Мектептегі әдістемелік жұмыс



Дата09.10.2022
өлшемі270,81 Kb.
#42041
Байланысты:
Presentation (5)

Мектептегі әдістемелік жұмыс

Жоспар:


Кіріспе Мектептегі әдістемелік жұмыстың мақсаты, міндеттері мен мазмұны.Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару механизмдер:

Кіріспе

  • Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі мәселелерді қамтиды: әдістемелік зерттеу, жаңа әлеуметтік сұранысты ескере отырып жұмыстардың бүгінгі жағдайын сараптау, қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қоя білу, жұмыс мазмұнын, түрлері мен әдістерін, мақсатқа жету жолдарын, мұғалімге диагностикалық зерттеудің нәтижелері негізінде нақты әдістемелік көмек беру, оқушының қызығушылығын арттыру, жұмыстардың орындалуын тексеру, бағалаудың және сараптаудың нәтижелерін жоспарлай білу

Мектептегі әдістемелік жұмыстың мақсаты, міндеттері мен мазмұны

  • Мектептің әдістемелік жұмысы мұғалімдердің – үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу-әдістемелік үдерісті жоғары деңгейге жеткізуге бағытталған. Ол оқу жылы бойы жүргізіледі және педагогтардың күнделікті тәжірибесімен байланыста орындалады.Мектептің әдістемелік жұмысының мақсаты – педагогтардың кәсіби білімдері мен біліктерін жетілдіру, педагогикалық шеберліктерін шыңдау, шығармашылықтарын дамыту, педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру

Мектептегі әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:

  • мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру;* мұғалімдердің теориялық және педагогикалық –психологиялық даярлық деңгейін көтеру;* оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың интерактивті формаларын, әдістерін, педагогикалық технологияларын ендіру;* мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;* өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;* педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бағалауға көмек көрсету* мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу.

Мектептің әдістемелік жұмысы мынадай қағидаларға негізделеді:

  • - мектепті қайта өзгертуді тәжірибе арқылы іске асыру, оның өмірмен байланысы, маңыздылығы;- ғылымилық – мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесінің қазіргі ғылым жетістіктеріне бағытталуы;- жүйелілік – жүйенің тұтастығы, яғни мақсат, міндет, мазмұн, әдіс-тәсілдердің, құралдардың тиімді нәтижеге бағытталуы;- кешенділік – әдістемелік жұмыстың өзара байланыста, бірлікте жүргізілуі;- бірізділік, сабақтастық, үздіксіздік – әдістемелік жұмыс- үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі;- шығармашылық сипаты, әр педагогтың белсенділігі;- шынайылық – мектеп пен педагогтардың шынайы мүмкіндіктерін негізге алу;- теория мен тәжірибенің байланысы;- ұтқырлығы- өзгермелі жағдайларға әдістемелік жұмысты икемдей білу;- ұжымдық сипаты;- әдістемелік жұмыс пен педагогтардың шығармашылық ізденісінің нәтижелігі.

Мұғалімнің әдістемелік жұмысының мазмұнын кәсіби-педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөліктері:

  • жалпы мәдени құрамәдіснамалық және зерттеу мәдениетікәсіби-адамгершілік және қарым-қатынас мәдениетідидактикалық және тәрбиелік мәдениеті.

Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлер:

  • Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формаларының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар:- білім саласындағы мемлекеттік саясат, заңдық актілер мен құжаттар;- тұлғалық және кәсіби-әрекеттік көрсеткіштерді диагностикалық өлшеу үдерісінде анықталған мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың әдістемелік сауаттылығы;- ұжымдағы моральдық-психологиялық климат, әдістемелік жұмысты жүргізудің материалдық-техникалық мүмкіндіктері;- мектеп ұжымындағы, мұғалімдер арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар, мұғалімдер мен басшылар арасындағы нақты жағдаяттар.

Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару механизмдер:

  • Мектептегі әдістемелік жұмысты басқарудың жоғары сатысы әдістемелік кеңес болып табылады. Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспараланады, екі айда бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңестен ерекшелігі – әдістемелік кеңестің функциясы – әр мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыру.Әдістемелік кеңес мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін арттырудың тактикасы мен стратегиясын жасайды, бірлестік, комиссиялар жұмысы жоспарларын талқылайды, мектептегі әдістемелік жұмыстың бағдарламасын жасайды.Әдістемелік кеңеске оқытудың түрлі сатысы мен түрлі бейінді пәндерді оқытатын тәжірибелі мұғалімдер кіреді. Кеңеске директордың оқу-тәрбие немесе ғылым ісі жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді.Мектеп директоры әдістемелік басқарудың бір түрі ретінде педагогикалық кеңесте оқу-әдістемелік жұмысының өзекті мәселелерін талқылаудағы қорытындыны, ғылым негіздерін оқытудың тақырыптық жағдайын және оқушылар білімінің сапасын зерттеудің бойынша бұйрық бере алады.

Мектептің әдістемелік жұмысын басқару негіздерін мынадай жүйеде көрсетуге болады:

  • талдау – мектептің оқу-әдістемелік үдерісінің нәтижесіне сараптама жасау;- бағалау- әдістемелік жұмыстың нәтижелеріне тиімді баға беру және келешегін бағдарлау.- бақылау – басқарудың бұқаралық және жариялық сипаты;- жоспарлау – басқарудың мақсаттылығы, мектеп алдындағы басқарудың бағытты жұмысы;- ұйымдастыру – әдістемелік жұмысты мотивациялық, мазмұндық және әрекеттілік негізде құру;

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСі.

  • Бәсекеге қабілетті білім беру деңгейіне қол жеткізу;-Педагогтердің кәсіби деңгейінің көрсеткішін анықтау және оның өсуі педагогикалық шеберлігінің жетілуі;-Педагогикалық шеберлігі шығармашылық және зерттеушілік әрекетінің шыңдалуы;-Авторлық бағдарлама мен технологияны меңгеру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • http://studopedia.org/9-199428.htmlПедагогикалық менеджмент. Панышина Т.В. 223-бетhttp://lib.kstu.kzhttp:// m.edu.mcfr.kzhttp:// main.tpkelbook.comhttp://wikipediahttp://kazmkpu.kz

Hазарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет