13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
255. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны - әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу (шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
256. Мақсаты әлеуметтік дағдыларды қоршаған әлеммен танысу, ерсектермен және құрдастарымен қарым-қатынас негізінде қалыптастыру және дамыту болып табылады.
257. Міндеттері:
1) балаларды дербестікке ұмтылуға ынталандыру және қолдау;
2) қарапайым еңбек дағдыларын дамыту;
3) ересектің аздаған көмегімен киіну және шешіну дағдыларын қалыптастыру;
4) еңбек әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру;
5) ересектің бақылауымен және көмегімен қарапайым тапсырмаларды (заттарды сөреге қою, қоқысты жинау) орындауға, бір-біріне көмектесуге үйрету;
6) қабылдауды, ойлауды, зейінді, жадты, сөйлеу тілін дамыту;
7) ересектердің кәсіптері туралы түсінікті қалыптастыру;
8) әртүрлі материаладардан бұйым жасау процесінде қарапайым құралдық әрекеттерді қалыптастыру;
9) еңбек мәдениетінің негізін, шаруашылық-тұрмыстық әрекеттер процесінде үнемділікті, ұқыптылықты қалыптастыру;
10) жалпы және қол қимыл-қозғалысын, екі қол қимылының үйлесімділігін, еңбек әрекеті процесіндегі көру-қимыл үйлесімділігін дамыту;
11) бұйымдарды өз қолымен жасауға деген қызығушылық пен ынтаны дамыту;
12) еңбек әрекеттері процесінде өзара көмек көрсетуге, көмек үшін бір-біріне алғыс айта білуге тәрбиелеу;
13) еңбек әрекеттерін орындаған кезде бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |