4-тарау. Ортаңғы топ (4- 5 жастағы балалар) 1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы 39. Бұл топтағы "Коммуникация" білім беру саласы бағдарламасының базалық мазмұны "Тіл дамыту" арнайы түзету оқу әрекетінде жүзеге асырылады. 40. Мақсаты - тілдің лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру болып табылады. 41. Міндеттері: 1) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдер есебінен балалардың енжар және белсенді сөздіктерін байыту; 2) тілдің грамматикалық құралдарын белсендендіру; 3) ересек адамдармен және балалармен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру; 4) диалогтік фразалық сөйлеуін дамыту. 2-параграф. 1-жартыжылдық 42. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту. 43. Импрессивті сөйлеуді дамыту: 1) болымды және болымсыз бұйрықтарды түсіне алуға оқыту; 2) мағынасы бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға үйрету; 3) мағынасы бойынша қарсы сын есімдердің орнын түсіну. 44. Экспрессивті сөйлеуді дамыту: 1) сөйлеу тілінде жай сөйлемдерді қолдана алуға үйрету; 2) сөйлеу тілінде септікті қолдану икемін дамыту; 3) "мен" жіктеу есімдігін зат есіммен келістіруді балаларға үйрету; 4) жекеше, көпше түрінде зат есімнің сын есіммен келістіру дағдысын дамыту; 5) тәуелдік сын есімді құрастыра алуды дамыту. 6) мағынасы бойынша қарама-қарсы сын есімдерді қолдануды дамыту; 7) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атауды үйрету икемін бекіту. 45. Байланыстырып сөйлеуді дамыту: 1) өзіндік фразалық сөйлеуді қолдануға үйрету; 2) пысықтауыш, анықтауыш, көмекші сөздер және көмекші сөздерсіз толықтаулармен сөйлемдерді жайылта алу икемін дамыту; 3) кішігірім әңгіме немесе ертегі мазмұны бойынша сөз орамдар және сөйлемдерде сөздерді аяқтап айтуға оқыту; 4) ертегілерден үзінді, көлемі бойынша үлкен емес, өтірік өлеңдер, тақпақтарды жатқа алу икемін дамыту. 46. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту: 1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің алғышарттарын дамыту; 2) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтуға үйрету: сөздің басында дауысты дыбысы бар сөздер "кітап", сөз ортасында "ыстық", сөз аяғында "қарт". 47. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту: 1) бала басқа балаларды тыңдай алатын, балалар, ересек адамдармен қарым-қатынас орната алатын жағдайлар жасау; 2) диалог барысында сұрақтар қоя білуін және оларға жауап қайтара алуын бекіту, өтініш және алғыс білдіру кезінде қарапайым сыпайылықты көрсету алуға үйрету; 3) диалогқа дер кезінде түсуді және әңгімені аяқтауды дамыту. 48. Күтілетін нәтижелер: 1) диалогтік- қарым-қатынастың негізгі түрін қолданады; 2) үлкендерге "сіз" деп айта отыра, сұрақтарға және өтініштерге жауап береді, құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түсе алады; 3) мағынасы бойынша қарама-қарсы етістіктер мен сын есімдердің орнын түсінеді; 4) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдерді қолданады; 5) жекеше, көпше түрінде есімдікті зат есіммен, сын есімді зат есіммен келістіре алады; 6) кейбір артикуляциялық жаттығуларды орындай алады; 7) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтады: сөздің басында, сөз ортасында, сөз аяғында дауысты дыбысы бар сөздер; 8) жайылма сөйлемдерді құрастыра алады.