Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет2/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

Білім және ғылым министрінің


міндетін атқарушы




Э. Суханбердиева




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 499 бұйрығына
1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.10.2022 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6-тармағына және 14-бабының 1-тармағына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес әзірленді.


2. Бағдарламаның мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу болып табылады.


3. Бағдарламаның міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру болып табылады.


4. Бағдарламаның мазмұны:


дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға;


балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге, қолдың ұсақ моторикасын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға;


тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуге;


өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасауға;


тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;


мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге;


бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.


5. Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдерін ескере отырып, келесі жас топтарында іске асырылады:


ерте жас тобы – 1 жастағы балалар;


кіші топ – 2 жастағы балалар;


ортаңғы топ – 3 жастағы балалар;


ересек топ – 4 жастағы балалар;


мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.


6. Бағдарламаның мазмұнын меңгеру мерзімі – 5 жыл, бір жас тобында – 1 жыл.


7. Педагог балаға:


ненің "дұрыс" және ненің "бұрыс" екенін түсінуді;


сыпайы және мейірімді болуды;


дос болуды, құрметтеуді, көмектесуді, бөлісуді;


қызығушылық танытуды, қоршаған әлемді бақылауды және зерттеуді;


тыңдауды, түсінуді және саналы сөйлеуді;


қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен салауатты әдеттерді сақтауды;


физикалық белсенділікке, соның ішінде белсенді қимыл ойындарын ойнауды;


өзі ойнауды;


ересектерге көмектесуге, еңбекқорлыққа;


ата-анасына, достарына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсете білуді, отбасын бағалауды;


өзіне қамқорлық жасауға және ниетін білдіруге үйретеді.


8. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердегі (лицейлердегі, гимназиялардағы) мектепалды сыныптарда іске асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет