Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой-өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету



Дата15.05.2022
өлшемі13,34 Kb.
#34503
Байланысты:
сауат ашу


Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой-өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті балабақшада сауат ашу сабағы сәбидің тілін дамытуға,ауызекі дұрыс,мәдениетті сөйлеуге үйретуге, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге басты назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып,білудегі басты жәрдемшісі-тіл. Ал, тілдің дамуы оның сана-сезімінің,ой-өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.

Баланың сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын айналадағы адамдармен өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайында білуге құмарта түседі.Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады.Сонымен қатар баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейту,бір арнаға бағыттау балабақшада өтілетін арнайы сабақ, ойын, еңбек процестеріне де байланысты. Бұл тұрғыда тәрбиеші балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек. Ол үшін тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды, балаға қойылатын нақты сұрақтарды тиянақты жоспарлауы қажет.Себебі балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада өтілетін симметриялық формаларды салуда балалар орталық сызықты салуды, бағыттауды үйренеді. Бұл өз кезегінде, яғни 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау дағдылары қалыптасады.



Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдас-тырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Мұндағы басты мақсат-балаларға жазу мен санауды үйретудің алғы-шарттарын қалыптастыру. Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет