Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-тарау. Ортаңғы топ (4- 5 жастағы балалар)



бет33/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

4-тарау. Ортаңғы топ (4- 5 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

39. Бұл топтағы "Коммуникация" білім беру саласы бағдарламасының базалық мазмұны "Тіл дамыту" арнайы түзету оқу әрекетінде жүзеге асырылады.


40. Мақсаты - тілдің лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру болып табылады.


41. Міндеттері:


1) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдер есебінен балалардың енжар және белсенді сөздіктерін байыту;


2) тілдің грамматикалық құралдарын белсендендіру;


3) ересек адамдармен және балалармен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;


4) диалогтік фразалық сөйлеуін дамыту.

2-параграф. 1-жартыжылдық

42. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту.


43. Импрессивті сөйлеуді дамыту:


1) болымды және болымсыз бұйрықтарды түсіне алуға оқыту;


2) мағынасы бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға үйрету;


3) мағынасы бойынша қарсы сын есімдердің орнын түсіну.


44. Экспрессивті сөйлеуді дамыту:


1) сөйлеу тілінде жай сөйлемдерді қолдана алуға үйрету;


2) сөйлеу тілінде септікті қолдану икемін дамыту;


3) "мен" жіктеу есімдігін зат есіммен келістіруді балаларға үйрету;


4) жекеше, көпше түрінде зат есімнің сын есіммен келістіру дағдысын дамыту;


5) тәуелдік сын есімді құрастыра алуды дамыту.


6) мағынасы бойынша қарама-қарсы сын есімдерді қолдануды дамыту;


7) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атауды үйрету икемін бекіту.


45. Байланыстырып сөйлеуді дамыту:


1) өзіндік фразалық сөйлеуді қолдануға үйрету;


2) пысықтауыш, анықтауыш, көмекші сөздер және көмекші сөздерсіз толықтаулармен сөйлемдерді жайылта алу икемін дамыту;


3) кішігірім әңгіме немесе ертегі мазмұны бойынша сөз орамдар және сөйлемдерде сөздерді аяқтап айтуға оқыту;


4) ертегілерден үзінді, көлемі бойынша үлкен емес, өтірік өлеңдер, тақпақтарды жатқа алу икемін дамыту.


46. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту:


1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің алғышарттарын дамыту;


2) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтуға үйрету: сөздің басында дауысты дыбысы бар сөздер "кітап", сөз ортасында "ыстық", сөз аяғында "қарт".


47. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту:


1) бала басқа балаларды тыңдай алатын, балалар, ересек адамдармен қарым-қатынас орната алатын жағдайлар жасау;


2) диалог барысында сұрақтар қоя білуін және оларға жауап қайтара алуын бекіту, өтініш және алғыс білдіру кезінде қарапайым сыпайылықты көрсету алуға үйрету;


3) диалогқа дер кезінде түсуді және әңгімені аяқтауды дамыту.


48. Күтілетін нәтижелер:


1) диалогтік- қарым-қатынастың негізгі түрін қолданады;


2) үлкендерге "сіз" деп айта отыра, сұрақтарға және өтініштерге жауап береді, құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түсе алады;


3) мағынасы бойынша қарама-қарсы етістіктер мен сын есімдердің орнын түсінеді;


4) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдерді қолданады;


5) жекеше, көпше түрінде есімдікті зат есіммен, сын есімді зат есіммен келістіре алады;


6) кейбір артикуляциялық жаттығуларды орындай алады;


7) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтады: сөздің басында, сөз ортасында, сөз аяғында дауысты дыбысы бар сөздер;


8) жайылма сөйлемдерді құрастыра алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет