Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту



бет16/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

142. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.


143. Мақсаты балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық дағдыларын, зерттеу қабілеттерін, көркем-эстетикалық талғамын дамыту үшін ұлттық мәдениетке баулу болып табылады.


144. Міндеттері:


музыкаға, бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;


бейнелеу әрекеті мен оның нәтижесіне эмоционалды жағымды қарым қатынас орнату;


бейнелеу әрекетін балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастыру, балаларға бейнелейтін заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру;


қарапайым заттарды, құбылыстарды, пішіндерді, түстерді, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру, көз бен қолдың үйлесімін дамыту;


балалардың қалауы бойынша материалдарды, бейнелеу техникасын (саусақпен, алақанмен, мақтамен, сазбалшықпен, ермексазбен, қағазбен) таңдауға мүмкіндік беру;


қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;


өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу;


бейнелеу әрекеті барысында қауіпсіздікті сақтауға және еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа баулу.


145. Күтілетін нәтижелер:


сурет салу бойынша:


сурет салу техникасының бастапқы дағдыларына ие;


сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана біледі;


негізгі түстерді дұрыс атайды;


қарапайым сюжеттік композицияларды құрайды;


тұтас қағаз бетіне бейнені орналастыра алады;


пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген;


сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады;


сурет салуда салуда ұқыптылық танытады, қауіпсіздікті сақтайды;


мүсіндеу бойынша:


заттарды мүсіндеуге қызығады;


сазбалшықтың және ермексаздың қасиеттерін біледі;


мүсіндейтін затты зерттейді;


мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;


мүсіндеуге қажетті негізгі техникалық дағдыларды игерген;


бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндейді;


қазақ халқының әшекей бұйымдарын біледі;


заттар мен бұйымдарды өз бетінше мүсіндей алады;


жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіреді;


мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтайды;


жұмысты ұқыпты жасауға тырысады;


жапсыру бойынша:


желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игерген;


бейнеленетін заттарға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдай алады;


ересектер даярлаған ірі және ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді;


оюдың әсемдігін, оның орналасуын байқайды, олардың элементтерін бөліп көрсетеді;


қазақ халқының ыдыс-аяқтары мен тұрмыстық заттарын біледі;


ұжымдық жұмыстарға қатысады және оларды қызығып жасайды;


геометриялық фигураларды ажыратады, оларды ою-өрнектермен безендіреді;


желім қалдықтарын сүрту үшін майлықты пайдаланады;


құрастыру бойынша:


құрастыруды қызығушылықпен орындайды;


құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап, зерттейді;


құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды;


әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар тұрғызады;


ұжымдық құрылыс жасауға қатысады;


өзі құраған құрылысымен ойнайды;


ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыра алады;


ойнап болған соң құрылыс бөлшектерін жинайды;


музыка бойынша:


музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдайды;


музыканы тыңдау дағдыларын меңгерген;


музыка жанрлары: ән мен маршты, биді таниды;


музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдайды, музыканың сипатын түсінеді;


музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталуын ажыратады, оларды атайды, қарапайым ырғақпен соғады;


әннің қарқынына сәйкес топпен қосылып ән айтады, әнді барлығымен бірге бастайды және аяқтайды;


сөздерді дұрыс және анық айтады, әннің сипатын береді (көңілді, мұңды, ойнақы, әуенді);


музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октаваның диапазонында ән айтады;


қазақ халқының қарапайым би қимылдарын біледі;


билейтін әуендерге сәйкес қимылдарды өз бетінше орындайды;


музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын ойындарда мәнерлі және эмоционалды жеткізеді;


балалар музыка аспаптарын біледі, оларда ойнайды.


146. Сурет салу.


Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.


Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету. Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды, бояудың келесі түсін қолдану үшін қылқаламды басқа түске салмас бұрын жақсылап суға шайып алып қолдануды, жуылған қылқаламды жұмсақ матамен немесе қағаз майлықпен сүртіп кептіруді үйрету.


Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.


Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу.


Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.


Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.


147. Мүсіндеу.


Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу. Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету.


Кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар).


Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.


Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.


Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.


Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.


148. Жапсыру.


Балалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру. Қағаз бетінде көлемі, түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, ойдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау, содан соң пайда болған бейнені қағазға жапсыру.


Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану.


Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру. Заттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді бекіту.


Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдану.


Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.


Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасау.


Жапсыру барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыпты болуға баулу.


149. Құрастыру.


Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру.


Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.


Құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап зерттеуге және кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, өз бетінше құрастыруға мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу.


Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату.


Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату.


Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.


Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.


150. Музыка.


Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру.


Музыка тыңдау.


Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдауға, музыканың сипатын түсінуге, музыкалық шығарманың неше бөлімнен тұратынын білуге және ажыратуға үйрету.


Музыкалық ойыншықтар мен балалар музыка аспаптарының (музыкалық балға, сылдырмақ, барабан, металлофон, маракас, асатаяқ, тұяқ, сырнай) дыбысталуын ажырата білуді жетілдіру.


Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру; әннің мазмұнын түсіну.


Әртүрлі аспапта орындалған әндерді тыңдауға, оларды есте сақтауға және білуге; шығарманы соңына дейін тыңдауға үйрету.


Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуді қалыптастыру.


Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу.


Ересектердің орындауындағы және аудио-бейнежазбадан музыка тыңдауға үйрету.


Музыкалық шығарманың көркем құралдарын: дауысы (ақырын-қатты), қарқыны (жылдам-баяу), көңіл-күйі (мұңды, көңілді ) байқауға үйрету.


Ән айту.


Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету: ре (ми) — ля (си) диапазонында, барлығымен бір қарқында әнді таза айту, сөздерді анық айту, әннің сипатын жеткізу (көңілді, созып, ойнақы айту).


Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау.


Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.


Музыкамен жүру мен жүгіруді ырғақты орындау, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүру және шашырап жүруге үйрету.


Музыканың басталуы мен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау, қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтау.


Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту: кезек-кезек екі аяқпен және бір аяқпен секіру. Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындау.


Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады.


Қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталау.


Балалардың билейтін музыкаға сәйкес би қимылдарын өз бетінше орындауына, таныс би қимылдарын ойындарда қолдануына мүмкіндік беру.


Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.


Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, сылдырмақ, маракас және барабанмен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.


Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет