Билет №27 Мұғалімге оқушының ата-анасы келіп, «Менің балам өте тұйық, ешқашан бізге өзі, достары, мектеп туралы айтпайды. Отбасымыздың тұрмысы жақсы... Неге менің балам көпшіліктен тысқары жүреді?» - деп сұрады.
- Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады?
- Сіздің іс-әрекетіңіз.
Билет №28 «Өмір және қарым-қатынас құндылығы» атты этикалық проблема тәрбие сағатында талқылануда. Бір оқушы сынып жетекшісіне қарап: «Он жеті жасар адамға не маңызды? Квадраттық теңдеуді шешу, бензол формуласын білу ме, әлде жақсы жұмыс табу, қызбен танысу, отбасын құруды игеру ме?»- деп сұрайды. Айтылған пікірді соңына дейін жеткізіп, өзіңіздің шешіміңізді хабарлаңыз.
Билет №29 Жоғары сыныптың оқушысы мектепке бара жатқан бірінші сынып оқушысының ақшасын тартып алды. Жәбірленген оқушы сабақтан кейін болған жағдайды ағасына айтты, ертеңіне ағасы бопсалаушы оқушыны ұрып, арты төбелеске ұласты.
- Осы жағдайға қалай ықпал етуге болатын еді. Өз әрекетіңізді талдаңыз.
Билет №30 Болашақтың мектебі қандай болу керек деп ойлайсыз?
Өзіңіздің нұсқаңыз
- Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)