Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту



бет11/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

82. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.


83. Мақсаты балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетті дамыту болып табылады.


84. Міндеттері:


бейнелеу өнеріне, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;


материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету;


балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу;


көркемдік қабылдауды дамыту, балаларды бейнелеу өнерінің шығармаларын түсінуге, музыка мен әнді қабылдауға баулу;


заттар туралы түсініктерді, бейнелеу және құрастыру әрекеттерін нақтылау үшін көру және сипап-сезу (тактилді) зерттеу әдістерін қалыптастыру;


құрылыс материалдарынан құрастыруға баулу;


желімсіз жапсыру техникасын игеру;


өз өмірінің қауіпсіздігі туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру, заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру.


85. Күтілетін нәтижелер:


қаламды дұрыс ұстайды, тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізеді;


түстерді ажыратады және оларды дұрыс атайды;


өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады;


қағаз бетін бағдарлайды;


қағаз бетіне бояулармен сызықтар, жақпалар салады;


дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелейді;


қағаздың қасиеттерін біледі;


қағазға және құмға сурет салудың бастапқы техникасын меңгерген;


сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі;


сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие;


мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгерген (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады);


мүсіндейтін заттарды зерттейді;


кесе, тостаған, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдетеді;


дайын болған бұйымды тұғырға орналастырады, жұмыстан кейін материалдарды жинастырады;


мүсінделген заттардың пішіндерін таныс заттармен салыстырады;


қағазды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу) біледі;


бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қояды және құрастырады;


фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және құрастырады;


симметриялық пішіндерді, ою-өрнектерді орналастырады;


құрылыс материалдарынан және конструкторлардың ірі бөлшектерінен құрастыра алады;


қарапайым құрылысты үлгі бойынша құрастырады;


құрылыс материалдарын (текшелер, кірпіштер) ажырата алады;


тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнайды;


өз бетінше құрастыруға тырысады;


қорапқа құрылыс бөлшектерін жинастырады;


табиғи материалдармен (құм, су, тас) ойнайды;


тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды;


музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдайды;


музыкалық шығармалардың сипатын ажыратады (баяу және көңілді әндер);


қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажыратады;


педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, жекелеген сөздер мен буындарды қосып айтады;


әндегі сөз тіркестерін айтады (ересектермен бірге);


музыкалық аспаптарды ажыратады (барабан, бубен, сылдырмақ, асатаяқ);


бұрын естіген әндерді таниды;


ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарын тарсылдатады, қолдың білектерін айналдырады);


әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсетеді (қоян секіреді, құс ұшады);


музыкалық-ырғақтық қимылдарды: денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеуді орындайды.


86. Сурет салу


Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.


Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.


Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.


Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.


Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.


87. Мүсіндеу.


Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.


Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.


Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.


Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.


88. Жапсыру.


Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.


Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.


Фланелеграфта геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру.


89. Құрастыру.


Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.


Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.


Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.


Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.


90. Музыка.


Музыкаға деген қызығушылықты ояту, музыка тыңдауға, ән айтуға, қарапайым би қимылдарын орындауға баулу.


Музыка тыңдау.


Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу.


Баяу және көтеріңкі дыбысты, музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер) ажырата білу.


Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.


Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру. Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.


Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ), оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай) дыбыстарымен таныстыру.


Ән айту.


Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту.


Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.


Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.


Музыкалық-ырғақтық қимылдар.


Музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.


Қарапайым би қимылдарын орындау: қолдың білектерін айналдыру, шапалақтау және аяқты тарсылдату, жүрелеп отыру, аяқтарын қозғау, айналу; денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу.


Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналау.


Қимылдарды музыкалық аспаптармен (бубенмен, сылдырмақпен, маракаспен) орындау дағдысын дамыту.


Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет