Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы


тарау. Орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар



бет18/20
Дата26.09.2022
өлшемі133,69 Kb.
#40406
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
2 тарау. Орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар

3. Орта білімнен кейінгі білімнің мазмұны білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.


Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны теориялық сабақтарды, зертханалық-практикалық жұмыстарды орындауды, өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді қамтитын базалық және кәсіптік модульдерді меңгеруді қарастырады.


4. Білім беру бағдарламаларын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы МЖБС-ның, кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.


Білім беру бағдарламасының құрылымына паспорт, жұмыс оқу жоспары және жұмыс оқу бағдарламалары кіреді.


5. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.


6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары кредиттік-модульдік технологияны қолдана отырып, құзыреттілік тәсіл негізінде құрылады.


Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын нақты қызметті орындау және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін қажетті білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұндық аспектілерін біріктіру негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді.


7. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары базалық құзыреттерді қалыптастыратын базалық модульдерді оқытуды көздейді.


Базалық құзыреттер салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене қасиеттерін жетілдіруге, қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтенуге және бейімделуге, патриотизм мен ұлттық сана-сезімді дамытуға, кәсіпкерлік қызмет дағдыларын және қаржылық сауаттылықты игеруге, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған.


Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:


1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;


2) ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;


3) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану;


4) кәсіби қызметте қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары мен механизмдерін қолдану.


Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымның қалауы бойынша базалық модульдер мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктіріледі.


Қосымша базалық модульдерді қосуға рұқсат етіледі.


8. Кәсіптік модульдер экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, біліктілік бойынша еңбек функциялары мен кәсіби міндеттердің мазмұнын көздейді.


Кәсіптік модульдерді орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес айқындайды.


Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер шеңберінде жобалау жұмысы арқылы білім алушының жеке компоненті іске асырылады.


9. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.


Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.


Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.


Дуальды оқытуды пайдаланылатын орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.


10. Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әр түрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.


Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) модульді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.


Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттауды өткізу кезінде шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделген. Шығармашылық тапсырма туралы ережені орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес әзірлейді.


Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында өткізіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.


11. Жұмыс оқу жоспарлары МЖБС-ның қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі негізінде әзірленеді.


12. Жұмыс оқу бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық модульдері бойынша әзірленеді және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы бекітеді.


13. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы:


1) міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, циклдердің, модульдердің көлемі мен мазмұнын дербес айқындайды;


2) бір мамандық шеңберінде модульдердің/біліктіліктердің жүйелігін, тізбесін және санын айқындайды;


3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.


14. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасының мазмұны жұмысшы біліктілігін игере отырып, қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейді және білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етеді және мәндес мамандықтар (біліктіліктер) бойынша білім берудің келесі деңгейінде оқыту нәтижелері мен кредиттерді/сағаттарды қайта есептеуді қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет