3-параграф. 2-жартыжылдық 16. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, жалп сөйлеу дағдыларын тәрбиелеу. 17. Импрессивті сөйлеуді дамыту: 1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтауды жүзеге асыру және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту; 2) заттарды белгілейтін сөздерді олардың күнделікті өмірдегі әрекетімен сәйкестендіре алуды бекіту; 3) "астында", "артында" үстеулерінің мәнін түсінуді қалыптастыру; 4) оқылған ертегінің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарды түсіне алуды балаларға оқыту; 5) өткен шақтағы етістіктердің түрін сөйлеуде ажырата алуға арналған жаттығу. 18. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген фонетикалық рәсімделуімен): 1) "астында", "артында" үстеулерін қолдану икеміне үйрету; 2) ересектердің қарапайым сұрақтарына балалардың қысқа сөз орамдарымен жауап беруі негізінде сөйлеудің диалогтық түрін дамыту; 3) сөйлеуге үстеулерді енгізу: "анда-мында"; 4) екі-үш сөзді сөйлемдерді қолдана алуды бекіту; 5) ересекпен басталған сөйлемдерді аяқтай алуға үйрету (көруге сүйену негізінде); 6) дыбыс еліктеуден тұратын, қарапайым өтірік өлеңдер мен тақпақтарды жаттау. 19. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру: 1) заттардың дыбысталу ретін есте сақтай алуды қалыптастыру; 2) балалардың дауысын, жануарлардың дауысын ажырата алуды дамыту; 3) дыбысқа еліктеу тізбегін есте сақтай алуға оқыту. 20. Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу: 1) сөйлеудің ритмикалық бейнесін, интонациясын сәйкесінше айтуға үйрету; 2) буындарда, сөздерде, сөз орамдарында ерте онтогенез дыбыстарын және дауысты дыбыстарды айту дағдыларын қалыптастыру; 3) сәлемдесу және қоштасу кезінде әдептілік формаларын қолдану дағдысын дамыту; 4) суреттегі эмоциялық жағдайды және дене тұрысын, ым-ишара, мимика мағынасын анықтай алу икемін қалыптастыру; 5) қарым-қатынастың вербалды құралдарын белсендендіру. 21. Күтілетін нәтижелер: 1) қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсінеді және құрдастарымен қарым-қатынасқа түседі; 2) енжар қолданыста қарапайым әрекеттерді бейнелейтін сөздер және кейбір лексикалық тақырыптар бойынша сөздер бар; 3) тұрмыстық қолданысты заттарды бейнелейтін сөздермен, олардың күнделікті өмірдегі әрекетімен сәйкестендіре алады; 4) сөйлеудің қарапайым грамматикалық формаларын түсінеді; 5) оқылған ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарды түсінеді; 6) балалардың дауыстарын, жануарлардың дауыстарын, дауысқа еліктеулерін ажырата алады; 7) буындарда, сөздерде және сөз тіркестерінде ерте онтогенездегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды айта алады; 8) дыбысқа еліктеуі бар өтірік өлеңдер мен қарапайым тақпақтарды жаттай алады; 9) өзі туралы, отбасы туралы, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап бере алады; 10) екі құрамды сөйлемдермен және бірнеше сөздерден құралған сөйлемдермен қолданады.