Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы



бет210/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   289
Байланысты:
МДҰ оқу бағдарламасы

14-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы


      400. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

15-параграф. Сурет салу


      401. Мақсаты балаларды бейнелеу әрекетіне қатыстыру арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, қоршаған заттарды, табиғат нысандарын эстетикалық қабылдауды дамыту болып табылады.


      402. Міндеттері:


      1) сурет салуға эмоционалды әсер мен қызығушылық шақыру;



      2)қарапайым заттардың пішінін, түсін, бөліктерінің орналасуын бере отырып бейнелеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;



      3) қағаз бетінде бағдарлай білу: жоғарыда, төменде, ортасында, оң жағы мен сол жағы



      4) суреттерді шынайы нысандармен сәйкестеуге үйрету;



      5) сюжеттік бейнелерді (үлгі бойынша, ойындағысындай) құру;



      6) аппликация пен сурет салудың элементтері үйлескен бейнені құру;



      7) қазақ халқы мен басқа да халықтардың сәнді-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыруды жалғастыру;



      8) үстелде отырып жұмыс істеген кезде дұрыс қалыпты сақтай білуді бекіту, ұқыптылыққа және жұмыс орнынтаза ұстауға үйрету;



      9) өзінің жұмысын және құрдастарының жұмыстарын бағалай білуге үйрету;



      10) үлкендермен және құрдастарымен ынтымақтастықта болуға үйрету;



      11) ұжымда жұмыс істеу икемділіктерін қалыптастыру.


      403. "Сурет" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.


      404. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:


      1) сурет негізі;



      2) материалдар және құрал-саймандар.


      405. "Сурет негізі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:


      1) түзулер және түзу түрлері;



      2) пішін және пропорция;



      3) түс;



      4) композиция.


      406. "Материалдар және құрал-саймандар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:


      1) құрал-саймандармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері;



      2) еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын сақтау.


      407. Оқыту мақсаттарыныңжүйесі:


      26-кесте



1-бөлім. Суреттің негізі



Бөлімшелер



Оқыту мақсаттары



1.1 Сызықтар және түрлері



0.1.1.1 сызықтардың түрлерін (түзу, қисық, толқынды, тұйық, иір-иір, ирек) пайдалана отырып, қарапайым заттарды мен сұлбалардың суретін салу



0.1.1.2 әртүрлі сызықтардың көмегімен қарапайым сәндік өрнектерді және қазақ оюының элементтерінің суретін салу



1.2 Пішін және пропорция



0.1.2.1 біртұтас сюжеттік желіден сурет салуға арналған қарапайым заттарды/олардың бөліктерін бейнелеу үшін негізгі геометриялық пішіндерді пайдалану



0.1.2.2 көлемі бойынша әр түрлі бір текті заттарды, бөліктерді суретте симметриялық орналастыра отырып бейнелеу



0.1.2.3 геометриялық пішіндер мен өсімдіктік элементтерді өрнекте 1-2 элементтен кезектестіре отырып ырғақты орналастыру



1.3 Түс



0.1.3.1негізгі түстерді ажырату



1.4 Композиция



0.1.4.1 заттардың жерге, суға, аспанға қатысы бойынша, олардың пішінін, пропорциясын, заттарының және олардың бөліктерінің түстерін есепке ала отырып, заттардың кеңістіктік қатынасын бейнелеу



0.1.4.2 суреттегі бейненің көңіл-күйін жеткізу үшін үлгі бойынша қағаз фонын және түс үйлесімін таңдайды



      408. "Сызықтар және сызық түрлері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:



      1) сызықтың түрлерін (түзу, қисық, толқынды, тұйық, иір-иір, ирек) сала біледі;



      2) ою элементтерін ажырата алады; түзу сызықтардың түрлі үйлесімімен келтірілген қазақ оюларының элементтерін салады;



      3) қарапайым пішіндегі оюларды салады;



      4) түзу, қисық, толқынды, тұйық, иір-иір, ирек, жіңішке, жалпақ түзулерді, көлемі әртүрлі дөңгелектерді, жағындыларды, нүктелерді ырғақты орналастырады.


      409. "Пішін және пропорция" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) негізгі пішіндерді салады, пропорцияларды сақтайды;



      2) көлемі әртүрлі біртектізаттар мен бөліктерінің суретін салады;



      3) мұғалімнің көмегімен біртұтас сюжет желісімен сурет құрайды;



      4) ағаш бұтақтарына, жапырақты бұталарға қарап отырып суретін салады; гүлдердің суретін салады.


      410. "Түс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) негізгі түстерді сәйкестендіреді(қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ);



      2) үлгі бойынша қағаз түстігін таңдайды;



      3) колоритті беру үшін бояуларды үйлестіреді;



      4) негізгі түстерді ажыратады.


      411. "Композиция" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) мұғалімнің көмегімен заттардың болмысынан суреттер композицияларын құрастырады;



      2) үлгі бойынша оюлар мен өрнектер құрастырады;



      3) үлгі бойынша бейнелерді қағазда орналастырады;



      4) заттардың кеңістіктік қатынасын бере біледі: парақтың төменгі жағындағы бір жолақта, бүкіл парақта.



      27-кесте



2-бөлім. Материалдар және құрал-саймандар



Бөлімшелер



Оқыту мақсаттары



2.1 Құралдар-саймандармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері



0.2.1.1 қарындашпен, бормен саусақтарды ширықтырмай, қарындашты (борды) сәл еңкейте, жеңіл қимылмен бір бағытта, бейненің нобайынан шықпай, штрихты біркелкі етіп сала отырып сурет салу



0.2.1.2 жіңішке сызықтарды салғанда қылқаламды қағазға қарай сәл еңкейте, ал нүктені салғанда тік ұстау



0.2.1.3 жапырақтардың және гүлдердің суреттерін салғанда қылқаламды қағазға басу тәсілін пайдалану



0.2.1.4 суретті қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төмен жүргізе отырып бояу



0.2.1.5 үлгі бойынша сюжетке, композицияға, бейненің мөлшері мен түсіне тәуелді қажетті көркем материалдарды және құралдар-саймандарды таңдау



2.2 Құрал-саймандармен жұмыс барысында еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау



0.2.2.1 жұмыс процесінде жұмыс орны мен құралдарды тәртіпке келтіру, материалдарды үнемдеп пайдалану



0.2.2.2 үшкір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, жеке бас гигиена ережелерін орындау



      412. "Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:



      1) қарындаштарды (графитті және түрлі түсті), бояуларды (гуашь, акварель), борларды пайдаланады;



      2) қарындашпен саусақтарды ширықтырмай ұстап,сәл еңкейте, штрихтарды біркелкі етіп, жеңіл қимылмен бір бағытта, бейненің нобайынан шықпай сурет салады;



      3) қылқаламды бояуға жақсылап малу; қылқаламмен жалпақ және жіңішке сызықтарды салады; қылқаламды қағазға қарай қарай еңкейте ұстайды, жіңішке сызықтарды салғанда қылқаламды тік ұстайды;



      4) суретті бояғанда қылқаламды еңкейте ұстап бір бағытта солдан оңға жоғарыдан төмен қарай жүргізеді;



      5) қылқаламды қағаз бетіне жалпайта басу тәсілін қолданады.


      413. "Құрал-саймдармен жұмыс барысында еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) педагогтың нұсқауы бойынша тапсырманы орындаудың дәйектілігін жоспарлайды, қажетті материалдарды дайындайды;



      2) жұмыс процесінде жұмыс орны мен құралдарды өздігінен тәртіпке келтіреді: құрал-саймандардарды, қарындаштарды, бояуларды, қағаздарды орнына жинайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет