Сақ патшайымы Томирис пен парсы патшасы Кир арасында
Патшайымның баласы Спаргапис жаудың қулығына ілініп, торуылға түсiп қалды. Баласының қайтыс болғанын естiп, Томирис көп әскермен Кирді жеңіліске ұшыратып, өлтіреді
Сақ пен парсы соғысы Б.з.б.
519-518 жж
Сырдария бойы
Скунха көсемі басқарған сақтар мен парсы патшасы І Дарий әскерлері
Скунха соғыста жеңiлiп, парсы әскерi Сырдариядан өтедi. Алайда сақ батыры Шыраққа алданып, оның соңынан сусыз шөлге еріп адасқан парсы шапқыншы әскерлерi шөлден қырылады. I Дарий көптеген әскерiнен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды.
Марафон шайқасы Б.з.б. 490 ж.
Грекия
парсы + сақ жауынгерлерi гректерге қарсы соғысты
Сақ пен гректер Б.з.б.
330–327 жж.
Самарқан маңы
Спитамен басқарған сақтар мен А.Македонскийдің грек-македон әскерлері
А.Македонскийдiң Сырдарияның арғы жағын мекендейтiн сақ тайпаларын бағындыру үшiн жасаған жорыѕы сәтсiз аяқталды. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретiн жолын бөгеп тастады.
Каталаун шайқасы 451 жылы
Галлияда
Ғұн Атилла мен рим+франк әскері
Ғұн Атилла жеңді
Орта ғасырлар Қазақстан тарихында болған шайқастар (1-бөлім)
Жыл
Жер
Тараптар
Нәтиже
552 ж.
Түріктердің Бумын қағаны мен Жужан қағаны Анағуй
Бумын жеңіп, Түрік қағанаты құрылады
737 ж.
Тоқарстан шайқасы
Түргештер + қарлұқтар - арабтарға қарсы
Арабтар жеңілді
751 ж.
Атлах шайқасы Тараз маңы
Қарлұқ, түргеш пен арабтар Қытайға қарсы
Қытайлықтар Жетісуды тастап кетті
1141 ж.
Қатуан шайқасы Самарқанға жақын жерде
Қарахан + салжұқтар – қарақытайларға қарсы
Қарақытайлар жеңеді
1201 ж.
Соғақ суаты шайқасы Монғолия
Қырғыз , меркіт, наймандар –Шыңғысхан әскеріне қарсы
Шыңғысхан жеңеді
1365 ж.
22.06
«Батпақ шайқасы» Ташкент маңында
Моғолстан ханы Ілияс- Қожа мен Әмір Темір арасында
Ілияс-Қожа жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады
1376 ж.
Атбасы шайқасы Мауараннахр
Моғолстан қолбасшысы Қамар ад-дин мен Әмір Темір
Әмір Темір жеңеді
1380 ж.
8.09
Куликово шайқасы
Мамайбасқарған Алтын Орда әскері мен Дмитрий Доской басқарған орыс әскері
Орыс әскері жеңеді
1391 ж.
18.06
Құндызша шайқасы Моғолстан
Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында
Әмір Темір жеңеді
1395 ж.
Терек шайқасы Кавказ жерінде
Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында
Әмір Темір жеңеді
Орта ғасырлар Қазақстан тарихында болған шайқастар (2-бөлім)
Жыл
Жер
Тараптар
Нәтиже
1431 жылы
Екіретүп шайқасы
Әбілқайыр хан мен Тоқа-Темір ұрпақтары
Әбілқайыр жеңіске жетеді
1446 жылы
Атбасар шайқасы
Әбілқайыр хан мен Мұстафа хан
Әбілқайыр жеңіске жетеді
1456-1457 жж
Сығанақ шайқасы
Үз-Темір тайшы басқарған ойраттар мен Әбілқайыр хан
Әбілқайыр жеңіледі
1603 жылы
Айғыржар шайқасы
Алғашқы қазақ-бұқар шайқасы
Қазақ әскері жеңді
1611 жылы
Ташкент түбінде
Имамқұли хан басқарған бұхарлықтар мен Есім хан басқарған қазақтар арасында
Есім хан жеңіске жетеді
1627 жыл
«Қатаған қырғыны» Ташкентте
Қазақ хандары Есім хан мен Тұрсын хан арасында
Есім хан Тұрсын ханды Қатаған руымен
бірге жазалайды
1643 жылы
Орбұлақ шайқасы
50 мыңдық жоңғар әскері мен Салқам Жәңгір бастаған
600 қазақ әскері
Салқам Жәңгір жеңді.
Қазақстанның XIV-XVғасырлардағы рухани мәдениеті 1. XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілер «Құламерген», «Жоямерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ертөстік», «Керқұла атты Кендебай» 2. Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр: «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Орақ –Мамай» 3. XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен
ауызша поэзия өкілдері: Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы 4. XIV-XV ғасырлар аралығында ауызша әдебиетпен қатар дами бастаған жазбаша әдебиетінің қыпшақ тілінде жазылған туындылары: «Кодекс Куманикус», «Оғызнама» 5. XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: «Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр» 6. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар:
«Жошы ханның жортуы», «Ақсақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш» 7. Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз:«Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіқарақшы» Қазақстанның ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы мәдениеті 1. XVI-XVІІ ғасырларда халық арасына кең тараған қазақ ертегілері: «Ертөстік», «Құламерген», «Алтын сақа», «Аламан мен Жоламан», «Асан Қайғы», «Қарамерген» 2. Елін қорғаған ел бейнесі көркем тілмен кестеленген дастандар (батырлар жырлары): «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», «Төрехан» , «Телағыс», «Құбағұл» 3. Халық тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері кең көлемде көрініс тапқан лирикалық-эпостық жырлар: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек», «Күлшеқыз», «Мақпалқыз» 4. ХV ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар дербес тілге айналды. Тіл ғылымы зерттеушілердің айтуына қарағанда,
«Едіге», «Ер Сайын» жырлары алшындар арқылы,
«Ер Көкше», «Базар Батыр» поэмалары керейлер тілінде,
«Талас ескерткіштері» дулат-үйсін тілінде,
«Наһжи әл Фарадис» кердері тілінде,
«Кодекс Куманикус» қыпшақ тілінде жазылып, қазақ халқының арасына тарапты.
ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы тарихи шығармалар
Автор
Еңбегі
Қысқаша мазмұны
Мұхаммед Хайдар Дулати (Жетісуды билеген Поладшы Дулатидің 7-ші ұрпағы)
«Тарих-и Рашиди» (1541-1546жж.
Кашмирде)
ХV-ХVІІ ғғ-ғы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жайлы құнды деректер бар. Қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылады
Қадырғали Жалайыри
(1530-1605жж)
«Жылнамалар жинағы» («Жами ат –тауарих»)
1600-1602жж. кітап қазақ тілінде араб әліпбиімен жазылған.
1854 ж. Қазан қаласында баспадан шығады
ХV-ХVІІ ғғ. қазақ тарихы жайындағы өте маңызды шығарма. ХVІ-ХVІІ ғ-дың тарихи шежіресі, әдебиет пен тіл ескерткіші, әрі Ораз Мұхамедтің даңқын жырлаған туынды.
Өтеміс қажы
«Шыңғыснама»
ХVІ ғасырдың орта шенінде жазылған. Еңбектегі кездесетін аса бір құнды хабар – осы уақытқа дейін өлімі аңыз болып жүрген Жошы хан туралы дерек.
Шах –Махмұд Шорас
«Тарих» («Хроника»)
Қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір кезіндегі қазақ моғол қарым-қатынастарының тарихы баяндалады
Масуд ибн Усман
«Тарих-и Абулхайр-хани»
Көшпелі өзбектер ханы Әбілқайырдың тарихы айтылады
Әбілғазы хан
(1603-1664жж. Жошы ханның ұрпағы, Хорезм ханы Арабмұхаммедтің ұлы)
«Түрікмен шежіресі» және
«Түрік шежіресі»
Сәйкесінше 1661 ж және 1665 ж жазған(ұлы аяқтады)
Түркітануда және Қазақстан тарихын оқып білуде өте құнды саналады. Еңбектерi шежiрелiк сипатта жазылған. Түркi дәуiрiнен бастап, Шыңғыстың ұрпақтарының тарихын, Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс елдерiнде болған iрi тарихи оқиғаларды қамтыған.