40. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 30,5 сағаттан, 6-сыныпта – 30,5 сағаттан, 7-сыныпта – 33,5 сағаттан, 8-сыныпта – 34,5 сағаттан, 9-сыныпта – 36 сағаттан аспауы тиіс. Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
41. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі ҮОЖ-да белгіленеді.
42. Апталық оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарында (инвариантты және вариативті компоненттер) айқындалған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығының түрін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті қарастырылған. Арнайы білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзеу және вариативті компоненттер білім алушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін ескере отырып белгіленеді. Инвариантты компоненттен таңдалған вариативті компоненттінің таңдау бойынша пәндеріне "сыналды" / "сыналмады" қойылады.
43. Сыныпты екі топқа бөлуге қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда: 1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті; 2) шетел тілі; 3) көркем еңбек; 4) информатика бойынша жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады. Білім беру ұйымдарында көркем еңбек бойынша сыныптың толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздарға сыныпты екі топқа бөлуге болады. Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 44-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 № 406 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
44. Сыныпты екі топқа бөлуге білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық болғанда: 1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті; 2) шетел тілі; 3) технология; 4) информатика бойынша жүзеге асырылады. 45. Жоғарыда аталған пәндерден инклюзивті білім беру аясында сыныпты топтарға бөлу білім алушылардың жалпы саны ерекше білім беру қажеттіліктері бар әр балаға барлық білім алушылар санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.