Шығыс Түрік қағанаты
|
Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты.
|
682 - 744 жж
Күлтегін 684-731 жж
Білге қаған 717-734 жж
|
Шығыс Түрік қағанаты Қытаймен жүргізген қиян-кесті соғыстың нәтижесінде 682 жылы Моңғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді. Алғашқы қаған Елтеріс атанған Құтлық, одан кейінгі Қапаған Қағандардың тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды.
|
731 жылы Күлтегін, көп ұзамай Білге дүние салды. Орхон өзені маңында Білге мен Күлтегінге арналып құлпытастар орнатылды. Бұл құлпытастар Түрік қағанаты тарихының жылнамасы болып есептеледі
|