География пәнінің ерекшелігі сол – мұнда тарих, биология, экология,
физика, дүниетану, астрономия, сурет (сызу) пәндері бойынша білім
қамтылады. Пән мұғалімінің мақсаты – оқушыларды туған елін − Отанын
сүюге, оның табиғатын, жер қойнауындағы байлығын зерттеу, қадірлеп-
қастерлеуге тәрбиелеу.
6-сыныптағы «Гидросфера» тақырыбы бойынша сабақты мұғалім қазақтың
«Судың да сұрауы бар» деген мақалын қалай түсінесіңдер деген сауалмен
бастайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салады. «Қай мемлекет суға бай?
Қазақстан суға бай ма?» деген келесі сауал оқушылар арасында қарама-қарсы
ой тудырады. Балалардың пікірін тыңдап болғаннан кейін мұғалім жаңа сабақта
табиғаттағы су, оның қасиеттері туралы баяндайды.
Үйге тапсырма ретінде өзің тұратын жердегі өзен, көл туралы бір шумақ
өлең жазып келуді тапсыруға болады.
Тарауды
қорытындылау
сабағында
мұғалім
«Табиғатқа
саяхат»
тақырыбына жазатын шығарманың жоспарын балалармен бірге құрастырады:
– Менің туған өлкемнің табиғаты, өзен, көлдері.
– Бұлақтың көзін ашамыз.
– Өлкемдегі өзен, көлдердің байлығы.
– Менің табиғаттағы әрекеттерім.
Шығарманың қорытындысы бойынша әр оқушының іс-әрекетін бағалауға
болады.
Математика сабағын есеп шығартып, ереже жаттатумен шектелген
мұғалім еш уақытта оқушының пәнге қызығушылығын оята алмасы анық.
Түсіне білген адамға математика – қызық пән. Мұғалім сабақта ұлттық
ойындарды
ойнатуда,
жұмбақ
есептер
шығартуда
және
қызықты
тапсырмаларды
орындатуда
тәрбиенің
келесі
міндеттерін
шешеді:
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады, тез ойлауға, шапшаң
есептеуге
үйретеді,
ұжымдыққа, ептілікке баулиды;
қазақ
және
өзге
халықтардың ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауызбірлікке,
достыққа тәрбиелейді.
Бала ойынмен өсетінін жақсы түсінген ата-бабамыз бала тәрбиесінде
ұлттық ойынның небір түрін қолданған: құралайдың көзінен тигізетін мерген
болсын деген мақсатпен балаларға асық ату ойынын, епті де күшті болсын
деген ниетпен сақина алу, көкпар тарту т.б. ойындарды ойнатқан. Асық ату
ойынымен балалардың барлығы жақсы таныс болғандықтан, осы ойынды 9-
сыныптағы физика пәнінде «Импульстің сақталу заңы» тақырыбында есеп
шығаруда пайдалануға болады.
34
Оқушылардың бірқатар тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау
және жүйелеуге арналған сабақ орман алаңқайында, өзен немесе тоған басында,
жылдың әр мезгілінде кешкісін айлы аспан астында өтуі мүмкін. Бұл
оқушылардың табиғат туралы білімдерін тек кеңейтіп қана қоймайды, сонымен
бірге, бақылауға, қоршаған әлемді талдауға үйретеді.
Сабақ
мазмұнын
байытуға
және
оқу
сабақтарын,
саяхаттар,
конференцияларды
ұйымдастыру
тәсілдерін
түрлендіруге
жергілікті
кәсіпорындар мен шаруашылық мамандарын, мәдени орталықтар, кітапхана
қызметкерлерін, дәрігерлерді қатыстырудың ықпалы зор.
Мысалы, физика сабақтарына мектеп кітапханашысы белгілі ғалым-
физиктер туралы материалдар жинақтауы, физикалық викторина сұрақтарын
құрастыруы, техникалық әдебиетке шолу жасауы мүмкін.
Физиканы
оқытуда бірқатар тапсырмалар, мысалы, машиналар мен
механизмдердің құрылысы тақырыбы бойынша саяхаттарды жергілікті
кәсіпорындардың, техникалық парк мамандары өткізе алады. Оқушылар тек
өндірістік процестер және техниканың құрылысымен ғана емес, сонымен қатар
адамдармен, ұжымдық еңбек шарттарымен де танысады, ол кәсіптік қызметке
қызығушылық дамытады, еңбек адамын құрметтеуді тәрбиелейді.
Биология бойынша сабақтарда жергілікті агроном мәдени өсімдіктердің
биологиялық ерекшеліктерімен таныстырады, оларды өсіру технологияларын;
клиникалық зертхананың лаборанты немесе дәрігері қан элементтерінің
құрылысы қызметін және қанның химиялық құрамы мен құрылысын көрсете
алады; зоотехник оқушыларды ауылшаруашылығы жануарлары тұқымдары
селекциясының негізгі әдістері және алуантүрлілігімен таныстырады және т.б.
Сол сияқты, мұғалім мен оқушы арасында байланыс болмаған жағдайда
жұмыстың ешбір озық әдістері мақсатына жетпейді.
Ұсынылатын ережелер:
– оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білу және олармен
санасу;
– оқушының пікірін сыйлау;
– қателескені үшін емес, әрекетсіздігі үшін жазалау;
– оқушының нәтижелерін бұрынғы жетістіктерімен салыстыру;
– мүмкіндігінше проблеманы оқушының ата-анасымен емес, оның
өзімен шешу;
– қажет болса тұлғаның өзін емес, оның қылығын айыптау;
– қайтарған қате жауабы үшін жолдастарының мазақтау әрекетіне
тыйым салу;
– сабақтарда жайлылық пен тілектестік ахуалын жасау.
Мұғалімнің басты міндеті – оқушыға еркін, шығармашыл тұлға болуына
көмектесу. Ал, оқытуда қалыптасқан ішкі мотивация тәрбиенің, дамудың
тиімділігін арттырады.
|