4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 334. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік-тұрмыстық бағдар арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады. 335. Мақсаты - әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларда қоршаған адамдармен қарым-қатынас мен өзіндік мінез-құлықты ұйымдастырумен байланысты біліктер мен дағдыларды қалыптастыру. 336. Міндеттері: 1) адамның әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекетінің саласы туралы ұғымдарын дамыту; 2) тұрмыстық және әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен нормалары саласында балалардың әлеуметтік бағдарларын қалыптастыру. 5-параграф. 1 - жартыжылдық 337. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар келесіні қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдар, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, қоғамдық-тұрмыстық мекемелер, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті. 338. Заттық әлем. Біліктерді жетілдіру: 1) ұқсастығы мен айырмашылығының белгілері бойынша бір түрдегі заттарды салыстыру; 2) пішіні, түсі, материалы, қызметі бойынша заттарды топтастыру; 3) заттың қызметі мен құрылысы, дайындалған материалы арасындағы байланысты орнату. 339. Бала және қоршаған адамдар: 1) адамның жеке-дара сырт бейнесінің ерекшеліктері туралы ұғымдарды жетілдіру; 2) өз мінезінің, қызығушылықтарының белгілері туралы тұлғалық ұғымдарды қалыптастыру. 340. Жеке гигиена. Ұғымдарды дамыту: 1) көз гигиенасының ережелері туралы; 2) көзге пайдалы және зиянды әдеттер туралы. 341. Көшедегі мінез-құлық ережесі: 1) көру және сақталған анализаторларға сүйеніп, көлік құралдарын ажыратуға арналған жаттығу; 2) жолаушылар көлігінің (маршруттар, аялдамалар) қозғалыс тәртібі туралы ұғымдарды қалыптастыру; 3) дыбыстық сипаттамасы бойынша жолаушылар көлігінің аялдамасын, есіктердің ашылуы мен жабылуын ажырату білігін үйрету; 4) жолаушылар көлігінің аялдамасында мінез-құлық ережесін бекіту. 342. Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер. Ұғымдарды қалыптастыру: 1) дәріхана, кинотеатр туралы; 2) дәріханада, кинотеатрдағы мінез-құлық ережесі туралы. 343. Ересектердің еңбегі. Автобус жүргізушісінің кәсібі, еңбек нәтижелерінің мазмұны мен маңызы туралы ұғымдарды қалыптастыру. 344. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті. Кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдері туралы ұғымдарды қалыптастыру. 345. Қабылдауға және қайта жаңғыртуға үйрету: 1) бет қимылы: өкпе-реніш, кінә; 2) қол қимылы: кел, татуласайық, көрсетпеймін, бер; 3) пантомимикалық қимылдар: гүлдерді суарамын, шұңқыр қазамын, доп ойнаймын; 4) графикалық бейнелер бойынша эмоционалды күйлерді анықтау, эмоцияның графикалық және шынайы бейнелерін салыстыру біліктері. 346. Күтілетін нәтижелер: 1) бір түрдегі заттардың алуан түрлілігіне бағдарланады, оларды қызметі бойынша жіктейді; 2) өзінің және басқа балалардың сырт бейнесінің ерекшеліктерін салыстырады; 3) жолаушылар көлігінің аялдамасында, қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелерін біледі; 4) автобус жүргізушісінің кәсібі, оның еңбегінің бағыттылығы мен мазмұны туралы түсініктері бар; 5) кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерін біледі; 6) графикалық бейнелер бойынша эмоционалды күйлерді анықтай алады, оларды эмоцияның шынайы бейнелерімен арақатынаста белгілей алады.