18-параграф. 2-жартыжылдық 122. Тамақтану және үстел басындағы мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру: 1) азық-түліктің дәмі мен иісі туралы білімдерін бекіту; 2) қолымен алуға болатын кесек-кесек бөлікке бөлінген тамақты (жеміс, көкініс, нан) қолымен үзіп жеу білігін қалыптастыру; 3) кесемен баланы таныстыруды жалғастыру; 4) ересек адам ұстап тұрған ұстамасы жоқ кеседен (пластмассалы стакан) дұрыс ішу білігін қалыптастыру; 5) баланы қасықпен таныстыру; 6) қасықты дұрыс ұстау, көмекпен қасыққа тамақ алып аузына апару біліктілігін қалыптастыру; 7) үстел басында орындықта дұрыс отыруға үйрету; 8) майлықпен қолдануды үйрету; 9) ересек адамның көмегімен тарелканы өзінен итеруге, жинауға үйрету. 123. Күтілетін нәтижелер: 1) ересек адам ұстап тұрған ұстамасы жоқ кеседен (пластмассалы стакан) дұрыс ішу; 2) қасықты дұрыс ұстау, көмекпен қасыққа тамақ алып аузына апару; 3) үстел басында орындықта дұрыс отыру; 4) майлықты қолдану; 5) ересек адамның көмегімен тарелканы өзінен итеруге, жинау. 124. Киіну және киімді күту дағдыларын қалыптастыру: 1) жеке дене мүшелерінің қызметтері туралы білімдерін бекіту; 2) киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілермен таныстыру; 3) қалпақты шешуге, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды, аяқ киімді шешу дағдысын бекіту; 4) шапканы кию біліктілігін қалыптастыру; шұлықты тарту, етікке аяғын салу, шалбарды тізеден беліне дейін тарту (аяқ ұшынан беліне дейін), ересек адамның көмегімен жартылай киілген жемпірді немесе блузканы кию; 5) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашуға үйрету; 6) жабысқыштағы қарсы ілгегін ашуға үйрету. 125. Күтілетін нәтижелер: 1) жеке дене мүшелерінің қызметтері; 2) киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілерін таниды; 3) ересек адам шешіндіру әрекетін жалғастырады. 4) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашады; 5) жабысқыштағы қарсы ілгегін ашады. 126. Басқа жағдайларда мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру және үй еңбегі. 127. Үйретілетін біліктер: 1) серуеннен кейін ылғалды қолғаптарын кептіру үшін жайып қою; 2) ұйықтар алдында үлкендердің көмектесуімен төсек даярлау; жастықты алу, жамылғыны алу, төсекті ашу, жастықты қою; 3) ұйқыдан тұрған соң үлкеннің көмегімен төсегін жинау: ақжайманы қағу, оны төсеу, ақжайманың шетін матрастың астынан жіберу, көрпені жаю, үстіне жастықты қою; 4) қоқыстарды қоқыс кәрзеңкесіне салу. 128. Күтілетін нәтиже: 1) өз артынан жинайды; 2) өз-өзіне қызмет көрсету бойынша ересек адамның өтінішін орындайды.