Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет165/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   289
Байланысты:
МДҰ оқу бағдарламасы

8-параграф. 1-жартыжылдық


      85. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:



      1) сандық түсініктерді қалыптастыру:дискретті көптіктермен (заттармен, ойыншықтармен) практикалық әрекеттер;үздіксіз көптіктермен (су, құм, жарма, сусымалы заттар) практикалық әрекеттер;біртекті заттардан көптік құрастыру және көптіктерді жеке заттарға бөлу (педагог "тағы", "көп", "барлығы", сөздерін пайдалана отырып, балалардың әрекеттерін айтып тұрады), еліктеу бойынша топтан "бір және көп"; заттарды бөлу;



      2) дискретті және үздіксіз көптіктерді саны бойынша ажырату: "көп - аз";үздіксіз көптіктердің санын "бос-толық" анықтау;



      3) сөзбен ("көп", "аз", "біреу") немесе сөзсіз (сәйкес ым-ишараттың көмегімен) жауап бере отырып, "қанша?" сұрағын түсінуге үйрету;



      4) екі тең (тең емес) топ заттарын салыстыру;еліктеу бойынша бір текті көптіктен 1, 2 затты ерекшелеу;



      5) көлем:заттың көлемін анықтау және бірін біріне салу және жанына қою тәсілдерін пайдаланып көлемі бойынша заттарды салыстыру (үлкен, кіші);



      6) геометриялық фигуралар:дөңгелек пішінді заттарды анықтау; заттарды пішініне (шар) қарай топтастыру;



      7) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша:алға, артқа, солға, оңға (ересек адамның көмегімен)қозғалу; нұсқау бойынша заттың орналасу орнын анықтау.


      86. Күтілетін нәтижелер:


      1) еліктеу немесе үлгі бойынша бір текті немесе әртүрлі элементтерден көптік құрайды;



      2) топтан "бір", "көп" заттарды ерекшелейді;



      3) үздіксіз көптіктің санын: "бос-толық" анықтайды;



      4) дискретті және үздіксіз көптіктерді саны бойынша: "көп - аз" ажыратады;



      5) еліктеу бойынша бір текті заттар көптігінен 1, 2 затты ерекшелейді;



      6) геометриялық фигураны: дөңгелекті ажыратады;



      7) берілген бағыт бойынша: алға, артқа, солға, оңға қозғалады(ересек адамның көмегімен);



      8) ересек адамның ұйымдастырушы және бағыттаушы көмегімен жұптық сәйкестікті анықтау тәсілімен элементтерінің саны бойынша тең көптіктерді құрайды.


      87. Сенсорика:


      1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:ұсынылған 2-3 үлгінің шегінде заттарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру;ойын бөлмесінің әртүрлі жерлерінде орналасқан жұп заттарды табу;педагогтың үстеліндегі екі ойыншықтың ішінен таңдау арқылы ойыншықтарды қабылдау; көлемдері бірдей, бірақ пішіндері әртүрлі (дөңгелек, шаршы) қораптарға қақпақтаңдау, байқау арқылы қақпақтың пішінінің қорап пішініне қатысын сәйкестендіру;түстерді (қызыл, сары) ажырату;



      2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: еліктеу бойынша әртүрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуына (дағараның дыбысы бойынша жүру, бубеннің дыбысына қол шапалақтау) жауап ретінде әртүрлі қимыл реакцияларын шығару; дыбысқа еліктеуді оларға сәйкес 2-3 суреттердің ішінен таңдай отырып, сәйкестендіру арқылы жіктеу; ойыншықты оған сәйкес дыбысқа еліктеумен сәйкестендіру; фонетикалық талдаусыз буын құрамы әртүрлі сөздерді ажырату;



      3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:таныс ойыншықтарды үлгісін көрсетпей-ақ сөз бойынша сипап сезіптаңдау, 2 заттан таңдау;көлемді пішіндерді (шар, текше) ажырату, үлгісін көрсете отырып, көру арқылы 2 шардан (үлкен, кіші) таңдау жасау;заттарды сипап сезіп, ажырату (үлкен, кіші), заттар мен нысандарды "дымқыл" - "құрғақ" (сүлгі, ыдыс, шөп, жер) белгілері бойынша жіктеу; заттар мен нысандардың температурасын "ыстық" - "суық" (ыдыс, су, құм) белгілері бойынша ажырату;



      4) дәм сезуді дамыту:ыстық және суық тамақ туралы түсінікті қалыптастыру;ыстық және суық сусындарды (шай, шырын) жіктеу.


      88. Күтілетін нәтижелер:


      1) түстерді (қызыл, сары) сәйкестендіреді;



      2) заттардың көлемін (үлкен, кіші) ажыратады;



      3) геометриялық пішіндерді (шар, текше) сипап сезу арқылы ажыратады;



      4) заттарды сезімталдықтың әртүрлі түрлерін тексеруге қатыстыра отырып қарастырады;



      5) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды;



      6) таныс ойыншығының бейнесін затпен сәйкестендіреді;



      7) екі-үш музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратады;



      8) ойыншықтарды сәйкес дыбысқа еліктеумен сәйкестендіреді;



      9) "ыстық - суық" белгілері бойынша тамақты, сусынды ажыратады;



      10) заттарды және нысандарды "дымқыл - құрғақ", "ыстық - суық" белгілері бойынша ажыратады.


      89. Құрастыру:


      1) балалардың көзінше орындалатын құрастыру әрекеті процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға;ересектің көмегімен құрылыс материалынан қарапайым құрылыстарды орындауғаүйрету;ересек адам жасаған әртүрлі құрылыстармен ойнауға;көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін екі қолымен сипап сезіп зерделеу арқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға үйрету;



      2) құрылыс материалдарынан құрастыру:құрылыс материалдарының бөліктерімен, оларды құрастыру мүмкіндіктерімен (текше) таныстыру;еліктеу бойынша "Мен сияқты істе" тәсілін пайдалана отырып, 2-3 текшеден мұнара құрастыру;ойында құрылыс жиынтығының элементтерін зат алмастырушысы ретінде пайдалану;



      3) заттық емес құрастыру:бөліктерден бүтін құрай отырып,ойыншықты жинастыру;кеңістікте өзінің орналасу жағдайы туралы түсінікті (жоғарыда-төменде) қалыптастыру;еліктеу бойынша топ бөлмесінің кеңістігінде құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру білігін бекіту ("Мен сияқты қой");



      4) таяқшалардан құрастыру:таяқшаларды пішіннің (үй, жалауша) суретінің үстіне қою;



      5) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру:үлгі бойынша ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;қуыршақтың бет-әлпетін және дене мүшелерін көрсету;



      6) дағдыларды қалыптастыру:конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру;бөліктерді бірін біріне орналастыру;затты екі қолымен зерделеу (затты сипау);құрылыс жиынтығының эелементтерін көлемі бойынша (үлкен, кіші) салыстыру.


      90. Күтілетін нәтижелер:


      1) құрастыру процесіне және нәтижесіне деген әсері жағымды;



      2) құрылыс материалынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар құрастырады;



      3) ойыншықты жинастырады, бөліктерден бүтін құрастырады;



      4) таныс құрылыстарды таниды;



      5) бұйымдар мен құрылымдарды әр түрлі бағытта орналастырады;



      6) таныс құрылыстарды пайдалана отырып ойнайды.


      91. Жаратылыстану:


      1) табиғат құбылыстары: қоршаған әлем нысандары мен субъектілеріне деген қызығушылықты қалыптастыру;



      2) өсімдіктер әлемі: практикалық әрекет үдерісінде көкөністер (қызанақ) мен жемістер (алма, алмұрт) туралы түсініктерді қалыптастыру;



      3) жануарлар әлемі: үй жануарлары (мысық) туралы түсініктерді қалыптастыру; жабайы жануарлар (аю) туралы түсініктерді қалыптастыру.


      92. Күтілетін нәтижелер:


      1) қоршаған әлем нысандары мен субъектілеріне деген қызығушылығын байқатады;



      2) таныс көкөністер мен жемістерді көрсетеді;



      3) таныс үй және жабайы жануарларды көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет