2.1. Мектеп туралы жалпы ақпарат. М.Тынышбаев атындағы орта мектеп бойынша 22 класс комплектісінде – 286, мектеп жанындағы шағын орталықта 50 бала білім алуда. Мектепте оқу-тәрбие жұмысына 45 педагог қызметкер тартылған. Олардың 90% жоғарғы білімді мамандар. Білім беру секторы – барлық елдердің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Білім беру үрдісін реформалаудың, мамандарды даярлаудың барлық денгейлері мен бағытын қамтуы инновациялық қызмет үшін, білім берудің барлық түрлерінің материалдық- техникалық және әдістемелік базасын ұлғайту шаралары іске асырылуда.
Мектеп 1 ауысымда жұмыс жасайды. Мектепте 2008 жылы 1 мультимедиялық кабинет, 1 интерактивті тақталы кабинет жабдықталды. 2020 жылы мектептегі компьютерлердің 12 пайызы жаңартылды. Мектеп мұғалімдерінің 40% компьютерлік техникамен жұмыс жасауға қол жеткізді. Физика, химия, биология кабинеттері қазіргі заман талабына сай құралдармен қамтылмаған, зертханалық сабақ, сарамандық жұмыстар жүргізуге қажетті құрал‑жабдықтар қарастырылмаған. Мектепте соңғы 3 жылда оқушы парталарының 40 % жаңартылған. оқытушылардың орта жасы;
Мектептің режимі ‑ бем күндік.
Мектепте спорт залы типтік жқбада. Спорттық құрал‑жабдықтардың 50% 2009 жылы жаңартылды. Мектеп жанында футбол, баскетбол, волейбол алаңдары және ұзындығы 250 метрлік жүгіру «сызығы» бар. Мектепте типтік жобадағы 140 орындық акт залы бар. Мектеп кітапханасында оқулық әдеби кітаптар бар. Кітапхана 2008 жылдан бері кітапқа толықтырылды. Медициналық кабинет талапқа сай жабдықталған.
Мектеп оқушылары тарапынан соңғы оқу жылы бойынша құқық бұзушылық болған жоқ.
ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша соңғы үш жылда білім сапасы көтерілді. 2019-2020 оқу жылындағы орташа ұпай көрсеткіші 57.54, 2007-2008 оқу жылы – 60.2, 2008-2009 оқу жылы 79.3. 2007-2008 оқу жылы мектеп бітірушілердің 21.7%, 2008-2009 оқу жылы 27% мемлекеттік грант иегері атанды.
Мектеп ұжымының ауызбіршілігімен ынтымақ бірлігі жақсы қалыптасқан. Мұғалімдердің басым көпшілігі өз пәнін жетік біледі, өз мамандықтарына, өз ісіне шын берілген пәні бойынша білімдерін үзбей көтеріп отырады. Білім сайыстарына қатысады, ғылыми жұмыстарымен айналысады.
2010 жылы мектепке барлығы 60 млн 912 мың теңге қаралып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 26 %-ға өсіп отыр.