Қолданушы PGP бағдарламасымен хабарламасын шифрлаған кезде, онда бағдарлама ең алдымен мәтінді сығады, бұл яғни хабарлама шифрлануының сенімділігі артып және модем арқылы хабарламаны жіберген кезде уақытты қысқартуға көмегі болады.
Деректердің барлығы шифрланып болған соң, қабылдаушыға шифрланған мәтінмен бірге, қабылдаушының көпшілік кілті арқылы шифрланған сессиялық кілтте бірге жіберіледі
PGP-де өзара бір-бірімен байланысқан екі кілт қолданылады: ашық және жабық. Жабық кілтке рұқсат тек сіз ғана ие бола аласыз, ал өзіңіздің ашық кілтіңізді сіз өзара тілшілеріңіз арасында таратасыз.
PGP-ді қолданушы екі кілт жұбын құрады: ашық және жабық кілт. Кілттерді түрлендірген кезде, олардың иесі қойылады (аты және электорондық поштасының мекен-жайы), кілттің түрі, кілттің ұзындығы және оның әрекетінің мерзімі.
PGP кілтттің үш үлгісін қолдайды: RSA v4, RSA legacy(v3) және Diffie - Hellman/DSS (GnuPG терминологиясында Elgamal). Кілттердің өзі тұрақты дискідегі кілттік контейнерде сақталады. Кілттік контейнерді қорғауға құпия сөйлем қолданылады.