505. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны- қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
506. Мақсаты: нормалар мен ережелер негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру; тірі және өлі табиғат туралы білімдерін жетілдіру.
507. Міндеттері:
1) айналадағы нысаналармен, заттармен жинақталған өзара әрекеттесу тәжірибесін қолдана отырып, таныс жерлердегі тәртіп ережелері туралы түсініктерін қалптастыру;
2) ересектердің еңбегі, ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау ережелері туралы білімін толықтыру;
3) мамандықтар туралы білімін қалыптастыру;
4) тұрмыстық заттар туралы түсініктерін қалыптастыру;
5) әлеуметтік өмірдің нысаналары туралы түсінігін қалыптастыру;
6) үй-жай ішінде бағдарлай білуге үйрету;
7) қысқы ойындар туралы түсініктерін қалыптастыру;
8) психикалық үдерістерін дамыту: зейін, ес, ойлау;вербальді және вербальді емес қарым-қатынас құралдарын дамыту;
9) белсенді және енжар сөздік қорын жалпылау ұғымдарымен толықтыру;