13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
180. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны - әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу (шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
181. Мақсаты жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын жалпы адамзаттық норма мен ережелер негізінде қалыптастыру болып табылады.
182. Міндеттері:
1) ересектердің еңбегі туралы білімді, құрдастырымен және ерсесектермен өзара қатынас ережелері туралы білімді байыту;
2) құрдастарымен өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
3) нақты бір жағдайға: орындыққа отыру, сабақта отыру, өзінің төсегіне жату, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алуға және салуға қатысты барабар тәртіпті қалыптастыру;
4) басқа баланың әрекеттерін және бірнеше құрдастарының ойынын бақылауға үйрету;
5) құрдасына эмоционалды жағымды ниет көрсетіп, онымен бірге әрекеттенуге үйрету;
6) ересектердің еңбектері туралы түсінікті қалыптастыру;
7) ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету;
8) еңбек әрекетіндегі белсенділікті дамыту;
9) ересектердің еңбегін құрметтеу сезімін тәрбиелеу;
10) бұйымдарды өз қолымен жасауға деген қалау мен қызығушылықты дамыту;
11) балалардың ірі, ұсақ қимыл-қозғалыстарын, сөйлеу тілін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |