6-параграф. 2 - жартыжылдық 528. Қоршаған ортамен танысу: 1) отбасындағы туыстық қатынастар туралы және өзінің әлеуметтік рөлітүсініктерін жетілдіру: аға, әпке; 2) мамандықтарментаныстыру: аспаз, тігінші, сатушы; 3) балабақшаның іші-жайыментаныстыруды жалғастыру: асхана, кір жуатын бөлме, медициналық кабинет; 4) тұрмыстық заттартуралы түсініктерін кеңейту: киім, аяқ киім, (жазғы, қысқы және олардың бөліктері); 5) макроәлеуметтік ортатуралы түсініктерін кеңейту: қала, көшелер, көлік, сауда үйі, аурухана; 6) тұрғын үйдің іші-жайыментаныстыру: зал, асхана, кіреберіс, жуынатын бөлме; 7) тұрмыстық заттартүсініктерін қалыптастыру: ине, жіп, түйме, мататуралы; 8) жүру жеріне және қызметіне қарай көліктердің түрлері туралы түсініктерін иллюстрацияларға сүйене отырып қалыптастыру; 9) байланыс құралдары (телефон, компютер,теледидар) туралы түсініктерін қалыптастыру; 10) тәулік мезгілдері, апта күндері туралы түсініктерін кеңейту; 11) жыл мезгілдері және олардың белгілері туралы білімдерін қалыптастыру; 12) мемлекеттік рәміздерімен, әнұранмен таныстыру; 13) қазақтың ұлттық киімдері туралы түсініктерін қалыптастыру; 14) азық-түлік туралы түсініктерін қалыптастыру; 15) серуен, ертеңгілік кезіндегі, топ ішіндегі жүріс-тұрыс ережелері туралы білімдерін қалыптастыру; 16) мейрамдармен таныстыруды жалғастыру: туған күн, наурыз, достық мейрамы; 17) балалардың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай ауызша сөйлеу тілін дамыту; 18) психикалық үдерістерін дамыту: зейін, жад, ойлау. 529. Күтілетін нәтижелер: 1) өзін және отбасы мүшелерін біледі; 2) "Сенің жасың нешеде" сұрағына жауап береді немесе көрсетеді; 3) балабақшаның іші-жайы туралы түсінігі бар; 4) тұрмыстық заттар туралы түсінігі бар; 5) тірек суреттер бойынша пәтердегі тұрғын бөлмелерді ажыратады; 6) жүру жеріне және қызметіне қарай көліктердің түрлері туралы түсініктері бар; 7) иллюстрацияға сүйене отырып, байланыс құралдары туралы түсініктері бар (телефон, компьютер, теледидар); 8) жыл мезгілдерін қарапайым белгілері бойынша ажырата алады; 9) апта күндері туралы түсініктері бар; 10) кейбіразық-түліктерді ажыратады; 11) жүріс-тұрыстың қарапайым ережелерін сақтайды; 12) мейрамдар туралы түсініктері бар.