Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12911
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Этностық-мәдени бiлiм − төл  мəдениет  пен  ана  тілін əлемдік  жəне  жалпы

мемлекеттік құндылықтармен қоса  игеру  арқылы  жеке  тұлғаның,  ұлт  пен

мемлекеттің этностық-мəдени сəйкестілігін сақтап, дамытуға бағытталған білім

[26].


Бұл білім беру жүйесінің негiзгi мiндеттерi ретiнде мыналар ұсынылады:

− көпмәдениеттi  тұлғаны  тәрбиелеу:  тұлғаның  өзiнiң төл  мәдениетiне  сай

болуына  және өзге  мәдениеттердi  игеруіне жағдайлар  жасау.  Мәдениеттер

алмасуына, олардың бiрiн-бiрi байытуына бағдар ұстау;

− көп тiлдi жеке адамды қалыптастыру: ана тiлiнде, мемлекеттiк және орыс

тiлдерiнде  еркiн ұғынысуға қабілеттi,  шетел  тілін  белгілі  бір  дәрежеде

меңгерген азаматтарды даярлау.

Аталмыш  екі  білім  беру  жүйелерінің мақсат-міндетінің негізінен  ортақ

екендігіне 

байланысты

ғылыми-педагогикалық 

әдебиетте 

«этно-

көпмәдениетті білім» ұғымы да қолданылады.

Бiлiм  беру

ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тiлдiк  мүдделердi

жүзеге асырудың құралы ретiнде мынадай басты төрт функцияны атқаруға тиiс:

таратушылық  (этностық-ұлттық  қоғамдастықтың



тұтастығы  мен

жаңғыруын қамтамасыз ету);

− дамытушылық (ұлттық сананы қалыптастыру және дамыту);

саралаушылық 



(адамның,

этностық


топтардың 

ұлттық-мәдени

қажеттiлiктерiн айқындау);



64

− ынтымақтастырушылық  (мәдениеттердiң  өзара  бiрлiгiн, өзара  кiрiгуiн,

өзара  байытуын,  жеке  тұлғаның  әлемдiк  және ұлттық мәдениет  жүйесiне

бойлауын қамтамасыз ету).

Бiлiмдi адам ғана тарихи және мәдени дәстүрлердi ұстана алады. Ол өзiнiң

белгiлi  бiр қауымдастық пен  халыққа қатыстылығын  сезiнедi,  оның бойында

мәдени қажеттiлiктер:  адамгершiлiкке,  ойлы  iс-әрекетке,  сұлулыққа,  жоғары-

рухани бастауларға құлшыныс қалыптасады.

Бiлiм берудiң тағы бiр талабы – өзге мәдениеттi түсiну және қабылдай бiлу.

Мәдениеттердiң  өзара  байланысы,  бiр-бiрiне  ықпалдастығы  жағдайында ғана

әрбiр жекелеген мәдениеттiң принциптерi мен ерекшелiктерi айқын танылады.

Көпмәдениеттілік және этностық-мәдени бiлiм идеясын қабылдау – мәдени

және  лингвистикалық плюрализм  идеясына  негiзделген,  бiлiмдi  техникалық

және  ақпараттық жағынан  байытудың  әлемдiк  деңгейiн  дәстүрлi  мәдени

құндылықтармен үйлестiретiн оқыту мен тәрбиелеудiң ұлттық жүйесiн құруды

бiлдiредi.

Білім  беру – ұлттық сананы қалыптастыру  мен  дамытудың, мəдени-

этностық, тілдік  мүдделерді қанағаттандырудың бірден-бір құралы.  Мектеп –

қай халықтың болмасын ұлт ретінде жойылып кетуден қорғаны, төл мəдениеті,

тілі мен салт-дəстүрін сақтап, одан əрі дамытудың алтын көпірі.

Қазақ мектебі  халқымызды  басқаларға  сіңісіп  кетуден  сақтау,  тіліміз  бен

ділімізді қорғап,  дамытумен қатар  жалпыадамзаттық  құндылықтардың төл

мəдениетімізден  көрініс  табуына, ұлттық асылдарымыздың əлемдік өркениетті

байытып, оған ерекше қазақы рең қосуына қызмет етуі керек.

Ендеше Қазақстан үшін  білім  мазмұнын  жаһандану  мен  ақпараттық

өркениеттің талаптарына  лайықтап,  жаңа  педагогикалық технология  мен

инновациялық  қызметтің əлемдік  деңгейін қамтамасыз  ете  отырып,  оны қазақ

халқының  ұлттық рухани құндылықтарымен үйлестіре  оқытып,  тəрбиелейтін

этностық-мəдени  білім  жүйесін  дамыту  бүгінгі  күннің келелі  мəселесі  екендігі

түсінікті.

Білім  беру  жүйесінен  тікелей  оқу  орындарына  көшетін  болсақ,  қазақ

мектебі де аса маңызды төрт қызметті атқаруы керек:



Дидактикалық қызмет. Халқымыздың мың жылдан асатын философиясын,

тарихын, мəдениеті мен əдебиетін жас ұрпақ ең алдымен оқу процесінде игеруі

керек,  бұл  мəселелерді үйірмелік  не  сыныптан  тыс  жұмысқа  жүктеп қоюға

болмайды. Бізге, ең алдымен, сапалы білім керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет