13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 231. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу ұйымдастырылған оқу әрекетінде жүзеге асырылады. 232. Мақсаты - күрделі кемістігі барбалаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын қанағаттандыру бойынша өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету. 233. Міндеттері: 1) жақын ортадағы заттар туралы түсініктерін қалыптастыру; 2) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық жағдаяттар туралы түсініктерін қалыптастыру; 3) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. 14-параграф. 1-жартыжылдық 234. Әлеуметтік дамыту мен еңбекке баулу: 1) тұрмыста, сонымен қатар дидактикалық ойын барысындағы сабақтарда өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын, суреттерді зейін қойып қарап, нұсқауды орындауын қалыптастыру; 2) баланың әртүрлі тұрмыстық жағдайда үстел басында өзінің орнын табуға, тамақтанған кейін үстелін жылжытып қоюға үйрету; 3) ойыншықтарды, құрылыс материалдарын, кітаптарын өз орнына қоюға үйрету; 4) қарапайым нұсқауды орындауға үйрету: алаңдағы құлаған жапырақты нақты орынға жинау, гүл суғару, қар тазалау, топқа ойыншықты жинау, орындықтарды үстелге жақындатып қою; 5) ересек адамның еңбегіне қатысуға үйрету. 235. Күтілетін нәтижелер: 1) баланың әртүрлі тұрмыстық жағдайда үстел басында өзінің орнын табуға, тамақтанған кейін үстелін жылжытып қояды; 2) ойыншықтарды, құрылыс материалдарын, кітаптарын өз орнына қою; 3) қарапайым нұсқауды орындайды: алаңдағы құлаған жапырақты нақты орынға жинау, гүл суғару, қар тазалау, топқа ойыншықты жинау, орындықтарды үстелге жақындатып қояды; 4) ересек адамның еңбегіне қатысады.