тәрбиеленушілердің дамытушы өзара іс-әрекеті аталатыны белгілі.
қамтамасыз ету педагогикалық процестің басты мәнін құрайды.
жүретін жүйенің компоненттері болып табылады.
элементтерін қалыптастырудың нақты міндеттерінен тұрады.
тәрбие әдістері), педагогикалық процестің құралдары, мақсаты және нәтижесі.
10
саналады. Олар өз кезегінде, басқа, анағұрлым ұсақ құрамдастарға бөлінеді.
Мысалы, оқыту процесі – оқытуға және оқуға т.б. Оқыту және тәрбие
атқарымдағы
педагогикалық
жүйенің
жүйеасты
құрылымы
ретінде
қарастырылуы мүмкін. Олардың қызметі ортақ (білім беру, тәрбиелеу, дамыту),
бірінші жағдайда – білім беру, екінші жағдайда – тәрбиелеу басымдықта.
Оқыту процесі атқарымдағы дидактикалық жүйе болып саналады. Онда
педагогикалық жүйенің барлық компоненттері іске қосылған. Олардың
әрқайсысы қарастыру заты болуы мүмкін, берілген жағдайда бұл оқыту
құралдары. Тұтас педагогикалық процестегі барлық компоненттер бір-бірімен
өзара байланысты. Егер процесс қандай да бір теория немесе тұжырымдама
негізінде ұйымдастырылған жағдайда олардың тиімділігі жеке алғанда, сондай-
ақ жүйе ішінде артады. Оқыту, атқарымдағы дидактикалық жүйе ретінде, білім
алушылардың оқу қызметін ұйымдастыру жүйесін білдіреді. Осы тұжырымды
тұрғы оқыту процесіне, сонымен қатар оның әрбір құрамдасына таратылады.
Тәрбие, оқыту және дамыту білім берудің тең құрамдастары болып
саналады. Соңғы компонентке назар аудару қажет, ол алдыңғы екеуінің шегінде
тұрып, соларға тән сипаттарға ие болады, себебі дамыта оқыту процесінде білім
алушылардың жаңа тұлғалық қасиеттері тәрбиеленеді. Бұл шартты түрде бөлу,
өйткені практикада білім беру салаларының барлығы өзара тығыз байланысты.
Оқыту мен тәрбиенің ұйымдастыру, түрлері мен әдістері өзіндік ерекшеліктері
болғандықтан, тәрбие мәнін, оның мағынасын, мақсаты мен міндеттерін біздің
елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық түрленуі контексінде сезінуін түсіндіру
үшін осы педагогикалық категорияны жеке қарастыру қажет.
Білім беруді реформалауға және білім беру парадигмаларының алмасуына
байланысты тәрбие проблемасы білім берудің барлық сатыларында ерекше
өткір тұр. Мектеп өмірінің заманауи шынайылықтары кеңестік дәуірден кейінгі
білім беру кеңістігінде тәрбие компоненті ескі жүйенің рудиментті қалдығы
сияқты ретінде өз маңыздылығын жойғанын дәлелдеп отыр, ал тәрбиенің жаңа
парадигмасы енді ғана құралуда және жаңа аксиологиялық мәнге ие болуда.
Осы
шектес
жағдаятта
тәрбие
процестері
негізінен
педагогтардың,
кураторлардың еріктері мен шеберліктеріне, әкімшіліктің бастамасы мен нақты
оқу орнының дәстүрлеріне байланысты.
Алайда, тәрбие
құндылықтары, оның
деңгейі,
өлшемдері
баянды
құндылықтар болып табылатынын баса айту қажет.
Біз келесі жағдайлар адамның тәрбиелілік өлшемдері болып қызмет етеді
деп санаймыз:
– жалпыадамдық гуманистік доминанттарды меңгеру деңгейі;
– әлеуметтік және кәсіптік қызметтің, тұлғалық бағалау мен қылықтардың
негізі ретінде қоғамның этикалық нормалары мен этикалық құндылықтарын
меңгеру;
– тұлғаның тәрбие процесінде алған қасиеттерінің деңгейі мен иерархиясы.
Тәрбие, екіжақты процесс (тәрбиеші – тәрбие субъектісі) бола тұра, тәрбие
субъектісінің немесе субъектілерінің дербес бастамалары өзін өзі тәрбиелеу
11
әрекеті арқылы нәтижелі болған кезде тәрбиеші бастамасы акценттерінің
серіктестік арқылы өзін өзі тәрбиелеуге ығысуын болжайды.
Е.В. Бондаревскаяның пікірінше тәрбие мақсаты – тұтас мәдениет адамын
қалыптастыру (А қосымшасы).
Достарыңызбен бөлісу: