, сұрақтарға жауап береді, жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Қабырғасы - төртбұрыш
Шаршы неме төртбұрыш
Үшбұрыш
Қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен танысады, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды, жұмысқа кіріседі
Өлең сөзінің мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар жапсырманы жабыстырады.
«Күшік» деп ойыншық итке, «марғау» деп ойыншық мысықтың жапсырмасын жабыстырады
|
Рефлексиялық түзетушілік
|
Бір қалыпты әуен қосылады.
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын тексеріп, талдап, әдемі жасалған жұмыстарды мадақтайды. Кемшіліктерді ескертеді.
Қараңдаршы балалар қандай керемет үйлер бой көтерді
Балалар, Дос және Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады .Сендермен қоштасып, қолдарын бұлғайды.
Балалар біз бүгін нелерге көмектестік?
Балалар біз бүгін нені жабыстырдық?
Үйшік қандай бөлшектерден тұрады?
Мадақтау.
Балаларға «көңіл-күй қалташығына» оқу қызметінен алған әсерлерін жеткізу үшін, әртүрлі көңіл күйді білдіретін смайликтерді салуды ұсынады.
|
Балалар бір-бірінің жасаған жұмыстарын қарап, өз жетістіктеріне қуанып, кемшіліктерін түзетуге тырысады.
Балалар қуанышты көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап , итпен және мысықпен қоштасады.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар смайликтерді салады.
|