Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
19. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық
біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар
дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен
байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді.
Дескрипторлар білім алушылардың мынадай қабілеттерін сипаттайтын
оқыту нәтижелерін көрсетеді: ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары
шеңберінде еңбек және оқу қызметінің үдерістерін өз бетінше басқару және
бақылау жүргізу, мәселелерді талқылау, қорытындыларды дәлелдеу және
ақпаратпен сауатты жұмыс істеу, кәсіби салада теориялық және практикалық
білімнің кең ауқымын қолдану, кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты
өз бетінше іздестіруді орындау, шешу тәсілдерінің алуан түрлілігін және оларды
таңдауды болжайтын, шығармашылық тәсілді қолдану (немесе кәсіби
проблемаларды шешудің әртүрлі, оның ішінде балама нұсқаларын өз бетінше
әзірлеу және ұсыну шеберлігі мен дағдысы), ағымдағы және қорытынды бақылау
жүргізу, қызметті бағалау мен түзетуді орындау.
Достарыңызбен бөлісу: