Мәліметтер қорын құру (кестелерді және олардың арасындағы байланысты)



Дата25.04.2023
өлшемі48,9 Kb.
#86469
Байланысты:
М ліметтер орын ру (кестелерді ж не оларды арасында ы байлан


Access жобасын құру

Мәліметтер қорын құру (кестелерді және олардың арасындағы байланысты)

Access мәліметтер қорының бірінші терезесін ашқанда, әрқашан Кесте беті ағымды бет болады және экранға кестені құру режимдерінің тізімін шығарады:

Кестені конструктор режимінде құру;
Кестені мастер арқылы құру;
Кестені мәліметтерді енгізу арқылы құру
Жаңа кестені құру үшін осы режимдерің кез-келгенін таңдауға болады.Кестелер мен өрістердің үлгілерін анықтау үшін Кесте Мастерін таңдауға болады. Стандартты кестені құру үшін кестені құру Конструкторын пайдаланған дұрыс. Кестені құру режимі мәліметтерді енгізу жолымен кестені құру, негізінен алдын-ала құралған кестеге мәліметтерді енгізу арқылы іске асады.

Еске түсірсек, Access бір типті мәліметтердің жиынтығымен ортақ тақырыпта жинақталған кестелер.Сақталу барысында қайталану болмас үшін, әр бір бөлікке бөлек кесте тағайындалады. Кестелер жазулардан және өрістерден тұрады. Жазулардаға өрістер саны жобалау барысында анықталады, сондықтан кестені құрмас бұрын Access қосымшасының көмегімен нақты оның құрылымын ұсыну керек.

Өрістің көлемі мен түрі пайдаланушымен анықталады. Өрістердің өлшемінөте кіші қылса, онда артық бос орын болып, МҚ жады мағынасыз шығындалады. Кестелердің арысында байланыс құру үшін олардың кілттік өрісі болуы керек, сондықтан әр бір кестеге кілттік өріс тағайындау керек.

Конструктор режимінде бастапқы кілтті беру үшін саймандар тақтасында орналасқан «Кілттік өріс» пиктограммасына шертіп керекті өрісті белгілеп алу керек. Конструктор режимінде сыртқы (Екінші) кілтті тағайындау үшін өрісті және жолдағы осы өрістің қасиеттер аумағында Индекстеу жолында тізімнен Ия мәнін таңдау керек (Сәйкестік бола береді).

Кестені құрудың керекті режимді таңдау үшін режимдер тізімінде оның біреуіне апарып екі мәрте шертеміз, қажет режим ашылады. Бұдан бөлек МҚ-ң терезесінде «Құру» пиктограммасын шерткенде келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 9.1) «Жаңа кесте», осыдан кестені құруға қажет режимді таңдаймыз.

Сурет 9.1. «Жаңа кесте» сұхбат терезесі

Кестені құру мастері режимін таңдағаннан кейін кестелер және өрістер үлгілері арқылы жаңа кестені құруға оңай болатын (Сурет 9.2) «Кестені құру» терезесі ашылады.

Сурет 9.2. «Кестені құру» сұхбат терезесі

Бірақта «Кестені құру» терезесінде керекті үлгі болмаса, Конструктор режимін таңдаймыз, Конструктор терезесі ашылады. (Сурет 9.3)

Сурет 9.3. «Кесте Конструкторы» сұхбат терезесі

Кестенің құрамы (құрылымы) үш бағандардан тұратын жобаның аумағында анықтайды:

Өріс аты;
Мәліметтер типі;
Сипаттама.
Мәліметтер типін ашылған тізімнен таңдау қажет:

Мәтіндік – алфавиттік–сандық мәліметтер (255 байтқа дейін)
МЕМО өрісі–ұзақ мәтін немесе сандар, мысалы, ескерту немесе сипаттама (64000 байтқа дейін)
Сандық–мәтін немесе мәтіндер комбинациясы және сандық (1, 2, 4 сақтайды немесе 8 байт)
Сағат/уақыт – мерзім және уақыт (8 байт)
Ақшалық –ақшалық мәндер үшін пайдаланылады (8 байттысақтайды)
Санауыш – дәйектілерді автоматты түрде қою (1 улкейетін) немесе жазуларды қосқанда әр түрлі сандардан (4 байт)
Логикалық– мүмкін болатын «Ия/Жоқ» мәндерінің біреуін ғана қабылдайтын мәліметтер (1 бит)
OLE объектісінің өрісі – келесі объектілерді қою үшін: суреттер, кескіндер, диаграммалар және т.б. (1 Гбайтқа дейін)
Гиперсілтеме – файлға автономдық компьютерде немесе желідегі файлдың адресіне сілтеме (64 000 таңбаға дейін сақтайды)
Кестелер және сұраныстар тізімінің ашылу батырмасын басыңыз және деректер базасының кестелер тізімінен есеп беруді құратын кестені таңдаңыз. Мұнда Қатынау өрістері (Доступное поля) тізімінде таңдалған кестенің барлық өрістерінің тізімі беріледі. Берілген тізімнен Таңдалған өрістер тізіміне құрылар есеп беруге орналастыратын өрістерді апарыңыз. Өрістерді таңдауды аяқтап, келесі қадамға көшу үшін Далее батырмасын басыңыз.
Шебер көмегімен есеп беруді құрудың екінші қадамында қандай да бір өрістердің бірінде деректерді топтаудың қажеті бар жоғын анықтау керек. MS Access деректерді топтау нұсқасын ұсынады. Ұсынылған нұсқаны пайдаланасыз немесе сұхбат терезесіндегі батырмаларды пайдаланып, өзіңіздің нұсқаны қолданасыз, MS Access топтаудың 10 деңгейіне дейін мүмкіндік беретінін есте сақтаңыз:


 

Батырма

Орындалатын әрекет



Топтау жақтауына өрісті қосады




Топтау жақтауына өрісті жояды





Өрістердің топтау жақтауында ерекшеленген топтау деңгейін жоғарылатады





Өрістердің топтау жақтауында ерекшеленген топтау деңгейін төмендетеді




 
Деректерді топтауды орнатып болған соң, топтау аралығын өзгертуге болады. Ол үшін Группировка батырмасын басыңыз.
Келесі сұхбат терезесінде есеп берудің жазбаларды сұрыптау ретін беріңіз. Егер есеп беруде қорытынды өрістерді ұйымдастырғыңыз келсе, сұхбат терезесінің батырмасын басыңыз да, ашылған «Қорытындылар» сұхбат терезесінде ұсынылған өрістер үшін қорытынды есептеулер түрін анықтайтын тиісті жалаушаларды орнатыңыз. Сосын сұрыптау терезесіне қайта келу үшін Назад батырмасын басыңыз.
Шебер көмегімен есеп беруді құрудың келесі екі қадамында есеп беру макетінің түрін және безендіру стилін анықтау керек.
Соңғы қадамда есеп берудің атын беріп, есеп берумен әрі қарай жұмыс істеу үшін екі нұсқаның бірін таңдаңыз:
Есеп беруді көру;


Есеп беру құрылымының өзгеруі.

 


52-сурет. Есеп берудің топтау деңгейін таңдау үшін сұхбат терезесі (2-қадам).




 


53-сурет. Есеп берудег жазбаларды сорттау тәртібін таңдау үшін сұхбат терезесі




(3-қадам).

 


54-сурет. Есеп беру үшін макет түрін таңдау сұхбат терезесі (4-қадам).




 


MS Access-те экранда құрылған есеп беруді көруге арналған құралдардың көп жиыны бар. Өз қалауыңызбен кез келгенін пайдалануыңызға болады:
Негізгі менюдің Файл │Предварительный просмотр командасы
Контекстік менюдің Предварительный просмотр командасы
«Деректер базасы» саймандар панелінің Просмотр батырмасы
Деректер базасының терезесінде есеп беруді көру үшін қажетті есеп берудің атын ерекшелеп просмотр батырмасын басу жеткілікті.


Есеп беруді көруде саймандар панелінің батырмаларын және көру терезесінің төменгі жағында орналасқан беті бойынша ауыстыру батырмаларын пайдаланасыз:

Батырма

Қызметі




Есеп беруді басуға шығарады





Есеп беруді бейнелеудің масштабын өзгертеді





Есеп берудің бір бетін көру режиміне көшеді





Есеп берудің екі бетін көру режиміне көшеді





Есеп берудің бірнеше бетін көру режиміне көшеді





Есеп беруді бейнелеудің масштабын орнатады





Есеп беруді көру терезесін жабады



Есеп беру конструкторы терезесінен немесе деректер базасының терезесінен құрылған есеп беруді басу үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланамыз:
Файл │Печать командасын орындаңыз. Баспа параметрлерін беретін «Баспа» сұхбат терезесі ашылады.
MS Access саймандар панелінде Печать батырмасын басыңыз. Бұл жағдайда есеп беру ағымдағы орнатылуымен баспаға шығарылады.
«Баспа» сұхбат терезесінде басқыңыз келетін бет номерімен көшірме санын көрсетіп, файлға баспа режимін таңдай аласыз. Басып шығарылатын бет номерін беру үшін сұхбат терезесінің төменгі сол жақ бұрышындағы «басу» аймағында беттер опциясын орнатыңыз. С: енгізу өрісінде басылатын беттердің біріншісін, ал По: енгізу өрісінде басылатын беттердің соңғысын көрсетіңіз.
Басылатын көшірмелер санын беру үшін Көшірме саны санаушының көмегімен «Көшірмелер» аймағына тиісті мәнді орнатыңыз.
Баспа бағдарын беру үшін «Баспа» сұхбат терезесінің Свойства батырмасын басқанда ашылатын Кітаптық (Portrait) және Альбомдық (Landscape) опциялары пайдаланылады.
Бет бағдарын өзгерту қосымша нәтижеге әкеліп соғуы мүмкін, мысалы, өріс екі беттің арасында қалады. Егер беттің орналасуын өзгертсеңіз, есеп беруіңіз қалай тұрғанын көру үшін «Алдан ала көру» терезесін ашамыз.


Бет өрістерінің мөлшерін өзгерту үшін «Баспа» сұхбат терезесінің Настройка батырмасын басқанда ашылатын «Бет параметрлері» сұхбат терезесі пайдаланылады. Ашылған сұхбат терезесінің «Өрістер» жапсырмасына көшіп, өзгерткіңіз келген бет өрісінің мәнін ерекшелеп, орнатылған өзгерту бірліктерін (дюймдер немесе миллиметрлер) ескеріп, жаңа мәнді енгізіңіз.

MS Access-тің есеп объектісі деп ДБ-дағы деректерді қолданушыға қажетті мәліметтерді басып шығаруға дайындалған есеп құжатын айтамыз. Форма мен есеп объектілерінің құрылымдары ұқсас, яғни формада айтылған мәліметтердің көбі есеп объектісі үшін де орынды. Есеп құру кезінде жұмыстың басым көпшілігі оның Конструктор режимінде орындалады. Есеп құрылғаннан кейін оны баспаға басып шығаруға болады. ДҚ терезесінде Есеп жапсырмасы мен Құру батырмасын шерткенде пайда болатын Жаңа есеп терезесінде есеп құру тәсілдерін қарастырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет